Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шпор.Тіршілік қауіпсіздігі.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
72.6 Кб
Скачать

18.Төтенше жағдайда халыққа хабарлаудың маңызы және басты тәсілін айтыңыз.

Төтенше жағдайда халыққа хабарлаудың ең басты тәсілі ретінде мемлекеттік радио, теледидар және сонымен берілетін байланыс жүйелерінің құралдары пайдаланылады. Дабылды берудің мақсаты, халықтың назарын алдын ала аудару үшін сирена, өндірістік гудоктар арқылы «Тыңдаңыздар баршаңызға» - деп аталатын («Внимание всем») ескерту хабарлары беріледі. Бұл хабар бойынша барлық халық өздерінің радио, теледидар құралдарын іске қосып, төтенше хабарды тыңдауға әзірленуі керек. Бұл сигналдар бойынша тез арада радио тарату, теледидар станциялары, радиотаратқыш жүйе тізбектер тез арада іске қосылуға тиісті. Бұл азаматтық қорғаныс хабарлары төтенше жағдайдың жақындап қалғанын, не болмаса болған қатерлерді, сол сияқты жағдайға байланысты қандай іс-шаралар қабылданатындығы хабарлайды. Мысалы: химия кәсіпорнында апат болғаны және онда улы заттың ауаға тарағандығы туралы дабыл болған жағдайда не істеу керек? Бұл жағдайда тез арада жиналып, көршілерге хабарлап, жел бағытына көлденең бағытқа жүру керек. Противогаз болмаған жағдайда дәкені не матаны ылғалдап, ауыз-мұрынды жауып тыныс алу керек. Немесе киімнің жағасы не мақталы жері арқылы дем алуы керек. Содан кейін азаматтық қорғаныс штабынан келесі хабарды күту керек.

19.Азаматтық қорғаныс күштеріне кімдер жатқызылады?

Азаматтық қорғаныс күштеріне: Азаматтық қорғаныс әскерлері; Министрліктерге бағынатын өндірістіктегі жасақшылар; Арнайы жасақшылар, оларға: АҚ мен ТЖ құрылымдарының күштері, мекеме, өндіріс, орта және жоғары оқу орнындағы әскери емес жасақшылар (Жалпы қызмет атқаратындар; Арнайы қызмет атқаратындар). Жалпы қызмет арқаратындар өз кәсіпорындарында құтқару не қалпына келтіру жұмыстарына қатыстырылады. Егер қажет болып жатса, басқаларға да көмектесуге шақырылады. Олар жаппай өртке не жер сілкіну және де басқа да ірі апаттардың зардабын жоюға қатыстырылады. Бұл жасақшылардың құрамына құрамына әрбір еңбекке жарамды адамдар кіреді. Оларды құру негіздері: әр цех бойынша, бөлім, бөлімшелер, бригада басқа да өндіріс учаскелерінде ұйымдастырылады. әр смена, бригада бір жасақшылар тобы болып, кей учскелердегі адамдар басқаларға біріктіріледі. Азаматтық қорғаныс бастығының жанынан штаб құрылады да, барлық ұйымдастыру жұмыстары осында жүргізіледі. Азаматтық қорғаныс штабының бастығы, азаматтық қорғаныс бастығының төтенше жағдай кезіндегі бірінші орынбасары болып табылады.

20.Радиациядан қорғау шараларын түсіндіріңіз.

Халықты радиация мен химиядан қорғау шаралары әдетте бірыңғай Азаматтық қорғаныстың құзырына жатады, олар мынаны қамтиды: 1. Қорғаныс ғимараттарындағы, панаханалардағы ауаны құралдармен сүзу және айдау: - радиациялық барлау приборларымен (ДП-5В, ИМД-21); - химиялық барлау приборларымен (ВПХР, ПХР, ХУЗ) мөлшерін анықтайтын индикаторлық түтікшелермен, аспалы газталдағыштарымен (АГП-1); дозиметрлік бақылау приборларымен (ИД-1, ИД-11, ДП-22В, ДП-24); - залалсыздандыруда осы құралдарды әзірлікте ұстау; - радиациялық және химиялық ахуалды анықтау мен бағалау; - халыққа радиоактивтік, химиялық зақымдану туралы хабарлауды; азық-түліктің, судың, мал мен өсімдіктің ластануына жол бермеу және оларды залалсыздандыру; - радиоактивтік және химиялық зақымдану жағдайында халықты қорғау режимдерін әзірлеу; - жердегі ғимараттағы радиация дозасының қуатын, сондай-ақ суды, азыұ-түлікті улы затпен ластануын анықтау үшін халықтың «Мастер-1», «Сосна», «Белла» тұрмыстық дозиметрлерін пайдалану; - радиоактивтік ластану және химиялық зақымдану салдарын жою.