Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шпор.Тіршілік қауіпсіздігі.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
72.6 Кб
Скачать

35.Төтенше жағдайларды анықтаудың маңызын айтыңыз.

Төтенше жағдайдың түрін, көлемін, сипатын және т.б. жақтарын анықтау Азаматтық қорғаныстың, Төтенше жағдайдың ұйымдарының барлау құрылымдарының негізгі міндеттері. Бұл жұмысты Азаматтық қорғаныстың, Төтенше жағдайдың штабтары, әскери бөлімдері, арнайы барлау органдары ұйымдастырып, жүргізеді. Барлау жұмысы зақымданған аудандарды, қарсы жақтың (соғыс кезінде) қай жерде, қандай қару қолданғанын, радияцияның деңгейін, улы заттың түрін, қирау мөлшерін, өрттің алып жатқан көлемін, адамдардың, жан-жануарлардың, өсімдіктердің немен, қаншалықты дәрежеде зақымданғанын анықтайды. Барлау нәтижесіндегі мәліметтер Азаматтық қорғаныс немесе Төтенше жағдай ұйымдарының штабтары жұмысын ұйымдастыруға қажет. Штаб осы мағлұматтарды пайдалана отырып, халықты қорғау үшін қандай шаралар алу керек екенін, құтқару және кезек күттірмес қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастырып жүргізеді.

36.Өткір сәуле ауруларының әр дәрежесі қалай өтеді айтыңыз.

Аурудың әр дәрежесінің қалай өтетіндігі: 1-ші дәрежесі – жеңіл. Сәуле өткендігі 3 сағаттан кейінжүрек айнып, жалпы әлсізденіп, бас ауырып, кейде құстырып сезіле бастайды. Бір тәуліктен кейін ауру адамдар өздерін жақсы сезінеді. Сөйтіп сәуле ауруы жасырын түрде 3-4 аптаға созылады. Бұл адамдар еңбекке жарамай, тек жеңіл жұмысқа ғана шамасы жетеді. Осы уақыттан кейін 200 р-н алғандардың қанында өзгеріс байқалады. Тәуір болу кезеңі 3-6 айға созылады. 2-ші дәрежесінде аурудың алғашқы белгілері 3 сағатқа жетпей, біліне бастайды: жүрек айнып лоқсиды, жалпы әлсіздік болады. Дене қызуы 37,2-37,50С-қа көтеріледі. Екінші тәуліктің өзінде-ақ ауру жасырын түріне көшіп, адам тәуір сезінеді, тек 3 аптадан асқан соң, денесі ауырлап, жағдайы төмендей бастайды. Осы уақыттың ішінде бұл адамдарды ауруханаға тез орналастыру керек. Тәуір болу кезеңі 3-6 айға созылады. 3-ші дәрежесі ауыр болып келеді. Сәуле өткендігінің алғашқы белгілері жылдам байқалады. Көздің айналасы қызарып, жалпы әлсіздік тезірек пайда болып, басы айналып, әлденеше құсып, қызуы 380С-қа дейін көтеріледі. Кейде аяғы шатасып, жүрісі бұзылады. Аз уақытқа есінен айрылып қалуы мүмкін. 2-3 тәуліктерден соң, ауру тәуір болғандай сезінеді, әлсіздік кетеді. Жасырын түрі 1-2 аптаға созылады, содан кейін ауру күшейіп, жағдайы нашарлайды. 39-400С-қа жетеді. Мұндай адамдар ауруханаға алғашқы күндері-ақ әкелінуі керек. Жазылып кету мерзімі 1 жылға созылады. 4-ші дәрежесі – өте ауыр түрі. Алғашқы белгілері 20-30 минутт-ақ көрінеді. Әлденеше рет құсып, әлсіздік күрт пайда болады, бас қатты ауырады, іш өтеді. Қызу 390С-қа көтеріледі. Сәулемен зақымдану белгілері тез дамып өршиді, ауруханаға тез жеткізу қажеттігі туады.

37.Қазақстанда қандай қалалар сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан? Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстары мен Алматы қаласы сейсмикалық қауіпті аймаққа орналасқан. Онда өнеркәсіптің негізгі қорының 30%-ы шоғырланып, тұрғын үй қорының 35%-на жуығы орналасқан, Республика халқының 40%-ы тұрады. Жер сілкінісі қаупі бар аймақтарда ірі қалалар мен елді мекендер, гидротехникалық ғимараттар мен зиянды өнеркәсіп орындары, жасанды және су қоймалары, жарылғыш және улы материалдар қоймалары орналасқан. Тұрғын үй алқабының бұзылуымен қатар тізбеленген объектілерді кейбіреулерінің бұзылуы, оңалмайтын өзгеріске алып келуі мүмкін. Инженерлік желілер мен коммуникациялардың жер сілкінудің салдарынан бұзылуы аса қауіпті. Жер сілкінісімен бірге өрт пайда болып, геологиялық ортаның экологиясы бұзылады, қопарылма, сырғыма, сел тасқыны және т.б. шаруашылыққа қосымша залал әкеледі.