
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ
ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ
ҚЫЗЫЛ-ШАРУА ШАҒЫН ОРТАЛЫҚТЫ ОРТА МЕКТЕБІ
Жоба авторы: Науан Гүлнұр Оңалбекқызы
Сыныбы: 11
Зерттеу жұмысының тақырыбы:
«Құлан таңы» газетінің тарихы және басылым бетінің ішкі тіршілігі
Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары
Секциясы: Әдебиет
Жетекшісі: Метерқұлова Үміт Оразқызы
2013-2014 жыл
Жұмыстың мазмұны:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім:
Тұрар Рысқұлов аудандық «Құлан таңы» газетінің тарихы............................................................................................... 8 – 9 бет
Шығармашылық және техникалық топ өкілдерінің көтерер жүгі................................................................................................10 – 11 бет
Басылымның басшысы - Бас редактор Тұрсынхан Жаманбаев.............................................................................................12 бет
ІІІ. Қорытынды .......................................................................................... 13 бет
Аннотация Жұмыстың сипаттамасы
Жұмыстың мақсаты: Жамбыл облысы,Т.Рысқұлов аудандық «Құлан таңы» газетінің шығу тарихын зерттеу. Газет журналистикасының ішкі құрылымын анықтап, басылымның жай-күйімен таныстыру;
Жұмыстың гипотезасы: Басылым бетінің бағыты жайлы баяндау.Газет журналистикасы жайлы жалпы мағлұмат беру;
Жұмыстың кезеңдері: 2013ж(қазан) - 2014ж (наурыз)
1 кезең: (қазан-қараша) – Ғылыми жоба тақырыбын анықтап, жалпы журналистика жайлы ғаламтор саиттарынан, газет-журнал, кітаптардан мағлұмат жинадым; газет журналистикасы жайлы әлеуметтік желілерде білікті тілшілермен хат алмасып, пікір жазыстым; Т.Рысқұлов аудандық «Құлан таңы» газетінің тарихын білу мақсатында аудандық мұражайға барып, газеттің өткен сандарынан құрылған тігінділерді ақтарып, тарихи шолу жасадым;
2 кезең: (желтоқсан-қаңтар) – «Құлан таңы» газетінің шығармашылық және техникалық топ өкілдерімен жүздесіп, жеке-жеке сұхбаттасып, әр маманның мойнына жүктеген жауапты қызметтерін көзбен көріп, талдау жұмыстарын жасадым; Мерзімді басылымның Бас Редакторы Тұрсынхан Жаманбаевтың жеке өмірінен және журналистік зерттеулерін сараптадым.
3 кезең: (ақпан-наурыз) – Ауданымыздың жарар жаңалықтарын жеткізуші «Құлан таңы» газетінің шығу процесін көзбен көріп, редакция қызметкерлерінің жұмысын сараптап, бейнекадр жасап, Бас Редактор Тұрсынхан Жаманбаевпен бейнесұхбат түсірдім.
Зерттеудің әдістемесі: Алдымен газет жайлы және жалпы журналистика жайлы кітаптардан және ғаламтордан мәлімет жинау; тілшілермен пікір алмасу; «Құлан таңы» газетінің ескі нөмірлі тігіндерін ақтарып, тарихқа шолу жасау; шығармашылық және техникалық қызметкерлердің жұмыстарын анықтау; Бас Редактормен сұхбат жүргізіп, бейнесұхбат түсіру;
Зерттеудің жаңалығы мен дербестік нәтижесі: «Құлан таңы» газетінің бұрынғы атауы «Коммунистический труд» және «Коммунистистік еңбек» газеттерінің бас редакторлары, сол кездегі тілшілерін анықтадым. Сонымен қатар, аптасына екі рет шығатын алты беттік ақпарат құралының жазу-сызу жұмысының қиыншылығы мен қызығын көрсету; Бас Редактор Т.Жаманбаевтың шығармашылығымен танысып, тарихта қалар тұлға екенін анықтадым.
