
- •1.Тіршілік қауіпсіздігі пәнінің мақсатын айтыңыз.
- •2.Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдай туралы түсіңдіріңіз.
- •3.Тіршілік қауіпсіздігі пәнінің құзыреттілігін айтыңыз
- •4.Қауіпсіздік түсінігі, курстың негізгі міндеттерін түсіндіріңіз.
- •5.Тіршілік қауіпсіздігі пәнінің негізгі міндетін айтыңыз.
- •6.Төтенше жағдай кезінде көрсетілетін алғашқы дәрігерлік көмек түрлерін анықтаңыз.
- •7.Техногендік жағдайдағы төтенше жағдайды қалай түсінесің?
- •8.Қауіпті өндірістік және тұрмыстық факторларды көрсетіңіз.
- •9.Эвакуация деген не, қойылатын талаптарға тоқталыңыз?
- •10.Қазақстан Республикасы төтенше жағдай министрі кім және Азаматтық қорғаныс жүйесінің құрылымы мен рөлін
- •11.Төтенше жағдайда халықты қорғауды түсіндіріңіз.
- •12.Табиғи төтенше жағдайлардың болу сипаттағы себептерін айтыңыз.
- •13.Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың түрлерін түсіндіріңіз.
- •14.Қауіпсіздікке байланысты қандай заңнамалар пайдаланылады?
- •16.Өрттің салдары және оның жою факторларын түсіндіріңіз.
- •17.Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі Азаматтық қорғаныстың міндеттерін түсіндіріңіз.
- •18.Төтенше жағдайда халыққа хабарлаудың маңызы және басты тәсілін айтыңыз.
- •19.Азаматтық қорғаныс күштеріне кімдер жатқызылады?
- •20.Радиациядан қорғау шараларын түсіндіріңіз.
- •21.Қар көшкіні, қар басу, дауыл, су тасқыны, опырма дегенді түсіндіріңіз
- •22.Өте улы заттар таралатын апаттардың түрлерін түсіндіріңіз.
- •23.Ядролық қарудың жарылыс ошағын айтыңыз.
- •24.Әр түрлі сипаттағы төтенше жағдайларды жіктеуді түсіндіріңіз.
- •25.Халықты психологиялық дайындыққа әзірлеуді түсіндіріңіз.
- •26.Қышқыл жаңбырларды айтыңыз.
- •27.Озон қабатының бұзылуын түсіндіріңіз.
- •28.Қауіпті өндірістік және тұрмыстық факторларды түсіндіріңіз.
- •29.Иондаушы сәуле шығаруын түсіндіріңіз.
- •30.Көшіру шараларын түсіндіріңіз.
- •31.Ядролық зақымдану ошақтарындағы құтқару жұмыстарын айтыңыз.
- •32.Табиғи өрттер туралы айтыңыз.
- •33.Радиациялық қауіпсіздіктің негізгі принциптерін көрсетіңіз.
- •34.Өткір сәуле ауруларын айтыңыз.
- •35.Төтенше жағдайларды анықтаудың маңызын айтыңыз.
- •36.Өткір сәуле ауруларының әр дәрежесі қалай өтеді айтыңыз.
- •38.Құтқару және шұғыл жұмыстар тізбесін көрсетіңіз.
- •40.Қорғаныс ғимараттарына адамдарды орналастыру тәртібін көрсетіңіз.
- •41.Жер сілкіністерінің күшін өлшеу шкалаларын айтыңыз.
- •42.Қорғаныс шараларын өз уақытында жоспарлау және өткізуді түсіндіріңіз.
- •43.Өткір радиация туралы айтыңыз.
- •44.Халықты қорғаудың ұжымдық құралдарын түсіндіріңіз.
- •45.Халықты қорғаудың негізгі әдістерін көрсетіңіз.
