
- •1.Тіршілік қауіпсіздігі пәнінің мақсатын айтыңыз.
- •2.Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдай туралы түсіңдіріңіз.
- •3.Тіршілік қауіпсіздігі пәнінің құзыреттілігін айтыңыз
- •4.Қауіпсіздік түсінігі, курстың негізгі міндеттерін түсіндіріңіз.
- •5.Тіршілік қауіпсіздігі пәнінің негізгі міндетін айтыңыз.
- •6.Төтенше жағдай кезінде көрсетілетін алғашқы дәрігерлік көмек түрлерін анықтаңыз.
- •7.Техногендік жағдайдағы төтенше жағдайды қалай түсінесің?
- •8.Қауіпті өндірістік және тұрмыстық факторларды көрсетіңіз.
- •9.Эвакуация деген не, қойылатын талаптарға тоқталыңыз?
- •10.Қазақстан Республикасы төтенше жағдай министрі кім және Азаматтық қорғаныс жүйесінің құрылымы мен рөлін
- •11.Төтенше жағдайда халықты қорғауды түсіндіріңіз.
- •12.Табиғи төтенше жағдайлардың болу сипаттағы себептерін айтыңыз.
- •13.Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың түрлерін түсіндіріңіз.
- •14.Қауіпсіздікке байланысты қандай заңнамалар пайдаланылады?
- •16.Өрттің салдары және оның жою факторларын түсіндіріңіз.
- •17.Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі Азаматтық қорғаныстың міндеттерін түсіндіріңіз.
- •18.Төтенше жағдайда халыққа хабарлаудың маңызы және басты тәсілін айтыңыз.
- •19.Азаматтық қорғаныс күштеріне кімдер жатқызылады?
- •20.Радиациядан қорғау шараларын түсіндіріңіз.
- •21.Қар көшкіні, қар басу, дауыл, су тасқыны, опырма дегенді түсіндіріңіз
- •22.Өте улы заттар таралатын апаттардың түрлерін түсіндіріңіз.
- •23.Ядролық қарудың жарылыс ошағын айтыңыз.
- •24.Әр түрлі сипаттағы төтенше жағдайларды жіктеуді түсіндіріңіз.
- •25.Халықты психологиялық дайындыққа әзірлеуді түсіндіріңіз.
- •26.Қышқыл жаңбырларды айтыңыз.
- •27.Озон қабатының бұзылуын түсіндіріңіз.
- •28.Қауіпті өндірістік және тұрмыстық факторларды түсіндіріңіз.
- •29.Иондаушы сәуле шығаруын түсіндіріңіз.
- •30.Көшіру шараларын түсіндіріңіз.
- •31.Ядролық зақымдану ошақтарындағы құтқару жұмыстарын айтыңыз.
- •32.Табиғи өрттер туралы айтыңыз.
- •33.Радиациялық қауіпсіздіктің негізгі принциптерін көрсетіңіз.
- •34.Өткір сәуле ауруларын айтыңыз.
- •35.Төтенше жағдайларды анықтаудың маңызын айтыңыз.
- •36.Өткір сәуле ауруларының әр дәрежесі қалай өтеді айтыңыз.
- •38.Құтқару және шұғыл жұмыстар тізбесін көрсетіңіз.
- •40.Қорғаныс ғимараттарына адамдарды орналастыру тәртібін көрсетіңіз.
- •41.Жер сілкіністерінің күшін өлшеу шкалаларын айтыңыз.
- •42.Қорғаныс шараларын өз уақытында жоспарлау және өткізуді түсіндіріңіз.
- •43.Өткір радиация туралы айтыңыз.
- •44.Халықты қорғаудың ұжымдық құралдарын түсіндіріңіз.
- •45.Халықты қорғаудың негізгі әдістерін көрсетіңіз.
38.Құтқару және шұғыл жұмыстар тізбесін көрсетіңіз.
