Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
гулнур. ғылыми жоба.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
368.64 Кб
Скачать

Ііі. Басылымның басшысы – бас редактор тұрсынхан жаманбаев Өмірбаян

Техникалық топ пен шығармашылық топтың жұмыстарын қадағалап, кем-кетікті түзеп, жұрт жаңалығының жаңылмай шығуына себеп болып жүрген, газетіміздің тізгінін ұстаушы - «Құлан таңы» газетінің бас редакторы Тұрсынхан Жаманбаев. Журналист-редактор ағамыз 1956 жылы маусым айының 12 жұлдызында Луговой (қазіргі Т.Рысқұлов) ауданы, Октябрь-шаруа (қазіргі Қарақат) ауылында колхозшы шаруа отбасында дүниеге келген. 1973 жылы аудан орталығындағы Шоқан Уәлиханов атындағы қазақ орта мектебін бітірген. Сол жылы аудандық «Коммунистік еңбек» газетіне корректр болып жұмысқа орналасты. 1974-1976 жылдары әскери борышын өтеді. 1977 жылдан бастап аудандық газетте қызметте. Отбасында аяулы жар, асқар тау әке, ардақты ата. 4 ұл-қыз өсіріп, 7 немересі бар.

Шығармашылығы

Тілші, радоихабарларын ұйымдастырушы, аудармашы, бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары және бас редактор секілді қызметтік жолдардан өтті.

1982 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетінің журналистика факультетіне түсіп, 1988 жылы сырттай оқып бітірді.

Шығармашылық жұмыспен айналысады. «Тұрар – мәңгілік тұлға», «Өмірі оның өнеге», «Мәдениет - өркениет мәйегі», «Құлан өңірі тұнған шежіре» кітаптарының авторы және құрастырушы авторы. Сонымен бірге «Алмагүл», «Батыр ана – Бәтен» атты деректі фильмдерінің сценарий авторы.

Жетістіктері

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Облыстың Үздік Журналисі, «Жамбылдың жеті ғажайыбы» атты шығармашылық байқауының жеңімпазы. Облыс әкімінің және аудан әкімінің құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен бірнеше мәрте марапатталған.

12

Қорытынды

Жаңалықтың жаршысы болып отырған, ауданымыздың мерзімді баспасөзі «Құлан таңы» газеті тарихын зерттеудегі нәтиже: Қазіргі таңда оқып жүрген газетіміз 1940 жылы құрылған. Негізгі редакторлары:

1940 жыл мен 1980 жылдар арасында газет басшылары алмасып отырды. Олар: Константин Арбузов, Анатолий Деридович басқарды.

1981-2000 жылдары: Сағат Арынов, Оспанбек Қатиев, Өсер Уәзиев, Тұрсынхан Жаманбаев бас редактор болды.

2000-2002 жылдары: Москау Нохрабеков жетекшілік етті.

2006-2011 жылдары Мұратбек Арыстанбеков басшылық жасады.

2011 жылдан бері қарай аудан газетінің тізгіні Тұрсынхан Жаманбаевтың қолында.

Екінші, қызметкерлерін зерттеуім бойынша мынандай қорытындыға келдім: Көпшілігіміз газетті қолға алып оқығанда оның сыртқы безендірілуі мен ішіндегі ақпараттары оңай жазылып, сызыла салатын дүние көрінеді. Ал негізінде мақала мың сүзгіден өтіп , дизайнер тоқсан түрлі әдісті пайдаланып,

он жол жазу он рет өңделеді. Әріптен қате кетсе, «әріптестер» халық алдында жауап береді.

Ал, бас редактор Т.Жаманбаев туралы айтар болсам: Құлан топырағынан шыққан талантты да талапты, арынды да ардақты ағамыз өзінің том-том болған зерттеулері, деректі фильмдерге жазған сценарилері әлі де болса жеке зерттеу жұмыстарын қажет етеді. Халықтың көзі, тілі, һәм құлағы болып отырған ауданымыздың айнасын ұстап, тізгіндеп, басшылыққа алу, жаңалықтың жаңылмай, уақытысында шығуын қадағалау, осындай өр тұлғалы, кең жүректі, шын дарынның қолынан келеді.

Газет жанры үлкен жауапкершілікті талап етеді. Сондықтан, Алаш арыстарының бірі Ахмет Байтұрсынов: «Газет әдебиет тобына жататын

нәрсе болғандықтан, жазылған сөздер көңіл жағынан қонымды, мағына

жағынан толымды, сын алдында сымдай болуы тиіс» деп (2) нақты ұсыныс

қалдырған. Баспасөздің бүкіл мән-мазмұнынан алар ұлағат, үйренер тәлім

аз емес. Оқырманннан алты сағат алда жүрер журналистердің, халықты жаңалықпен сусындырар газетке сый көрсетейік! Жерде жатса жоғары көтеріп қадірін білейік! 13