
- •Мазмұны
- •2. Өсімдіктердің мүшелерін және жекелеген бөліктерін өсіруді алғаш рет хіх-хх ғасырда неміс ғалымдары бастаған.
- •4. Биотехнологиядағы жекелеген жасушаларды және ұлпаларды өсіру үш бағытта қолданылады.
- •5. Өсімдік шаруашылығында биотехнологияны қолдану негізгі екі бағытта жүргізіледі:
- •1. Клетки, иммобилизованные в или на инертном субстрате, образуют биомассу гораздо медленнее, чем растущие в жидких суспензионных культурах.
- •2. Кроме медленного роста иммобилизация клеток позволяет им расти в тесном физическом контакте друг другом, что благоприятно отражается и на химических контактах.
- •2. Клондық микрокөбейтудің әдістері.
- •3. Қолтық бүршіктердің меристемасының дамуын индумиялау
- •6. Сомалық будандастыру цитология, генетика, молекулалық биология, физиология салаларында теориялық мәселелерді зерттеу үшін, сондай-ақ практикалық селекцияда қолданылады.
- •Гендерді тасымалдайтын векторлар
- •10.3. Гендерді өсімдіктерге тасымалдау әдістері
- •Гендік инженерияның мүмкіндіктері мен даму болашағы
Ф.7.03-18
Сыдыкова Айгерим Абдыкадыровна
«In vitro жағдайында өсімдік клеткасының биологиясы» пәнінен
дәрістер жинағы
Шымкент, 2014 ж.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Сыдыкова А.А.
«In vitro жағдайында өсімдік клеткасының биологиясы» пәнінен
дәрістер жинағы
5В080100 – «Агрономия» мамандығы үшін
Шымкент, 2014 ж.
ӘОЖ 635.792
ББК 41.3я73
Құрастырған: Сыдыкова А.А. аға оқытушы, а.ш.ғ.к.
5В080100-«Агрономия» мамандығының студенттеріне арналған «In vitro жағдайында өсімдік клеткасының биологиясы» пәнінен дәрістер жинағы, - Шымкент: ОҚМУ, 2014 – .... б.
Дәрістер жинағы жоғары оқу орындары студенттеріне бейімделіп жазылып, бүгінгі таңдағы 5В080100-«Агрономия» мамандығының студенттеріне арналған «In vitro жағдайында өсімдік клеткасының биологиясы» пәнінен алған білімді тереңдетеді және студенттердің келешек ауылшаруашылығы дақылдарын клеткалық өзгергіштігін, жаңа сорттарды клондау арқылы in vitro жағдайында өсіруді үйретеді.
Пікір берушілер: АИӘПУ Жаратылыстану факультатінің
деканы, а.ш.ғ.к. Мамирова Н.
АИӘПУ биология кафедрасының
меңгерушісі, а.ш.ғ.к. Исабекова А.
Агротехнология кафедрасының
аға оқытушысы, а.ш.ғ.к Есентуреева Г.Д.
Дәрістер жинағы «Агротехнология» кафедрасының мәжілісінде қаралды және баспаға ұсынылды (хаттама №___« » 20__ж. )
АӨФ оқу- әдістемелік алқасымен мақұлданды (хаттама №___«___»____ 20__ж.)
М. Әуезов атындағы ОҚМУ-дың оқу - әдістемелік кеңесімен баспаға ұсынылды (хаттама № ___« » 20__ж. )
© М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті, 2014
басылымға жауапты Сыдыкова А.А.
Мазмұны
КІРІСПЕ
Біріккен ұлттар ұйымының (БҰҰ) мәлімдеуі бойынша биоинженерия және клеткалық биотехнология ХХІ ғасырдың ғылымы мен өндірісінің маңызды басым бағыттарының бірі болып табылады. Бұл бағыттардың негізінде азық-түлік өнімдерін өндірудің, медицинада, табиғатты қорғау мақсатындағы препараттарды жасаудың, ауылшаруашылық дақылдардың зиянкестерден қорғау жолдарында өсірудің, зертханалық жағдайда тиімді өсіру және т.б. тиімді қолданылуда.
Өсімдіктің жасушаларын өсіру әдістерінің кезеңдері. Өсімдік клеткаларын өсіру жөніндегі зерттеулер. Өсімдіктердің клеткаларын өсіру негізінде ауыл шаруашылығындағы жаңа технологиялар жасалды. Өсімдік биотехнологиясының жаңа теориялық және технологиялық негізі.
