- •1.Тіршілік қауіпсіздігі пәнінің мақсатын айтыңыз.
- •2.Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдай туралы түсіңдіріңіз.
- •3.Тіршілік қауіпсіздігі пәнінің құзыреттілігін айтыңыз
- •4.Қауіпсіздік түсінігі, курстың негізгі міндеттерін түсіндіріңіз.
- •5.Тіршілік қауіпсіздігі пәнінің негізгі міндетін айтыңыз.
- •6.Төтенше жағдай кезінде көрсетілетін алғашқы дәрігерлік көмек түрлерін анықтаңыз.
- •7.Техногендік жағдайдағы төтенше жағдайды қалай түсінесің?
- •8.Қауіпті өндірістік және тұрмыстық факторларды көрсетіңіз.
- •9.Эвакуация деген не, қойылатын талаптарға тоқталыңыз?
- •10.Қазақстан Республикасы төтенше жағдай министрі кім және Азаматтық қорғаныс жүйесінің құрылымы мен рөлін
- •11.Төтенше жағдайда халықты қорғауды түсіндіріңіз.
- •12.Табиғи төтенше жағдайлардың болу сипаттағы себептерін айтыңыз.
- •13.Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың түрлерін түсіндіріңіз.
- •14.Қауіпсіздікке байланысты қандай заңнамалар пайдаланылады?
- •16.Өрттің салдары және оның жою факторларын түсіндіріңіз.
- •17.Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі Азаматтық қорғаныстың міндеттерін түсіндіріңіз.
- •18.Төтенше жағдайда халыққа хабарлаудың маңызы және басты тәсілін айтыңыз.
- •19.Азаматтық қорғаныс күштеріне кімдер жатқызылады?
- •20.Радиациядан қорғау шараларын түсіндіріңіз.
- •21.Қар көшкіні, қар басу, дауыл, су тасқыны, опырма дегенді түсіндіріңіз
- •22.Өте улы заттар таралатын апаттардың түрлерін түсіндіріңіз.
- •23.Ядролық қарудың жарылыс ошағын айтыңыз.
- •24.Әр түрлі сипаттағы төтенше жағдайларды жіктеуді түсіндіріңіз.
- •25.Халықты психологиялық дайындыққа әзірлеуді түсіндіріңіз.
- •26.Қышқыл жаңбырларды айтыңыз.
- •27.Озон қабатының бұзылуын түсіндіріңіз.
- •28.Қауіпті өндірістік және тұрмыстық факторларды түсіндіріңіз.
- •29.Иондаушы сәуле шығаруын түсіндіріңіз.
- •30.Көшіру шараларын түсіндіріңіз.
- •31.Ядролық зақымдану ошақтарындағы құтқару жұмыстарын айтыңыз.
- •32.Табиғи өрттер туралы айтыңыз.
- •33.Радиациялық қауіпсіздіктің негізгі принциптерін көрсетіңіз.
- •34.Өткір сәуле ауруларын айтыңыз.
- •35.Төтенше жағдайларды анықтаудың маңызын айтыңыз.
- •36.Өткір сәуле ауруларының әр дәрежесі қалай өтеді айтыңыз.
- •38.Құтқару және шұғыл жұмыстар тізбесін көрсетіңіз.
- •40.Қорғаныс ғимараттарына адамдарды орналастыру тәртібін көрсетіңіз.
- •41.Жер сілкіністерінің күшін өлшеу шкалаларын айтыңыз.
- •42.Қорғаныс шараларын өз уақытында жоспарлау және өткізуді түсіндіріңіз.
- •43.Өткір радиация туралы айтыңыз.
- •44.Халықты қорғаудың ұжымдық құралдарын түсіндіріңіз.
- •45.Халықты қорғаудың негізгі әдістерін көрсетіңіз.
4.Қауіпсіздік түсінігі, курстың негізгі міндеттерін түсіндіріңіз.
