Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
пед менед.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
262.66 Кб
Скачать

Басқару жөніндегі ғылымды дамыту

“Менеджмент” ағылшын сөзі, латынның “манус” - қол деген сөзінен шыққан, яғни басқару көзқарасы, әдісі, құралы мен түрінің жиынтығы.

Профессор Л.И.Евенконың сөзінше “Менеджмент” – бұл еңбекті, ақылды, басқа адамдардың мінез-құлық себептерін пайдалана отырып, қойылған мақсатқа жету іскерлігі. Менеджмент – орысша “басқару, меңгеру, ұйымдастыру” міндеттері, әр түрлі мекемелердегі адамдарды басқару жөніндегі жұмыс түрі. Менеджмент - бұл, сондай-ақ адам баласының білім саласы, өз міндетін жүзеге асыруға көмекші. Менеджмент менеджер (басқару) сөзі жинағы ретінде, бұл адамдардың белгілі дәрежесі, әлеуметтік топ, олар басқару бойынша жұмысты жүзеге асырушылар. (“К основам менеджмента” вступительная статья. М.Х.Мескон, М.Альберт, Ф.Хедоури). Питер Ф.Друкер өзінің зерттеулерінде былай деп жазады, «Менеджмент …қимыл және қолдану ісімен байланысты, оның бақылауы нәтижеге жету болады. Бұл оны әдістер жинағына ұқсас жасайды. Бірақ менеджмент сондай-ақ адамдармен де, олардың құндылығымен де, өсуімен де, дамуымен де ісі бар және бұл оны қоғамдық ғылымға ұстатады… Сонымен менеджмент өзіне дәстүрлі деп есептейтіні «еркін мамандық», еркін болу себебі, білім негізінде өзін-өзі тану данышпандық және басшылықпен байланысты, «мамандық» ол сол бір уақытта тәжірибе және қолданбалы ғылым болады».

Мектепті менеджмент негізінде басқару принциптері.

Егер «басқару» ұғымы мен «менеджмент» ұғымының арасындағы өзара қатынасты қалыптастыратын болсақ, олардың бірінен-бірі кең көлемде екендігі анықталады. Менеджмент басқарудағы нақты ұйымдастырушылық әдіс-тәсілдерді, яғни басқарудың бір модулі ретінде орын алады. Н.А.Лебедева терминнің этимиологиясын сынға ала отырып: «... «менеджмент» сөзі латынның «манус» сөзінен – яғни қол байқайды». Осыған орай американдықтар үнемі: «Басшылық ету – бұл басқа біреудің қолымен еңбек ету»- деп қалжыңдайды.

Басқарудың бастапқы теориялық ұстанымдарымен сәйкес түрлі авторлар менеджмент мазмұнын әртүрлі феномен аспектілерін белгілей отырып анықтайды:

  • Менеджмент бұл қызмет ететін бір топ адамдардың жалпыға бірдей, мақсатқа жету үшін жұмсаған күш-жігерлерін жұмсау процесі;

  • Менеджмент мінез-құлық сияқты, қарым-қатынас әдісі және сондай-ақ басқарудағы басшылардың басқару дағдылары;

  • Менеджмент – бұл адамды айнала жылжитын басқарудың спецификалық түрлері (Питтер, Бруккер);

Анықтама: Менеджмент – бұл адамдармен қызметтесу, олармен қарым-қатынас жасау әдісі, ерекше басшылық дағдылары. Мектепте басқарудың «Сәйкестірілген комплекстік» принциптері ұйымдастырылуы қажет:

Менеджерлік қызметтің мәні, мазмұны.

Басқару қызметкерлерін үш топқа бөлуге болады:

Топ менеджмент-басқарудың жоғарғы буыны. Жоғарғы басқару қызметкері компанияның жалпы стартегиясын жасаумен, божаумен және ұзақ мерзімдік жоспарлаумен, маман саясаты мәселелерірін шешіп, сыртқы кәсіпорындармен байланыс орнатумен шұғылданады.

Мидле менеджмент-бұл басшыларға шешім қабылдап қажеті жоқ. Себебі оның міндеті қабылданған шешімді жүзеге асыру. Көпшілік жағдайда ортаңғы басшылар жергілікті жағдйды ескере отырып, шешімді орындауы тиіс.

Ловер менеджмент-басқарудың төменгі буыны, төменгі басшылар-төменгі жұмысшылар мен қызметкерлерге басшылық етеді. «Босс» және «Менеджер» ұғымдарын бірдей деуге болмайды. Меншік иесі және басқарушы-бұлар мүлде бөлек жандар.

Менеджер деген кім?

Менеджменттің ешбір жүйесі менеджерсіз қызмет ете алмайды. Ағылшынның «to menedge» деген сөзінен шыққан және басқарушы, меңгеруші, әкімшілік деген ұғымды білдіреді. Менеджер деген сөз бізге ағылшын тілінен келген: бір нәрсені реттеу, бір нәрсені меңгеру, басшылық ету деген сөз. Менеджер ең көп тараған кәсіптің бірі. Бұл-басқарумен шұғылданатын, заң және бсқада мәселелерді жақсы білетін адам. Менеджер табиғаына П.Друкер сипаттама берді. Оның пікірінше, менеджер арнайы екі міндетті атқарады және бұл міндеттер іскер мекеме жұмыскерлерінің ешқайсында жоқ.

Менеджерге қойылатын талаптар.

Еуропалық менеджерлер қазіргі кезде қатал талапты өзгерістерді және қауіп-қатерді бастан өткізуде. Басқару жөніндегі ағылшын консультанттары М.Вудкок пен Д.Френсис алдағы он жылдықты басқару үшін менеджерлерге мынадай дағдылар мен қабілеттер болуы тиіс деп есептеген:

  • өзін меңгере білу;

  • жеке басының бағалы қасиеттері;

  • жеке өзінің айқын жоспарлары;

  • жеке басын үнемі жетілдіріп отыру;

  • пробемалады шешуге дағдылану;

  • өнертапқыштық және инновацияға қабіеттілік;

  • маңайындағы адамдарға ерекше ықпал ете білетін қабілет;

  • қазіргі басқару әдіс-тәсілдерін білу;

  • басшылық ету қабілетін;

  • қол астындағы адамдарды баулып, жетілдіре білу;

  • тиімді жұмысшы топтарын қалыптастыру және дамыту қабілеті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]