Сонғы жылдары іn vitro жағдайында өсіретін клеткаларды колданатын тағы бір ғылым саласы калыптасуда, ол космостык биология. Осы кезге дейін өсімдіктерді космос станциясында өсіру үшін колданылатын әдістер мен аспаптар олардын табиғи ерекшеліктеріне сай келмейді. Космоста жеке клеткаларды өсіру, олардын өсу мен даму процестерін реттеу және бакылау бүтін өсімдіктерді өсіруге карағанда едәуір ынғайлы. Жоғары сатылы өсімдік клеткаларын космостык тәжірибелерде объект ретінде колданғанда, олардын мынадай артыкшылыктары бар: 1) өсіру оңай; 2) клеткаларды даму процесінін кандай да болмасын кезенінде пайдалануға болады мысалы, сомалык немесе жыныс клеткалары, клетка топтары, дифференцияланған клеткалар, органогенез, эмбриоидогенез жолымен дамитын клеткалар т.с.с.
Клеткалық және гендік инженерия әдістерін пайдалану негізінде өсімдіктердің генетикалық базисін кеңейту және өсімдіктердің түбегейлі жаңа формаларын алу жолдары ашылды. Өсімдік объектісі ретінде пайдаланылатын іn vitro жағдайында өсірілетін жасушаларды өсімдіктер биологиясын зерттеуде және өсімдік биотехнологиясының барлық негізгі салалары туралы осы замандағы ғылыми жетістіктерді оқып үйренуде пайдаланылады.
Ұсынылып отырған дәрістер жинағында өсімдіктерден бөліп алған жасушаларды, ұлпаларды және мүшелерді залалсыздандырған жасанды қоректік ортада өсірудің әдістері, каллус түзілуіне келетін дедифференциялану процестері, іn vitro жағдайында өтетін морфогенез жолдары, регенерацияны реттейтін ықпалдар, өсірілетін өсімдік жасушаларынан қажетті қосымша метобалиттерді алу үшін пайдаланудың теориялық және әдістемелік негіздері, өсімдіктерді клондық микрокөбейту мен сауықтыру жолдары, әріден гаплоидтарды шығару әдістері, жасушалық селекция, жасушалық және гендік инженерия, гендерді сақтау әдістері туралы баяндалған.
Дәріс №1, 2
Өсімдік жасушаларын өсіру, in vitro жағдайында өсірілетін өсімдік объектілері мен əдістері, негізгі бағыттары және даму болашағы
Мақсаты: Өсімдіктен бөлініп алынған клеткаларды, ұлпаларды, мүшелерді жасанды қоректік ортада тек қана залалсыздандаралған (асептикалық) жағдайда өсіруді меңгеру.
Жоспар:
1. Қазіргі кездегі биотехнология ғылымының жағдайы
2. Жекелеген жасушаларды және ұлпаларды өсіру
3. Өсімдіктер биотехнологиясының негізгі объектілері
4. Жасушаларды және ұлпаларды өсіру бағыттары
5. Өсімдік шаруашылығында биотехнологияны қолдану бағыттары
1. Қазіргі кезде биотехнология ғылыми – техникалық үрдістердің негізгі басым бағыттарының бірі болып табылады. Биология және техника ғылымдары, генетикалық және ұлпалық инженерия салаларының жетістіктері негізінде адамзат өмірінің деңгейін айтарлықтай жоғарылату тірі ағзалардың барлық мүмкіншіліктерін пайдалануға болады. Биотехнологиялық өнімдерді өндіру арқылы өндірістік – технологиялық , экологиялық және әлеуметтік – экономикалық өзекті мәселелерді жақын аралықтарда және стратегиялық жоспарлар құру арқылы шешіледі.
Әрбір елдер, оның ішінде Қазақстан Республикасы үшінде ұлт саулығын, экономиканың тұрақтылығын және қорғаныс қабілеттілігін арттыру өте маңызды, әрі күрделі мәселе болып отыр. Бұл мәселені шешуде биотехнологияға басты назар аударылуы тиіс. Әсіресе, биотехнология ауыл шаруашылығы өндірісіне кеңінен қолдануға бағытталу қажет. Өйткені, біздің еліміздің стратегиялық мақсаттарында халық шаруашылығы осы салаға көп көңіл бөледі.
Биотехнология - биологиялық процестер мен объектілерді пайдалануға негізделген, экономикалық жағынан тиімді де маңызды заттар өндіру және жоғары өнімділігі бар микроорганизмдер штаммдарын алу, өсімдіктердің сорттары мен формларын, жануарлар асыл тұқымдарын шығаратын ғылым мен өндірістің жаңа бағыты. Өсімдіктер биотехнологиясы - жалпы биотехнология ғылымының күрделі бір саласы.
Тарихи тұрғыдан адамзат көне заманнан бері тіршілігі үшін өсімдіктерді пайдалануда. Дағдылы өсімдік шаруашылығы бүтін өсімдіктерді өсіріп қолданады. Ал өсімдіктер биотехнологиясында істелетін жұмыстар жасанды қоректік ортада өскен клеткаларды пайдалануға негізделген.