
- •Менеджменттің қалыптасуы.
- •Менеджмент жайлы отандық ғалымдардың еңбектеріне шолу.
- •Менеджменттің бастапқы теориялары.
- •Менежменттің қазіргі мектебі.
- •Тейлор концепциясының негізгі қағидалары:
- •Басқару жөніндегі ғылымды дамыту
- •Мектепті менеджмент негізінде басқару принциптері.
- •Менеджерлік қызметтің мәні, мазмұны.
- •Американ менеджмент мектебі жеке басшының бірнеше ережесін ұсынады:
- •Мектепішілік басқарудың тұжырымдамасы.
- •Басқару қызметшілерінің құрамы мен құрылымы
- •Басқару мамандарының жұмыс принциптері
- •Мамандармен жұмыс істеудің принциптері (тәртібі):
- •Мансапты және қызметте жоғарылауды басқару
- •Басшылық ұғымының түсінігі
- •Басқару тәсілдері
- •Жетекші (басшы) құпиясы неде?
- •Басшы емес, нағыз тысқырушы
- •Жоғарыға – құрмет, төмендегілерге – лағнет
- •Пәлеқор – алаяқ немесе әзәзіл – епті
- •Басшы – ұйымдастырушы
- •Басқарушының сөйлеу мәдениеті
- •Басқарушының ролі
- •Басқарудағы коммуникацияның рөлі және оның түрлері
- •Жеке адамдар арасындағы дау-жанжалды шешудің мынадай нышандары болады:
- •Басшы жұмысының стилі-оның басқару процесінде пайдаланатын тәсілдердің, амалдардың іс-әрекеттерінің жинтығы. Басшының стилі –бұл шешім қабылдау және қызметкерлерге тапсырма беру әдісі.
- •Басқару еңбегінің мазмұны, сипаты және ерекшеліктері
- •Келушілерді қабылдау және әңгімелесу
- •Мұқият тыңдаушының орындауға тиісті жағдайлары.
- •Паркинсонның пікірінше, мәжіліс төрағасының қолайсыз 4 типі болады:
- •Халық педагогикасы жайлы жалпы ұғым және әр түрлі көзқарастар
- •Мектептегі басқарудың ғылыми-педагогикалық негіздері
- •Педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастыру
- •Мұғалім еңбегінің шығармашылық сипаты
- •Мектеп басшысы және оған қойылатын талаптар
- •Оқу жұмысы
- •Тәрбие жұмысы
- •Мектепті басқару әдістері және стилі
- •Жалпы бiлiм беру мекемелелерiнiң директоры (мектеп, мектеп – интернаты, гимназия, лицей, т.Б.)
- •Жалпы бiлiм беретiн мекемелердiң директорларының ғылыми, оқу, оқу-тәрбие iсi жөнiндегi орынбасарлары
- •Жалпы бiлiм беретiн мекемелердiң директорларының оқу-тәрбие iсi жөнiндегi орынбасарлары
- •Мектептің директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасарының атқаратын қызметі
- •Мектептің оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарының құжаттары
- •Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының атқаратын қызметі және міндеттері
- •І. Әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру құжаттары
Мансапты және қызметте жоғарылауды басқару
Басқару аппаратын жинақтау басшы мансабын (карьера) реттеп отыруға байланысты. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде мансап сөзін «қол жеткен лауазым, қызмет, атақ, дәреже» деп түсіндіреді.
Мансапты басқару ісін қолданатын болсақ – бұл шаруашылық жүйесінде жоғарылау, сөйтіп, қоғамдық мүддені қанағаттандыру және де сонымен қоса жеке адамдардың мұқтажын ескеру.
Мансап пен мансапқорлық арасында елеулі айырмашылық бар. Мансапқорлық – бұл шенқұмарлық, әкімшілікке үйір болушылық. Егер мансап, ең алдымен, адамның өз ісіне берілгендігін көрсететін, өз күш-жігерін жүзеге асыруға тырысатын, әрі қоғам үшін пайда келтіруді ойлайтын болса, мансапқорлық нағыз бақ құмарлық қара басының қамын ойлаушылық, ондай адамдар өз қара басына қолайлы болған жағдайда ғана қоғамдық іске көңіл бөледі.
Басшы мансабын реттеу мамандардың орнын ауыстыру арқылы жүзеге асырылады. Орын ауыстыру – бұл қолынан іс келетін адамдарды тиісті басшы жұмысқа жоғарылатып отыруды жоспарды түрде ұйымдастыру. Мамандарды қызмет бабында ауыстырудың мынадай түрлері бар:
кәсібіне қарай - қызметін төмендету, жоғарылату немесе басқа кәсіптегі жұмысқа ауыстыру:
социологиялық - еңбек жағдайы қанағаттандырылмағанда, жұмыс түрі сай келмегенде, қалыптасқан қарым-қатынасы керісінше жұмыс перепективасы болмағанда т.б. жағдайда орын ауыстыру.
сала аралық – басшылардың халық шаруашылығының басқа саласына ауысуы:
демографиялық – жасына, ауруына және басқадай себептермен зейнеткерлікке шығуы:
Орын ауыстырудың объективтік қажеттілігі шаруашылық жүйесіне де, сондай-ақ басшының өз мүддесіне де байланысты.
Орын ауыстыру әдістері:
Көлбеу бағытта орын ауыстыру, біріншіден, алуан түрлі тәжрибе жинақтау үшін, екіншіден, жұмыскерлердің өз тілегін қанағаттандыру және жаңа орнында өз қабілетін көрсету үшін, үшіншіден ақы төленетін жұмыс есебінен өзінің материалдық жағдайын жақсарту үшін жүргізіледі.
Менеджерлерді даярлау
Менеджерлер өз мекемесінің басымдылығы, атақ, абыройы үшін аянбай күресуіне, пайдалы тасырмаларды алу үшін бар күш жігерін жұмысшыларымен қолайлы қарым-қатынас орнатуына т.б. тура келеді. Білікті басшылықты қамтамасыз ету үшін олар бір мезетте білгір саясатшы, әрі тәжірибелі психолог болуы тиіс.
Менеджерлерді даярлау оқу орындарының үш типінде жүзеге асырылады.
Бірінші тип жоғары оқу орны деп аталады. Бұл төрт жылдық мерзімде оқытылатын орта оқу орны. Жоғарғы оқу орнын бітіргендер басқару ғылымының бакалавры атағын алады. Олар мамандығы және жалпы білім бойынша негізгі проблемаларды оқиды.
Екінші тип – бұл бакалавр ғылымының колледжін бітіргендер 2 жыл оқитын оқу орны. Бұл оқу орнын бітіргендер академиялық ғылыми дәрежелерді – басқару ғылымының магистрі немесе ғылым докторы атағын алады. Мұнда аранайы және жалпы білім беретін пәндер оқытылады. Оқуға талапкер кандидаттар іріктеудің екі жүйесінен өтеді-әуелі жұмыс істеген жерінде алдын-ала іріктеледі, содан кейін-жоғарғы оқу орнының мамандық комиссиясынан өтеді. Сонымен қоса, кандидаттар өзінің қоғамдық жағдайы бойынша белгілі бір талаптарға сәйкес келуі тиіс.
Үшінші тип оқу орнында тек басқару проблемалары мен шұғылданады – бұл сауда мектебі.