
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті
Т.К. Бәсенов атындағы сәулет және құрылыс институты
Құрылыс кафедрасы
Оқу практика жайлы есептеме
Алматы Құрылыс – техникалық колледжі
ЖШС «KNAUF»
5B072900 – Құрылыс
Орындаған: Стб-13-4к тобының
студенті Койланов Айбек
Кәсіпорындағы жетекші
_______________ О.А.Сотников
«___» __________2014 ж
Мөр
Университеттегі жетекші
Стр. Преподаватель
______________ А.Х.Тасмаганбетова
«___» ____________2014 ж
Алматы-2014
Кіріспе
Құрылыс материадарымен детальдар өндірудің өсу қарқыны жоғары болғанына қарамастан құрылыс материалдарының көптеген түрлері (терезе әйнегі, линолиум, қартағыш плиталар) т.б. әлі де болса басқа республикалардан әкелінеді.
Қазақстанда құрылыстың ауыр индустрия кәсіпорындарының құрылыы. Село – құрылыс, мантаждау және арнаулы құрылыс, сондай-ақ көптеген мамандандырылған басқармалар мен трестер жүргізеді. Құрылыстағы бақылау мен техникалық саясатты Қаз.ССР министрінің Советінің Құрылс істері жөніндегі мемлекет континенті іске асырады. Құрылысқа арнап респбликада алты жоғары оқу орны, жиырма бес орта оқу орны, тоқсан бір кәсіптік – техникалаық училищелер мамандар дайындайды.
Құрылыс саласында басты міндет етіп күрделі қаржыны пайдаланудың тиімділігі арттыру, жаңа қуаттарды, тұрғын үйлерді және басқа да объектілерді қысқа мерзім ішінде және аз шығын жұмсап іске қосуды қамтамасыз ету, сондай-ақ құрылыс жұмыстарын сапасын жақсарту болатындығын атап көрсетті.
Құрылыс туралы жалпы түсінік
Құрылыс материалдары өнеркәсібі үш негізгі топқа бөлінеді:
Минералды құрылыс шикізатын(ір, қиыршық тас, ұсақталған тас, гранит, мәрмәр және т.б.) алғанш өңдеу.
Ұқсастыратын материал (цемент, әк, гипс т.б.) өндіру
Құрылыс үшін бетон және темірбетон мен бұйымдарын қабырғалық материалдар жасау.
Минералды құрылыс шикізатын құрайтын негізгі заттар: кірпіштік саз, әк шикізаты, бетонды толықтырушылар. Олар республиканың барлық жерінде кездеседі. Отқа төзімді әне саз, гипс, азбест (таскендір).
Құрылыс – материалдық өндіріс саласы; негізінен әр түрлі үйлер мен ғимараттарды салумен, салынып жатқан нысандарды іске қосуға байланысты жабдықтарды монтаждаумен шұғылданады. Құрылысқа үйлер мен ғимараттарды жөндеуге байланысты жұмыстар да жатады. Құрылыстың дамуы тұрақты жұмыс істейтін мердігерлік құрылыс ұйымдарының құрылуымен және құрылыс өнеркәсібінің өсуімен қоса қабат жүргізілді. Құрылыстың бір ерекшелігі сол, мұнда құрылыс-монтаж ұйымдары өнеркәсіп орындары сияқты өнімді қорға немесе қоймаға арнап шығармайды. Өндіріс үстінде құрылыстың өнімі қозғалмайтындай етіліп белгілі бір орынға бекітіледі, тек еңбек құрал-жабдықтары (машиналар мен механизмдер), еңбек заттары (материалдар мен құралымдар) бір орыннан екінші орынға ауысып отырады. Құрылыс ашық жерде және әр түрлі табиғи ортада жүргізіледі. Сондықтан да құрылыс нысандарының, жұмыстардың өндірістік циклі бірнеше айдан бірнеше жылға дейін созылады. Құрылыс елдің мәдениетін және экономиканың барлық саласын дамытуға мүмкіндік береді.