
І .Т.Рысқұлов аудандық «құлан таңы» газетінің тарихы
Осыдан 74 жыл бұрын іргесін қалаған ауданымыздың өз басылымы 1940 жылдың мамыр айынан бастап шығарыла бастаған болатын. Халық үшін бұқаралық ақпарат құралдарының рөлінің қаншалықты екендігінің нақты айғағын мынадан көруге болады: бастапқыда бір беттік болып шыққан аудандық газеттің кейінгі жылдарда көлемі ұлғайды. Бұл әрине , Президентіміз атап айтқан «төртінші билік» өкілдеріне көрсетілген сенім мен құрметтің нәтижесі , әрі қоғам сұранысынан туындаған қажеттілік еді.
Уақыт өз белгісін көрсетпей қалмайды. Кеңестік кезеңдегі шаруашылық газет қазір саяси-әлеуметтік сипат алды. «Толқынды толқын қуады» демекші тарих тізбегінің белгілі кезеңдерінде журналистердің буыны алмасып, газеттегі шығармашылық топ жаңарып отырды. 2000 жылға дейін газет қолмен терілетін станокта басылып келді.
1940 жыл мен 1980 жылдар арасында газет басшылары алмасып отырды. Олар: Константин Арбузов, Анатолий Деридович басқарды.
1981-2000 жылдары: Сағат Арынов, Оспанбек Қатиев, Өсер Уәзиев, Тұрсынхан Жаманбаев бас редактор болды.
2000-2002 жылдары: Москау Нохрабеков жетекшілік етті.
2006-2011 жылдары: Мұратбек Арыстанбеков басшылық жасады.
2011 жылдан бері қарай аудан газетінің тізгіні Тұрсынхан Жаманбаевтың қолында.
Сонымен қатар, Қазақстан журналистикасына сүбелі үлес қоса алған Рахметілда Құдабаев, Сағат Арынов, Есен Төреқұлов сынды қаламы ұшқыр, ойы қырағы журналистер редакцияға жемісті еңбек етті. Ауыл шаруашылығының бөлім меңгерушісі Рахмаш Сүлейменов; Нұртас Адамсопиев баспахана меңгерушісі; Әлібек Бақытов орыс тіліндегі аудармашы; Рыскүл Құрманбаева корректор; Әбіғали Бейсенбин, Мұрат Ахалиев, Әбжақ Туғанбаев журналист; қаруіп теруші Бата Ерходжаев; Өксен Керімбеков, Қайрат Баймұқанов, Қали Қалжыровтар газет басушы болып қызмет атқарды.
8
«Құлан таңынан» түлеп ұшқан талантты тілшілер қазіргі таңда облыстық , республикалық басылымдарда қызмет атқаруда : республикалық «Ақиқат» журналының жауапты хатшысы Қыдырәлі Қойтай , облыстық «Ақ жол» газетінің тілшілері : Сейсен Қожеке , Ардақ Үсейінова . Облыстық «Ар-Ай» жастар газетінің тілшілері Табиғат Абаилдаев , Қамар Қарасаева сынды ұл-қыздарымызға «Құлан таңы» газеті алғашқы мектеп болған. Газеттің жаңашыл жаңалықтарымен келген Рая Сакаева , Сұлушаш Исаметқызы әлі күнге дейін газетте қызметте. Қазіргі таңда Тұрсынхан Жаманбаевтың басшылығымен шығып жатқан басылымының тағылымды тілшілері Фатима Қарасаева , Мереке Ержанұлы , Асқар Әлпеисовтармен толықты. Газетіміз аудан жұртының жарар жаңалықтарын жеткізуші бірден-бір «құрал» болып отыр.
9
Іі. Шығармашылық және техникалық топ өкілдерінің көтерер жүгі
Шығармашылықтың қай саласы болмасын үлкен жауапкершілікті талап етеді. Жетісіне екі рет шығатын, жаңалықтың жаршысы болып отырған мерзімді баспасөз қызметкерлерінің әрқайсысы өздеріне тиесілі жауапкершілікті арқалап жүр.
Алаш арыстарының бірі, қазақ көсемсөзінің хас шебері Ахмет Байтұрсынов: « Газет әдебиет тобына жататын нәрсе болғандықтан, жазылған сөздер көңіл жағынан қонымды, мағына жағынан толымды, сын алдында сымдай болуы тиіс» деген екен. Осы сөздің үдесінен шықпайтын тілшілер қауымы. Жамбыл жерінен шыққан жалынды жазушымыз Шерхан Мұртаза айтқандай : « арқалағаны – алтын, жегені – жантақ » журналистер – газеттің негізін құраушылар. Жан-жақтан жинаған жаңалығын жағымды етіп жазушылар.
Ұсынылған мақаланың қаріп-қатесін түзеп, фонетикалық және пунктуациялық тұрғыда көмек берер – корректорлар.
Он саусағы пернетақта жүйесін жатқа білер, теруші - референттердің мақсаты- өңделген өнімді компьтермен жазу.
Басылымның сапалы да, сәнді шығуына дизайнер жауап береді. Газетті көрер көзге тиянақты әрі әдемі ететін- көркемдеуші-дизайнерлер.
«Әр нәрсенің өз реті бар» дегендей газетті рет-ретімен нөмірлеп,қаттаудың жайын беттеушілер біледі. Барлығы қорытылып келіп, ең соңында редактордың сүзгісінен өтеді.
10
Шығармашылық топ жеті адамнан тұрады:
1. Тұрсынхан Жаманбаев – Бас Редактор
2. Мереке Айнақұлов – Бас Редактордың орынбасары
3. Рая Сакаева – жауапты хатшы
4. Мереке Өтегенова – Бөлім меңгерушісі
5. Сұлушаш Ашабаева – Аға тілші
6. Асқар Әлпеисов – Тележурналист
7. Фатима Қарасаева – Тілші
11