Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
пед менед.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
262.66 Кб
Скачать

Американ менеджмент мектебі жеке басшының бірнеше ережесін ұсынады:

1. Басшы қуғындаушы болмауы тиіс. Өйткені қуғындаушы қарамағындағы адамның ізіне түседі, ал нағыз басшы соңынан ертеді. Қуғындаушы өзінің билігіне, ал, басшы-соңынан ерушілердің ықпалы мен көмегіне сүйенеді. Қуғындаушы өзіне бағыныштыларды күлкі әлемінде өмір сүруге мәжбүр етеді. Ал, басшы қарамағындағыларды қауырт іске, сан алуан проблемаларды шешуге жұмылдырады.

2. Басшы өз ісіне сенімді болуы, батыл мақсат қойғыш, табанды болуы, әрі осы қасиеттерін қол астындағыларға көрсете білуі тиіс.

3. Басшы ұйымдастыру және басқару туралы ғылымды жетік білуі тиіс.

4. Өз қол астындағылардың уақытын бағалай ьілуі тиіс.

5. Басшы қатал, әрі талап қойғыш болуы тиіс алайда қаталдық пен талап қойғыштық ешқашанда кінамшілдікке, мейрімсіздікке апармауы тиіс.

6. Сынды қабылдай білуі, әрі өзі әзіл сынай білуі тиіс.

7. Басшы жылы шырайлы, әрі әдепті болуы тиіс.

8. Әзіл соқпақты түсіне білуі тиіс. Әдетте әзідеу жақсы көңіл-күйге байланысты, ал көңілділік еңбек өнімділігіне ықпал етеді.

9. Айта да, тыңдай да білу керек.

10. Үнемдеуге тырысы керек.

11. Басшы қарамағындағыларды жақсы білуі керек.

Мектепішілік басқарудың тұжырымдамасы.

Мектеп жұмыстарының ішінде ең басты мәселелердің бірі педагогикалық ұжымға ғылыми тұрғыдан сауатты басшылық жасау қажет. Мектеп жұмысын меңгеріп, зор жауапкершілік жүзеге асыратын тұлға директор және оның оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары. Олар өздерінің міндеттерін педагокикалық ұжыммен ынтымақтасып, демократиялық принціп негізінде іске асырады.

Мектеп басшылары бақылаудың барысында мұғалім мен оқушылардың және басқа да қызметкерлердің жұмысы туралы ақпарат алады. Ақпарат әділ болуға тиіс. Мектептің ішкі жұмыстарын бақылау нәтижелері, оның іс-әрекетін жақсартуға игі әсерін тигізуі қажет. Мектеп ісін бақылау үшін оған бірсыпыра педагогикалық талаптар қойылады. Олар: бақылауды ұдайы және жүйелі түрде жүргізіп отыру; бақылаудың әр түрлі формаларын пайдалану бақылаудың әділеттілігі және жариялылығы бакылаудың тиімділігі және нәтижелілігі.

Басқару қызметшілерінің құрамы мен құрылымы

Басқару мамандарына басқару жүйесінде істейтін және белгілі бір басқару қызметін орындайтын немесе соны жүзеге асыруға ықпал ететін жұмыскерлер, яғни басқару процесіне іскерлікпен қатысатын, әрі басқару аппаратына енетін жұмыскерлер жатады.

Басшылар – бұлар тиісті ұжымға басшылық етушілер, басқару аппаратының немесе оның жекелеген буындарының жұмысын үйлестірушілер, қойылған міндетті орындау үшін ұжым қызметін бағылауды және реттеуді жүзеге асырушылар.

Басшы кәсібі даярлықтан ойдағыдан өткен, өзі істейтін сала бойынша білімі мен тәжірибесі жеткілікті маман ретінде өз қызметін орындағанда – мақсатты дұрыс қоя білуі, оның жүзеге асырылу барысын жан – жақты талдауы және тиімді бақылауы, білікті нұсқау бере білуі тиіс. Басқадай жетістіктерімен қоса, арнайы білімі бар басшылар өз міндетін ойдағыдай әрі нәтижелі шеше біледі.

Басшы өзінің тікелей міндетімен қоса, алуан түрлі өндірістік қызметтерді орындайтын қоғам қайраткерлері болып та саналады. Өйткені, онсыз ұйымшыл ұжым құру мүмкін емес. Осы тұрғыдан алғанда ол қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып, әр түрлі әлеуметтік мәселелерді шешуге белсене ат салысады, әр түрлі мәжілістерге, конференцияларға және басқадай қоғамдық шараларға, сайланатын жергілікті және орталық органдардың жұмыстарына қатысады

Басшылық қызметті жүзеге асыруда оқшау шаруашылық бөлімшесіне жетекшілік ететін сызықтық басшылықтың айрықша ролі бар. Олардың әрқайсысы өзіне бекітілген басшылық аппараты арқылы қарамағындағы адамдардың жұмысын үйлестіріп қана қоймай, тиісті әлеуметтік экономикалық, ұйымдық, техникалық және адамгершілік алғы шарттарды қалыптастыруға қатысты шешімдер қабылдап, өзі басқаратын барлық бөлімшедегі жұмыстың тиімділігін қамтамасыз етеді.

Қызметтік басшылық – бұл қызметтік басқарма, қызмет, бөлімдер мен басқарудың барлық деңгейіндегі басқа да бөлімшелерге (мәселен, бас инженер, жоспарлау бөлімінің бастығы) басшылық ету.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]