- •1.Тіршілік қауіпсіздігі пәнінің мақсатын айтыңыз.
- •2.Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдай туралы түсіңдіріңіз.
- •3.Тіршілік қауіпсіздігі пәнінің құзыреттілігін айтыңыз
- •4.Қауіпсіздік түсінігі, курстың негізгі міндеттерін түсіндіріңіз.
- •5.Тіршілік қауіпсіздігі пәнінің негізгі міндетін айтыңыз.
- •6.Төтенше жағдай кезінде көрсетілетін алғашқы дәрігерлік көмек түрлерін анықтаңыз.
- •7.Техногендік жағдайдағы төтенше жағдайды қалай түсінесің?
- •8.Қауіпті өндірістік және тұрмыстық факторларды көрсетіңіз.
- •9.Эвакуация деген не, қойылатын талаптарға тоқталыңыз?
- •10.Қазақстан Республикасы төтенше жағдай министрі кім және Азаматтық қорғаныс жүйесінің құрылымы мен рөлін
- •11.Төтенше жағдайда халықты қорғауды түсіндіріңіз.
- •12.Табиғи төтенше жағдайлардың болу сипаттағы себептерін айтыңыз.
- •13.Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың түрлерін түсіндіріңіз.
- •14.Қауіпсіздікке байланысты қандай заңнамалар пайдаланылады?
- •16.Өрттің салдары және оның жою факторларын түсіндіріңіз.
- •17.Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі Азаматтық қорғаныстың міндеттерін түсіндіріңіз.
- •18.Төтенше жағдайда халыққа хабарлаудың маңызы және басты тәсілін айтыңыз.
- •19.Азаматтық қорғаныс күштеріне кімдер жатқызылады?
- •20.Радиациядан қорғау шараларын түсіндіріңіз.
- •21.Қар көшкіні, қар басу, дауыл, су тасқыны, опырма дегенді түсіндіріңіз
- •22.Өте улы заттар таралатын апаттардың түрлерін түсіндіріңіз.
- •23.Ядролық қарудың жарылыс ошағын айтыңыз.
- •24.Әр түрлі сипаттағы төтенше жағдайларды жіктеуді түсіндіріңіз.
- •25.Халықты психологиялық дайындыққа әзірлеуді түсіндіріңіз.
- •26.Қышқыл жаңбырларды айтыңыз.
- •27.Озон қабатының бұзылуын түсіндіріңіз.
- •28.Қауіпті өндірістік және тұрмыстық факторларды түсіндіріңіз.
- •29.Иондаушы сәуле шығаруын түсіндіріңіз.
- •30.Көшіру шараларын түсіндіріңіз.
- •31.Ядролық зақымдану ошақтарындағы құтқару жұмыстарын айтыңыз.
- •32.Табиғи өрттер туралы айтыңыз.
- •33.Радиациялық қауіпсіздіктің негізгі принциптерін көрсетіңіз.
- •34.Өткір сәуле ауруларын айтыңыз.
- •35.Төтенше жағдайларды анықтаудың маңызын айтыңыз.
- •36.Өткір сәуле ауруларының әр дәрежесі қалай өтеді айтыңыз.
- •38.Құтқару және шұғыл жұмыстар тізбесін көрсетіңіз.
- •40.Қорғаныс ғимараттарына адамдарды орналастыру тәртібін көрсетіңіз.
- •41.Жер сілкіністерінің күшін өлшеу шкалаларын айтыңыз.
- •42.Қорғаныс шараларын өз уақытында жоспарлау және өткізуді түсіндіріңіз.
- •43.Өткір радиация туралы айтыңыз.
- •44.Халықты қорғаудың ұжымдық құралдарын түсіндіріңіз.
- •45.Халықты қорғаудың негізгі әдістерін көрсетіңіз.
23.Ядролық қарудың жарылыс ошағын айтыңыз.
