
- •1.Тіршілік қауіпсіздігі пәнінің мақсатын айтыңыз.
- •2.Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдай туралы түсіңдіріңіз.
- •3.Тіршілік қауіпсіздігі пәнінің құзыреттілігін айтыңыз
- •4.Қауіпсіздік түсінігі, курстың негізгі міндеттерін түсіндіріңіз.
- •5.Тіршілік қауіпсіздігі пәнінің негізгі міндетін айтыңыз.
- •6.Төтенше жағдай кезінде көрсетілетін алғашқы дәрігерлік көмек түрлерін анықтаңыз.
- •7.Техногендік жағдайдағы төтенше жағдайды қалай түсінесің?
- •8.Қауіпті өндірістік және тұрмыстық факторларды көрсетіңіз.
- •9.Эвакуация деген не, қойылатын талаптарға тоқталыңыз?
- •10.Қазақстан Республикасы төтенше жағдай министрі кім және Азаматтық қорғаныс жүйесінің құрылымы мен рөлін
- •11.Төтенше жағдайда халықты қорғауды түсіндіріңіз.
- •12.Табиғи төтенше жағдайлардың болу сипаттағы себептерін айтыңыз.
- •13.Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың түрлерін түсіндіріңіз.
- •14.Қауіпсіздікке байланысты қандай заңнамалар пайдаланылады?
- •16.Өрттің салдары және оның жою факторларын түсіндіріңіз.
- •17.Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі Азаматтық қорғаныстың міндеттерін түсіндіріңіз.
- •18.Төтенше жағдайда халыққа хабарлаудың маңызы және басты тәсілін айтыңыз.
- •19.Азаматтық қорғаныс күштеріне кімдер жатқызылады?
- •20.Радиациядан қорғау шараларын түсіндіріңіз.
- •21.Қар көшкіні, қар басу, дауыл, су тасқыны, опырма дегенді түсіндіріңіз
- •22.Өте улы заттар таралатын апаттардың түрлерін түсіндіріңіз.
- •23.Ядролық қарудың жарылыс ошағын айтыңыз.
- •24.Әр түрлі сипаттағы төтенше жағдайларды жіктеуді түсіндіріңіз.
- •25.Халықты психологиялық дайындыққа әзірлеуді түсіндіріңіз.
- •26.Қышқыл жаңбырларды айтыңыз.
- •27.Озон қабатының бұзылуын түсіндіріңіз.
- •28.Қауіпті өндірістік және тұрмыстық факторларды түсіндіріңіз.
- •29.Иондаушы сәуле шығаруын түсіндіріңіз.
- •30.Көшіру шараларын түсіндіріңіз.
- •31.Ядролық зақымдану ошақтарындағы құтқару жұмыстарын айтыңыз.
- •32.Табиғи өрттер туралы айтыңыз.
- •33.Радиациялық қауіпсіздіктің негізгі принциптерін көрсетіңіз.
- •34.Өткір сәуле ауруларын айтыңыз.
- •35.Төтенше жағдайларды анықтаудың маңызын айтыңыз.
- •36.Өткір сәуле ауруларының әр дәрежесі қалай өтеді айтыңыз.
- •38.Құтқару және шұғыл жұмыстар тізбесін көрсетіңіз.
- •40.Қорғаныс ғимараттарына адамдарды орналастыру тәртібін көрсетіңіз.
- •41.Жер сілкіністерінің күшін өлшеу шкалаларын айтыңыз.
- •42.Қорғаныс шараларын өз уақытында жоспарлау және өткізуді түсіндіріңіз.
- •43.Өткір радиация туралы айтыңыз.
- •44.Халықты қорғаудың ұжымдық құралдарын түсіндіріңіз.
- •45.Халықты қорғаудың негізгі әдістерін көрсетіңіз.
6.Төтенше жағдай кезінде көрсетілетін алғашқы дәрігерлік көмек түрлерін анықтаңыз.
