Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
пед менед.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
262.66 Кб
Скачать

Жетекші (басшы) құпиясы неде?

Әрбір адамның басында «ерікті – еріксіз» жауапты бір істі алып жүру немесе басшы, жетекші рөлінде болу жағдайлары болып тұрады. Кейде қызмет лауазымын көтеру «сатылап» іске асады да, жақсы маман уақыт өте бөлім меңгерушісі бола алады. Қысқаша айтқанда, көбінше үлкен басшылар өз еңбек жолдарын қарапайым жұмысшы болудан бастаған. Ал неге «еріксіз?» Өйткені, басшы болудан – басты мақсаты тұтпай- ақ , ертелі- кеш мейлі уақытша болсын, әйтеуір бір іске жауапкершілік танытып, сол істі алып жүру жағдайы алдыңызда туындауы мүмкін. Сондықтан, осындай жауапкершілікке әрбір адам дайын болуы керек. Мейлі сіз үшін жетекші маман, мықты басшы болу басты мақсатыңыз болмаса да, ол қасиет әркімде де бар. Сондықтан оны дамытуға болады. Алдымен, басшының кім екендігінің. Оның «administrator vulgaris» тек айырмашылығы неде екендігін анықтап алайық.

Басшы емес, нағыз тысқырушы

Бұл - әкімшіліктің басшыдан ең басты айырмашылығы. Ұжым басшысы, яғни, әкімшілік бұйыра біледі, жаза қолданады, бірақ марапаттап – қолдауды қолға ала бермейді. «Ашу – ыза» үстінде адамға дауыс көтеріп, кейде оның намысына да тиуі мумкін. Басшының бар қылығы көтеру керек деген сенімді ұстанған адам. Ал егер қарсы шықса – оны өз орнына қою керек деп ойлайды. Мұндай әдіс шығармашылық жұмыс жасауды қажет ететін қызметтен басқа жерде іске асуы мүмкін. Әкімшілік қызмет бабын, шенін пайдаланып өз дегеніне қайтпай тұрып алуы мүмкін, бірақ дәл осы қасиеті ерікті тең құқылы, тең дәрежелі ұжымда оның басты кемшілігіне айналады. Мұндай басшы өз атына, сын тек жоғары жақтан төменге ғана қаратылып айтылады деген сенімді берік ұстанған.

Жоғарыға – құрмет, төмендегілерге – лағнет

«Мен басшы – сен ақымақ, сен – басшы мен ақымақ» деген ұстаным осындай басшыларға қаратылып айтылған. Күні қараған басшының көңіл – күйін бағып, ал өз ұжымының көңіл – күйіне тек жоғарыдан « бақыла » деген нұсқау түскен жағдайда ғана қарайтын басшылар да кездеседі. Олар өз ойын ешқашан ашық айтып, ортаға салмайды, тек басшы не айтса, соны екі етпей орындауды ғана біледі. Солай ете отырып небір ақылды, нақыл сөздерді, мақалдарды қолданады. Оның басына жоғарыдағыларға қарсы келу деген ой кіріп те шықпайды, сондықтан ол өз қарамағындағылармен пікірлеспейді де, олардың атын есепке де алмайды. Оның ойынша, адамдарды алақандағыдай етіп тұру керек. Бос жіберсе, жайылып кетеді, сондықтан оларды мықтап ұстап тұру керек деген сенімді берік ұстанған. Басшылық жасайтын жерін өз жекеменшігіндей көріп, «менің зауытым», «менің бөлімшем», «менің бөлмем» деп сөйлейді. Оның ойынша, табысқа жету үшін бар амалды да қолданған дұрыс деп есептейді.

Пәлеқор – алаяқ немесе әзәзіл – епті

Осы қасиеті оны көбінше тығырыққа тірейді. «Әзәзіл, епт » дегеніміз не? Ол жайында Пьер Бомарше өз қаһаманы Фигароның аузынан былайша түсінік береді: «Жұрттың барлығына белгілі жайтты білмейтін кейіп танытады және өзі ешкім білмейтінді білетіндей болады, барлығы естіген, барлығы хабардар нәрсеге құлағын аспайды, бірақ ешкімге беймәлім, құпия нәрсенің сырын ашқандай болып жүреді, бастысы – кейіп таныта білу; түкке түрғысыз нәрседен үлкен бір құпия жасап, басында іліп алар ақылы жоқ бола тұра терең ойлы болып көрінетін, қай істе болмасын маңызды жанның бейнесін беруге тырысатын жан.»

Мұндай әзәзіл басшы қарым – қатынас қыр – сырын толық меңгерген және оны өз тәжірибесінде шебер қолдана біледі. Өз қарсыласын омақата құлату үшін ұзақ күте де біледі. Растамаған қауесет сөз, жобалап айтылған нәрселер – оның басты қаруы. Адамның әлсіз жақтарын пайдалана отырып оған қарсы соққы беруді ол «саясат» немесе «іскерлік қарым – қатынас»- деп атайды.