Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Копия Сбор лек in vitro 2014 каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
11.06 Mб
Скачать

4. Биотехнологиядағы жекелеген жасушаларды және ұлпаларды өсіру үш бағытта қолданылады.

Біріншісі, жекелеген өсімдік жасушаларының құнды медицина, парфюмерия, косметика және басқа да өндіріс салаларының екінші реттік синтезін алуға қабілеттілігіне байланысты.

Екінші реттік синтез өнімдеріне алкалоидтар, стероидтар, гликозидтер, гормондар, эфир майлары және т.б. жатады. Екінші реттік заттарды алу сұйық (суспензиялық өсіру) немесе қатты қоректік ортада каллусты ұлпаларды өсіру арқылы алынады. Жасушалық технология негізінде медициналық препараттар, диоспорлі жасушасынан диосгенин, жылан раувольвин жасушасынан аимолин, женьшен жасушасынан сергітетін заттар алынады, олар, медицинада және парфюмерияда сәтті қолданып келеді.

Жасушалық селекция пайдалану арқылы өсірілетін жасуша өнімі нәтижесін де өсімдік өнімділігін айтарлықтай жоғарылатуға болады.

Екінші реттік синтез өнімін алудың бұл мүмкіншілігі арқылы жыл бойы өсіруге және одан мол өнім алуға болады.

Екінші бағыт – бұл жекелеген ұлпаларды өсіру отырғызылатын материалды сауықтыруға және көбейту үшін пайдаланады. Өсімдіктердің клональды микро көбейту деп аталатын бұл тәсілі бір ғана меристемадан жылына жүздеген мың өсімдік алуға болады.

Үшінші бағыт - өсімдік селекциясында жекелеген жасушаларды қолдану. Бұл тәсіл арқылы тез өсетін өнімділігі мол, әр түрлі сыртқы орта және жоғары температура, фитопатогендер, ауыр металдар және т.б төзімді өсімдіктер алуға болады. Бұдан басқа бұл бағыт протопластарды қосу арқылы және жыныссыз гибридті өсімдіктер алуға және жасауға, гендік инженерия арқылы жекелеген тозаңдар және тұқым жарпақтарды жасанды қоректік ортада өсіру нәтижесінде гаплоид алуға мүмкіндік береді.

Кейбір тозаңданбайтын өсімдіктерді пробиркада ұрықтандыруға болады. Жасуша және ұлпа өсірудегі жетістік бірінші ретте физиологиялық процестерді оңтайландыруға байланысты. Ол жасушаның оңтайлы бөлінуіне, регенерациясына және одан бүтін өсімдік алуға мүмкіншілік жасайды. Жекелеген жасушадан алынған өсімдік регенерациясы өте қиын болып табылады. Бұл әсіресе дәнді дақылдарға тән қасиет. Сондықтан in vitro жағдайында морфогенез механизімін анықтап алған жөн. Олар меристемалық жасушалары бар тамыр ұшымен бүршік ұлпаларын қолданды.

Американың ғалымы Ф.Скуг қызметкерлермен бірге минералды тұздар, көмірсулар және дәрумендері бар қоректік ортада темекі сабағының кесіндісін зерттеді. Каллус және бүршік түзуді байқады олар алдымен нуклеин қышқылдарын зерттеді. Сельд спермасының ДНҚ-сы темекі жасушасының бөлінуін қамтамасыз ететіндігін анықтады. Ф.Скуг ашытқы заттарынан темекі сабағының орталық паренхимия жасушаларын бөлуге және дамуға көмектесетін зат тапты. Бұл өсуді тұрақтандыратын затты КИНЕТИН деп атады. Осы жұмыстары арқылы 1962 жылы Т.Мурасиге және Ф.Скуг өздерінің жасуша және ұлпа өсіруге қажетті танымал қоректік ортасын жасап шығарды. Бұл орта көптеген өсімдік түрлерінің және әртүрлі мүшелері мен органдарының өсіруге таптырмайтын зат екендігі белгілі болды және ол қазіргі кезде кеңінен қолданылады. Бұл зерттеулер нәтижесінде өсімдік жасушалары бағытындағы жұмыстар қауырт дами бастады. Дақыл ұлпаларын өсіру жекелеген жасушаларды өсіру мүмкіндігін іздеп табу.