
- •Менеджменттің қалыптасуы.
- •Менеджмент жайлы отандық ғалымдардың еңбектеріне шолу.
- •Менеджменттің бастапқы теориялары.
- •Менежменттің қазіргі мектебі.
- •Тейлор концепциясының негізгі қағидалары:
- •Басқару жөніндегі ғылымды дамыту
- •Мектепті менеджмент негізінде басқару принциптері.
- •Менеджерлік қызметтің мәні, мазмұны.
- •Американ менеджмент мектебі жеке басшының бірнеше ережесін ұсынады:
- •Мектепішілік басқарудың тұжырымдамасы.
- •Басқару қызметшілерінің құрамы мен құрылымы
- •Басқару мамандарының жұмыс принциптері
- •Мамандармен жұмыс істеудің принциптері (тәртібі):
- •Мансапты және қызметте жоғарылауды басқару
- •Басшылық ұғымының түсінігі
- •Басқару тәсілдері
- •Жетекші (басшы) құпиясы неде?
- •Басшы емес, нағыз тысқырушы
- •Жоғарыға – құрмет, төмендегілерге – лағнет
- •Пәлеқор – алаяқ немесе әзәзіл – епті
- •Басшы – ұйымдастырушы
- •Басқарушының сөйлеу мәдениеті
- •Басқарушының ролі
- •Басқарудағы коммуникацияның рөлі және оның түрлері
- •Жеке адамдар арасындағы дау-жанжалды шешудің мынадай нышандары болады:
- •Басшы жұмысының стилі-оның басқару процесінде пайдаланатын тәсілдердің, амалдардың іс-әрекеттерінің жинтығы. Басшының стилі –бұл шешім қабылдау және қызметкерлерге тапсырма беру әдісі.
- •Басқару еңбегінің мазмұны, сипаты және ерекшеліктері
- •Келушілерді қабылдау және әңгімелесу
- •Мұқият тыңдаушының орындауға тиісті жағдайлары.
- •Паркинсонның пікірінше, мәжіліс төрағасының қолайсыз 4 типі болады:
- •Халық педагогикасы жайлы жалпы ұғым және әр түрлі көзқарастар
- •Мектептегі басқарудың ғылыми-педагогикалық негіздері
- •Педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастыру
- •Мұғалім еңбегінің шығармашылық сипаты
- •Мектеп басшысы және оған қойылатын талаптар
- •Оқу жұмысы
- •Тәрбие жұмысы
- •Мектепті басқару әдістері және стилі
- •Жалпы бiлiм беру мекемелелерiнiң директоры (мектеп, мектеп – интернаты, гимназия, лицей, т.Б.)
- •Жалпы бiлiм беретiн мекемелердiң директорларының ғылыми, оқу, оқу-тәрбие iсi жөнiндегi орынбасарлары
- •Жалпы бiлiм беретiн мекемелердiң директорларының оқу-тәрбие iсi жөнiндегi орынбасарлары
- •Мектептің директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасарының атқаратын қызметі
- •Мектептің оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарының құжаттары
- •Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының атқаратын қызметі және міндеттері
- •І. Әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру құжаттары
Менеджменттің бастапқы теориялары.
Менежмент-дәстүрлер тарихы конценнияларды инстиуттарды, теория мен практиканы қамтитын бүкіл адам мәдениетінің элементі. Бұл талассыз дәлелденген қағида. Өйткені тиімді басқару проблемасы адамдарды ұйымдастыру басталған мезетте пайда болды.
Басқару практикасы, ұйымдастыру секілді өт көне. Басқару ісін жетілдіруге мыңдаған жылдар бойы қажырлы еңбек, оны тиімді ұйымдастыру қажет болды, бұған өз уақытында ең озық ақыл – ой жетістіктері жұмсалды. Біздің заманымызға дейінгі үшінші мың жылдықта сазбалшықтан істелген табличкаларда көне жүйелердің комерциялық келісімдері мен заңдар туралы деректер жатады. Мұның өзі оларды басқару практикасының болғандығын дәлелдейді. Көне египеттіктер бізге жазбаша ескерткіштер қалдырды. Онда әңгіме басқару туралы болады. Осыдан 4 мың жылдай бұрын жазылған кітапта казіргі басқарушылар үшін әлі күнге мәнін жоғалтпаған мынадай ойлар айтылады. «Егер сен басшы болсаң байсалды бол. Өтініш айта келген адам саған ойындағысын айтып біткенше сөзін бөлме. Бақытсыздыққа тап болған адам, өз мәселесін дұрыс шешкеннен гөрі, ақтарыла сөйлеп, іштегі шерін тарқатқатқанды жөн санайды».
Менежменттің қазіргі мектебі.
М.Х.Мескон, М.Алъберт, Х.Хедоури «Менежмент негіздері: басқарудағы ой-пікірдің дамуы» кітабында мектептің төрт түрін белгіледі: ғылыми басқару мектебі, әкімшілік мектебі, психология және адамдар қарым-қатынасының мектебі және басқару ғылымының мектебі. Мектептің төртке бөлінуіне байланысты төрт түрлі тәсілге бөлінеді. Мұнда басқару төрт түрлі көзқараста қарастырылады.
Ғылыми менеджменттің пайда болуы Фредерик Уинслоу Тейлордың (1856-1920) есімімен байланысты. Оның басты еңбектері «Фабриканы басқару» (1903), «Ғылыми менеджмент принциптері» (1911), «Конгрестің арнайы комиссиясы алдында көрсету». (1912) Филаделъфиядағы оның зиратының басына ғылыми менеджмент атасы деп жазылған.
1856 жылы Филаделъфиялық адвокаттың отбасында дүниеге келген Фредерик Тейлор жасынан талапкер, ізденгіш болып өсті. Әуелі көзі уақытша нашар көргендіктен, Гарвард университетінде оқуды тоқтатып, Тейлор Филаделъфиядағы шағын шеберханаға қарапайым жұмысшы болып орналасты.
Тейлор концепциясының негізгі қағидалары:
1. Практикада қалыптасқан ескі, дәстүрлі жұмыс тәсілдерінің орнына ғылыми іргетасты құру, оның әрбір элементін ғылыми тұрғыда зерттеу. Ол: «Басқаруда да көпір салу секілді асқан дәлдік керек»- деді.
2. Жұмысшыларды ғылыми критерий бойынша таңдау, оларды жатықтыру және баулу.
3. Еңбекті ұйымдастырудың ғылыми ойластырылған жүйесін практикаға енгізу әкімшілік пен жұмысшылар арасындағы ынтымақтастық.
4. Еңбекті біркелкі бөлісу және әкімшілік пен жұмысшылар арасындағы жауапкершілік.
Еңбек өнімділігін барынша арттыруды басты мақсат етіп қоя отырып, Ф.Тейлор жұмысшы еңбегі мен өндіріс құралдарын пайдалануды; материалдар мен аспаптарды үнемдеп жұмсауды, аспаптарды, жұмыс операцияларын стандарттауды, жұмыс уақытын дәл есептеуді қарапайым операцияларға бөліп, кейіннен хронометраждау арқылы еңбек процестесін зерттеуді, әрбір операцияға бақылау орнатуды, бірыңғайланған еңбек ақыны қолдануды т.б. көздеді.