Дұшпанның жаппай қырып-жою қару-жарақтарын халық шаруашылығы объектілерінде қолдануының тигізетін зардабы қарудың өлшемі мен түрлеріне байланысты әр түрлі болады. Ядролық, химиялық, бактериологиялық, биологиялық және қырып-жоюдың өте күрделі түрлерін пайдаланған кездерде толық және қатты бүлінген, түгелімен қираған, өртенген жерлерді қайта қалпына келтіру және құтқару жұмыстары өте қиын жағдайларда жүргізіледі. Құтқару және кешеуілдетілмей қадпына келтіру жұмыстарының негізгі мақсаты: адамдарды құтқару; жарақаттанғандарға көмек көрсету; апатқа ұшыраған және бүлінген жерлердегі құтқару; қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге жағдайлар жасау. Құтқару жұмыстарының мазмұны болып: жұмыс бөлімщелерінде көліктерді қозғалысқа келтіру және барлау жұмыстарына кірісу; жұмыс жүріп жатқан жерлердегі және жолдағы өртті сөндіру; жарақаттанғанда мен көміліп қалғандарды құтқару; зақымданғандар мен өртеніп жатқан мекемелердегі өртті сөндіру; бүлінген, құлаған жерлердегі құтқару, ауа жеткізу, жарақаттанған адамдарға оларды қауіпті жерден қатерсіз, зардап көрмеген аудандарға тасымалдау. Ол адамдарды, санитарлық өңдеуден өткізу және залалсыздандыру, киімдерін, территорияларды тазарту жұмыстарын жүргізу керек.
39.Жұмыс істеушілер мен халықтың жер сілкіністері кезіндегі тәртібін айтыңыз. Жер сілікінісі кезінде ғимарат ішіндегі кез келген адам тірі қалу мүмкіндігін арттыру, жарақаттан сақтану үшін дүмпуді алдын ала күте тұруға болатын, салыстырмалы қауіпсіз орынды білуге тиіс, ал дүмпу аяқталғаннан кейін ғимараттан тез шығып кету керек. Тұтас ішкі қабырғалардың ойықтары, қабырғалардың бұрыштары, есік жақтауының ортасы, мықты үстел, белағаш өтетін жер ең қауіпсіз орындар болып табылады. Спитактағы жер сілкінісі кезінде (07.12.88ж.) ванна ішіндегі 6 адам тірі қалған. Жер сілкінісі кезінде қауіпті орындардың қатарына ішкі және сыртқы қабырғалардың шыныланған ойықтары, соңғы қабаттардағы шеткі бөлмелер, лифтілер, саты алаңы мен балкондар жатады. Зілзала кезінде ғимараттан ешбір кедергісіз жылдам шығу үшін дәліздерді, өтетін жерлерді, баспалдақ торларын, ішкі және сыртқы есік ойықтарын аса қажетсіз дүние - мүлікпен ыбырсытпау керек. Егер сіз ғимараттың 1-2 қабатында болып, одан шыққыңыз келсе, онда алғашқы дүмпу кезінде дабырасыз жылдам қимылдаңыз. Бірінші қабаттан тез шығу үшін терезені немесе балконды пайдалануға болады. Ғимараттың жоғарғы қабатындағы адамдар бастарын қолға түскен затпен (түк табылмаса қолмен) жауып, дүмпуді салыстырмалы қауіпсіз орнында тоса тұрулары қажет. Ғимараттан арқаны қабырғаға тірей отырып шығу керек, ал қабырға жалаң болса оны айналып өткен жөн. Жеке үйдің иелері қажетті жағдайда оны сейсмолық тұрғыдан күшейтуі кажет. Ұйымның бүкіл қызметкерлері ғимараттың сейсмотөзімділік дәрежесін білуге тиіс. Бүкіл құрылымдық бөлімдерге негізгі шығаберіс жолын, қозғалыс бағытын, ғимарат пен аумақтағы қауіпсіз алаңдарды бекітіп берген жөн. Жұмыс істейтін барлық қызметкерлер жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттер баяндалған жаднама-буклеттерді оқуға тиіс