Зерттеудің нәтижесі мен қорытындысы: Нәтижесінде, ауданымыздың мерзімді баспасөзінің тарихын зерттеп, бұрынғы атауы «Коммунистический труд» және «Коммунистистік еңбек» газеттерінің бас редакторларының,тілші қызметкерлерінің аты-жөнін анықтап, еткен еңбектерін жариялау; тұрақты атауы, ағымдағы нөмірі бар аптасына екі рет шығарылатын газеттің қандай қиыншылықпен шығатынын көрсету; Бас Редактордың шығармашылығы жайлы мәлімет беріп, танылмаған қырын ашып, көпшілікке үлгі ретінде көрсету;
Практикалық қолдану салалары: журналистік зерттеулерде газеттің шығу процесін, тұлғалар тарихын анықтауда Т.Жаманбаевтың шығармашылық және жеке өмірбаянын практикалық тұрғыда пайдалануға болады.
Қызыл-шаруа шағын орталықты
орта мектебінің 11 сынып
оқушысы Науан Гүлнұрдың ««Құлан таңы» газетінің тарихы
және басылым бетінің ішкі
тіршілігі » атты ғылыми зерттеу
жұмысына
Пікір
«Газет-халықтың тілі, көзі, һәм құлағы» деп Ахмет Байтұрсынов атамыз тегіннен - тегін айтпаса керек. Ауданымыздың жаңалықтарын жеткізуші - мерзімді баспасөз «Құлан таңы» газеті.
Гүлнұр Науан Оңалбекқызы ««Құлан таңы» газетінің тарихы және мерзімді басылымның ішкі тіршілігі» атты зерттеу жұмысын бастамас бұрын, жалпы журналистика мен баспасөз жайлы кітаптарды оқып, газет журналистикасына талдау жасады. Т.Рысқұлов аудандық «Құлан таңы» газетін зерттеу объектісі етіп алып, редакция басшылығымен келісімге келіп, газеттің шығу процесімен танысты. Бейнесұхбат арқылы бас редакторы Тұрсынхан Жаманбаев мырзаның өзіндік пікірін біліп, көзқарасын айқындады.
Болашақта тілші болғысы келетін қызымыз мамандығының қыр-сырына қанығып, өз саласына бір табан жақындай түсті. Алға қойған мақсаты -
мерзімді баспсөз жұмысының ішкі құрамын зерттеп, насихаттау.
Оқу ісінің меңгерушісі: Түменбаева С.
КІРІСПЕ
Ғылыми жұмысымды «Құлан таңы» газетінің тарихы және басылым бетінің ішкі тіршілігі» деген тақырыппен алған себебім: газет журналистикасы мені бала күнімнен қызықтыратын тақырып. Өсе келе журналист болуды армандадым. Бұл тақырыптың өзектілігі - мен өз мамандығымның қыр-сырына қанықтым.
Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов аудандық 74 жылдық тарихы бар «Құлан таңы» газетінің шығу тарихын зерттедім. Сонымен қатар, баспасөздің ішкі тіршілігін анықтап, басылымның жай-күйімен таныстым. Зерттеу барысында алдымен, «газет» және «журналистика» ұғымдарымен кеңінен танысып, кітаптардан, ғаламтор беттерінен мағлұмат жинадым. Тілшілермен пікірлестім. Және өз ауданымыздың бірден-бір баспасөз құралы саналып отырған «Құлан таңы» газетінің ескі нөмерлі тігінділерін ақтара қарап, тарихын зерттедім. Аталмыш басылым бетінің шығу процесімен танысу барысында шығармашылық және техникалық қызметкерлердің жұмысын анықтап, Бас Редактормен сұхбат жүргізіп , мерзімді баспасөз қызметін толықтай зерттедім.
Баспасөз — халық арасында әр түрлі ақпараттар тарата отырып, қоғамдық пікір қалыптастыруға, саяси жұмыстар жүргізуге, мемлекеттің, әлеуметтік топтардың не жекелеген тұлғалардың мүдделі мұраттарын танытуға қызмет етеді. Мерзімді баспасөзге тұрақты атауы, ағымдағы нөмірі бар және кемінде жарты жылда бір рет шығарылатын газет, журнал, альманах, бюллетень, олардың қосымшасы жатады. Олар шығармалық-өндірістік процестердің ұйымдастырылу ерекшеліктеріне, тақырыптық-мазмұндық бағыттарына, әкімшілік-аумақтық бөлініс деңгейлеріне, оқырмандар аудиториясының сипатына т.б. белгілеріне орай бірнеше түрлерге жіктеледі. Мерзімді баспасөздің ең негізгі әрі көне түрлерінің бірі — ГАЗЕТ. (7)
НЕГІЗГІ БӨЛІМ