21.Қар көшкіні, қар басу, дауыл, су тасқыны, опырма дегенді түсіндіріңіз
Қар көшкіні - бұл қар массасының тау беткейі бойынша темен қарай жылдам лықсуы. Қазақстанда 95 мың шаршы км тау аумағы қар көшкіні қауіпіне ұшырайды. Қазақстанда қар көшкіні қалың қар көп жауатын және қолайлы геоморфологиялық және топырақтық-ботаникалық жағдайлары бар Батыс Тянь-Шянь, Алтай, Іле Алатауы мен Жоңғар Алатауының жоталарында болып жатады. Көшкіндер құлама тау беткейінен көбінесе 20-60 градуспен, көшкін қар жаңа жауған және күн күрт жылыған кезде болады. Көшкін тауда жауын-шашынның жиі болуынан, циклондық құбылыс күшейетін наурыз-сәуір айында көбірек болады. Қар басу - табиғаттың тосын күштері көріністерінің бірі. Бұрқасынмен, қарлы боранмен тығыз байланысты. Oл бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейін жауған қалың қардың әсерінен пайда болып, қалыпты тіршілікті бұзады, ал кейде адамдар құрбандықтарына, малдың шетінеуіне және материалдық құндылықтарының жойылуына әкеліп соғады. Қардың басуы, боран туралы хабар алған бойда, уақыт болса, кедергілер орнатылады. Жолдың ғимараттың шетінен желге қарсы бағытта арасы 15-20 метр қалкан, қар тоскауылы қойылады. Дауыл - жойқын күші бар және едәуір созылатын, 30 м/с жылдамдықпен соғатын жел. Дауылдардың пайда болуына ауа айналымының ерекше жағдайында пайда болып, атмосферадағы тепетеңдіктің өте жоғары жылдамдықпен аяқ астынан бұзылуы әсер етеді. Дауыл үлкен бүліншілікке ұшыратып, адам құрбандықтарын алып келеді, малдар шетінен, материалдық залал келтіреді. су тасқыны. Таудан аққан су аз уақыт ішінде дүлей күшке айналып, жолындағы тау тастарын, топырақтарын ала төмен құлайды. Олардың биіктігі 10-20 метрге, кейде 40-50 метрге дейін жетеді. Құлау шапшаңдығы секундына 3-5 метрді құрайды. Су тасқынының пайда болу себептеріне таудағы жауынның ұзақ болуын, мұздың кенеттен мол еруін, сол жердің топырағының пайда болу себептеріне таудағы жауынның ұзақ болуын, мұздың кенеттен мол еруін, сол жердің топырағының бостығын, тас жиынтығының көптігін жатқызуға болады Опырмалар - ауырлық күшінің әсерімен ылғалды топырақ массасының төмен қарай сырғуы. Тау жыныстарындағы және жартастардағы жекелеген жақпарлардың немесе құрғақ, тік, еңіс беткейлердегі жақпарлардың құлауы. Опырмалар Қазақстанның барлық таулы аудандарында болып тұрады. Олардың пайда болу себептері жерүсті және жерасты сулар мен топырақтың ылғалдануы, жер сілкінісі, сондай-ақ адамның шаруашылық қызметі болып табылады. Аса ірі опырылмалар тектоникалық ұсақталуға байланысты. Осындай учаскілерде пайда болған опырылмалар ірі өзендерді бөгейтін көлденең су тоғандарын жасай отыра, таулы жазықтарды құрсаулайды. Мұндай өзендерге Күнгей Алатаудағы Көлсай өзені, Іле Алатауындағы Үлкен Алматы өзені жатады.
22.Өте улы заттар таралатын апаттардың түрлерін түсіндіріңіз.
Химиялық объектілерде болған апаттар аса қатерлі апаттардың қатарына жатады. Себебі ондай апаттар адамдарды, жан-жанурларды, өсімдік әлемін жаппай жоятын улы заттар шығуымен сипатталады. Улы заттар /сильно действующие ядовитые вещества/ жаппай қыру қаруларының біріне жатады. Бұлардың негізін химиялық қосындылар құрайды. Олар адамдарды, жан-жануарларды, ауаны, жер бетін, техниканы, суды және азық-түлікті улайды. Жаппай қыру мақсатында қолданғанда олар тамшы, сұйық, тұман, түтін не бу күйінде болуы мүмкін. Улы затпен зақымдаудың бірнеше ерекшеліктері бар: аз уақыт ішінде жаппай улауға болады; ауа, жер кеңістігінде үлкен аумақта улай алады; аэрозоль, бу түрінде қорғануы нашар үйлерге, бөлмелерге кіріп кетеді. әр түрлі жағдайда, әр түрлі орындарда /түйық, желсіз жерлерде/ ұзақ сақталуы мүмкін. Улы заттармен зақымданудың жолдары: уланған ауамен демалғанда; улы тамшылардың теріге не көзге тиюі; уланған заттарды ұстағанда; уланған азық-түлікті не суды пайдаланғанда. Улы заттардың ішіндегі көп кездесетіні әрі қатерлісі хлор мен аммиак.