Қауіпсіздік қауіп-қатерден қорғайтын тірі организмнің қажетті шарасы.Тірі организмдердің ішінде қауіп қатер адамға қөп төнеді. Себебі, адам өзінің өмір сүру ортасын жасай алатынан басқа, өздерінің ойлы іс-әрекеттерін пайдалана отырып, антропогендік орта да құрады. Сондықтан адамның кез-келген іс әрекеті әкелетін пайдасымен бірге кері нәтижесін де әкелуде. Оған мысал экологияның бұзылуы, ауыру және жарақат алу мен қатар кей жағдайларда қайғылы оқиға да тууы болып отыр. Осыған байланысты адамды және өмір сүру ортасын қорғау іс-әрекеті қауіпсіздік шаралары болып табылады. Іс-әрекеттің түрі күрделенген сайын, қауіпсіздіктің кешенді қорғану шаралары пайдалану қажеттілігі туады. Ол кешенді қорғану шаралары құқықтық, ұйымдастырушылық, экономикалық, техникалық, санитарлық-гигиеналық және емдік шараларын қамтиды. Қауіпсіздік адамды, табиғатты және материалдық құндылықтарды қорғау жағдайы. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 3 негізгі міндеттерді орындау керек. Нақты іс-әрекеттен болатын қауіп-қатерді талдау (идентификация). Талдау өмір сүру ортасының қауіп туғызатын элементін анықтау, қауіп тудыратын іс-әрекетті талдайтын адамдарға қойылатын талаптарды белгілеу үшін жүргізіледі. Адамды және өмір сүру ортасын қауіп-қатерден қорғаудың тиімді және сенімді шараларын әзірлеу. Қауіп-қатердің қорғау іс-әрекеттерінің қалдығынан қорғану шараларын әзірлеу, себебі толық қауіпсіздік орнатылуы мүмкін емес.
5.Тіршілік қауіпсіздігі пәнінің негізгі міндетін айтыңыз.
Адам іс-әрекеттің қауіпсіздігі-адамның іс-тіршілігі мен қауіп-қатер бір-бірімен кездеспейтін тұйық шеңбер - әрине, адамнын іс-әрекетінің процесінде қауіп-қатер әр уакытта болғанымен, ылғи да бола бермейді. Ондай қауіп болуы үшін үш жағдай болуы керек. Қауіп нақты бар, адам қауіп-қатер аймағында, адамның қолындағы қорғану құралдары жеткіліксіз Сонымен, қауіпсіздік-бұл іс-әрекет кезінде қауіптердің болмайтындығы айқын болған жағдай. Ол үшін үш негізгі міндетті атқару керек: Бірінші міндет-нақты іс-әрекеттен болатын қауіп - қатерді талдау (идентификация). Идентификация келесі ретте жүзеге асуы керек. Өмір сүру ортасының қауіп туғызатын элементін анықтау, қауіп тудыратын іс-әрекетті талдайтын адамдарға қойылатын талаптарды белгілеу. Содан кейін барып қауіптердің идентификациясы жүргізіледі. Екінші міндет-адамды және өмір сүру ортасын табылған қауіп-қатерден қорғаудың тиімді әрі сенімді шараларын әзірлеу. Үшінші міндет-осы іс-әрекеттің тәуекелінің қалдығынан қорғану шараларын әзірлеу, себебі толық қауіпсіздік орнату мүмкін емес. Бұл шаралар қауіп - қатер туындағанда, адамдарды және өмір сүру ортасын қорғау қажеттілігі болғанда қолданылады (зардап шеккендерге бірінші медициналык көмек көрсету, қоғамды қылмыс топтарынан қорғау, ғимараттарды, құрылыстарды бұзу, зардап шеккендерді көлік апатынан босату, ластанған аумақты тазалау тәрізді жұмыстар). Үшінші міндетті елімізде денсаулык сақтау, Мемлекеттік санитарлық, эпидемиялық бақылау, өрттен қорғау, полиция, прокурорлық бақылау органдары және т.б. жүзеге асырады. Қауіп-қатер-ортаның қуат жағдайымен, адамдардың іс-әрекетімен тығыз байланысты құбылыс. Ол белгілі бір жағдайда қоршаған ортаға үлкен залалын тигізуі және зардабын әкелуі мүмкін. Қауіп-қатер осы оқу курсының орталык өзекті түсінігі.