Ең алдымен бас сүйгі мен ми жарақатының сипатын (ашық немесе жабық) және зардап шегушінің жәй-күйін анықтау қажет. Бұдан кейін сананың бұзылу, қан ағу және сыртқы тыныс алудың дәрежесін анықтаған жөн. Қан аққан кезде жараға таза қатты таңғыш байлайды. Тыныс алу бұзылған кезде ауыз қуысы мен жоғары тыныс жолдары босаған соң жасанды тыныс алу шарасын жасайды. Есіз күйдегі адамдардың тілін байқаған жөн, өйткені ол қозғалыс кезіңде тыныс жолдарын жауып тастау мүмкін. Тыныс жолдарына қанның, құсықтың түсуін ескерту мақсатында жаралыны бүйірлеп жатқызып тыныштықта қалдырады. Мұндай кезде оған 50%- 2мл анальгин және 1%- 2мл димедрол ерітіндісін немесе 2% супрастин енгізеді. Ашық жарақат кезінде пеницилин тағайындайды. Басқа мүз салынған қуық қояды. Басқа таңғышты — «тақияны» мынадай әдіспен қояды. 1 м-ға жуық бинт кесіндісін тобеге қояды, оның ұшын (байла-мын) тік құлақ қалқанының алдынан төмен түсіреді. Басты айналдыра отыра байлайды, содан соң түйінге жеткен соң бинтті оның теңірегінен екі жағынан да орап қиғаш-тай желкеге жеткізеді, желке мен маңдай арқылы кезекпен орап, бастың букіл шашты бөлігін жабады
7.Техногендік жағдайдағы төтенше жағдайды қалай түсінесің?
Техногендік сипаттағы төтенше жағдай адамның өндірістік қызметіне байланысты және ол қоршаған ортаның ластануы және де ластамайтын жағдайда болуы мүмкін. Қоршаған ортаны ластауы өндіріс орындарының апаты әсерінен радиоактивті химиялық және биологиялық қауіпті заттардың ауаға тасталуына байланысты. Радиоактивті заттарды тастау қаупіне жататын апаттарына атом станцияларындағы ядролық қондырғылардағы, атом кемелеріндегі және тағы басқа апаттары жатады. Химиялық зиянды заттарды тастау қаупіне жататын апаттарға химиялық өндірістер мен обьектілердегі химиялық улану заттар қоймаларындағы апаттар және сол сияқтылар жатады. Биологиялық зиянды заттарды тастау қаупіне жататын апаттарға өндіріс орындары мен зерттеу орталықтарындағы бактериалдық құралдарды даярлау, жасап шығару,өндеу және тасымалдау кездегі апаттар жатады. Қоршаған ортаға зиянды заттар тастамайтын төтенше жағдайларға жарылыс, өрт, ғимараттардың құлауы және т.б. апаттар жатады.
8.Қауіпті өндірістік және тұрмыстық факторларды көрсетіңіз.
Зиянды өндірістік (кәсіптік) факторлары – адамның іскерлігінің төмендеуіне, жедел және созылмалы уланулар мен сырқаттардың пайда болуына, жалпы сырқаттанушылығының өсуіне және алшақтық мерзімдерде басқа жағымсыз ауытқулардың тууына келтіретін еңбекті ұйымдастыру және оны орындау факторлары. Адамның кәсіптік ісі еңбек пен жұмыс орнын дұрыс ұйымдастырмау, мертігу қаупі, өндірістік ортаның физикалық, химиялық және биологиялық факторларының әсерлік жағдайларына жүруі мүмкін. Өндірістік ортаның зиянды және қауіпті факторлары белгілі бір жағдайларда адамның денсаулығында қандай бір ауытқуларды тудыруы, ал кейде өндірістік қамтамасыз етілген және кәсіптік ауруларды тудыруы мүмкін. Еңбек гигиенасының негізгі міндеттерінің бірі болып жалпы және кәсіптік сырқаттанушылықтың алдын алу саналады. Кәсіптік аурулардың профилактикасы бірінші кезекте этиологиялық факторды және одан туған сырқаттарды жан-жақты зерттеуге негізделген. Республиканың халық шаруашылығында жаңа технологиялық процестерді енгізу, өнеркәсіптің басты салаларына шетелдік инвесторларды өздерінің жаңа технологияларымен қызықтырып тарту еңбек гигиенасының алдына көптеген жаңа міндеттер қойып отыр. Мұнда маңызы зор мәселе гигиеналық нормативтерді ғылыми тұжырымдау. Осы мақсатпен Республикада денсаулық сақтау министрлігімен еңбек гигиенасы бойынша санитарлық нормалар мен ережелердің жаңа 3 томдығы шығарылған, сонымен қатар, оның құрамындағы санитарлық нормативтік құжатнамалар кезеңді түрде жаңартылуда. Еңбектің максималды өнімділігіне ықпал жасаушы жағдайларды қамтамасыз ету үшін адамның іскерлігіне әсер етуші жабдықтарына, құралдарына, басшылық жасаушы пульт қондырғыларына және жұмыс орнына, жұмыс және демалыс кезеңдерінің ұзақтығына қойылатын талаптарды физиологиялық тұжырымдау қажет.