Ядролық қару деп жарылыс кезінде ядролық реакцияның жүруінің нәтижесінде болатын ішкі ядролық қуатты пайдалануға негіздкліп жасалған қаруды айтады. Ол барлық белгілі зақымдау құралының ішіндегі ең қуаттысы. Ядролық жарысының қуаты тротилдік эквивалентпен өлшенеді. Ядролық жарылыс ауада, жер (су) беттерінде және жер (су) астарында болуы мүмкін. Оның талқандау факторына соққы толқын, жарықты сәуле бөлу, өткір радиация, төңіректі радиоактивті ластау және электрлік магниттік импульс жатады. Соққы толқын ауаның бірден қысылысынан пайда болады. Және дыбыс жылдамдығынан жоғары жылдамдықпен тарайды. Соққы толқынның пайда болу көзі жарылыстың ортасында өте жоғары қысымның пайда болуы. Соққы толқын өзінің жойқын күшіне байланысты жолындағылардың бәрін қирата талқандап өтеді. Соққы толқынның күші эпицентрінен қашықтаған сайын бәсеңдей береді. Адамдар соққы толқыннан тек арнайы панаханаларға, шұңқырларға т.с.с. таса жерлерге жасырынып, сақтанады. Жарықтық сәуле бөлу ядролық қарудың жарылысының әсерінен пайда болады. Оның құрамында ультракүлгін, инфрақызыл және көрінентін сәулелер бар. Жарықты сәуле бөлу жарылыстың күшіне байланысты бірнеше секундқа ғана созылады. Бұл сәулелердің ішіндегі қауіптісі инфрақызыл сәулесі.
24.Әр түрлі сипаттағы төтенше жағдайларды жіктеуді түсіндіріңіз.
Төтенше жағдай дегеніміз - табиғат немесе өндіріс апаттарының зардаптарын күнделікті қызметпен, қаражатпен жоюға мүмкіндік бермейтін, ол үшін әдейі материалдық, техникалық, ақша қаражатын және адам күшін талап ететін жағдай. Қазақстан мемлекетінің орналасқан жері – орасан зор, кең байтақ. Ол жерлерде табиғат апатының неше түрі: жер сілкіну, қар тасқыны, қатты жел, су тасқыны сияқты құбылыстар жиі болып жатады.. Зілзала - бұл кенеттен пайда болатын, халықтың қалыпты тірлігін күрт бұзатын, материалдық құндылықтарды үлкен шығынға ұшырататын, сондай-ақ адамдар мен хайуанаттардың өлім-жітімі болатын табиғат құбылысы. Әрбір зілзаланың өзіне тән физикалық қасиеті, пайда болу себебі, қозғаушы күші, сипаты мен даму сатысы, қоршаған ортаға өзіндік ықпал ету ерекшелігі бар. Зілзала кез келген мемлекет үшін үлкен ауыртпашылық, келтірер залалы мол төтенше оқиға. Дүние жүзінде су тасқынына бүкіл зілзаланың 40 пайызы келеді екен, 20% - тропикалық циклондары, 15% - жер сілкінсі, ал қалған 25 % - зілзаланың басқа түрлері. Каспий теңізі денгейінің өзгеруіне, Арал теңізінің құруына, Балқаш көлінің таяздануына байланысты құбылыстар табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар арасында ерекше орын алады.
25.Халықты психологиялық дайындыққа әзірлеуді түсіндіріңіз.
Адам табиғаттағы, өндірістегі, көлік апаттарының Төтенше жағдайының басы-қасында болғанда оқиғаны әртүрлі бағалайды әрі оған психологиялық кері әсер етуі мүмкін. Мұның өзі сол адамдардың апат зардабын бағалауды, қиын-қыстау жағдайда қалай қимылдауды білмегендігінен болады. Асып-сасушылық басым болуы мүмкін. Бірер адамнан шыққан үрейлену көпшілікке берілсе, онда жаппай үрей (паника) тууы мүмкін. Қорқыныш сезімін білмеген адамдар жағдайды шынайы бағалай алмайды. Немесе асыра сілтеуге жақын тұрады. Олар өз сезіміне бой беріп, жауапкершілікті жоғалтады. Бұндайда теріс түсінушілік, бұрмалаушылық әңгімелер көп болады. Жаппай үрейлену қайғылы жағдайларға соқтыруы ықтимал. Сондықтан адамдарды төтенше жағдайларға алдын ала дайындау маңызды жұмыс. Апат жағдайында қалай қимылдаудың, іс-әрекеттің кезегін үйрету керек, жаттығулар өткізу қажет. Азаматтық қорғаныстың қойған мақсаты осындай. Үрейленушіліктің алдын алу үшін төтенше жағдайда, дереу оның себептерін нақты түсіндірудің маңызы зор. Егер жаппай үрейленушілік туындаған жағдайларда адамдармен тез арада сұхбаттасып, қорқыныш сезімді жоюға тырысу керек. Басқаруды тез арада бір кісі өз қолына алғаны дұрыс. Содан кейін сол адамдардың өздерін құтқару, қалпына келтіру жұмыстарына кірістіріп ақыл-ойларын соған бөлу керек. Тек сонда ғана қатты қорқынышқа ұрынған (паникаға) адамдарды тоқтатуға болады. Сондықтан төтенше жағдайдағы психологиялық дайындыққа тиісті көңіл аударуды қатаң талап етеді.
