
- •Менеджменттің қалыптасуы.
- •Менеджмент жайлы отандық ғалымдардың еңбектеріне шолу.
- •Менеджменттің бастапқы теориялары.
- •Менежменттің қазіргі мектебі.
- •Тейлор концепциясының негізгі қағидалары:
- •Басқару жөніндегі ғылымды дамыту
- •Мектепті менеджмент негізінде басқару принциптері.
- •Менеджерлік қызметтің мәні, мазмұны.
- •Американ менеджмент мектебі жеке басшының бірнеше ережесін ұсынады:
- •Мектепішілік басқарудың тұжырымдамасы.
- •Басқару қызметшілерінің құрамы мен құрылымы
- •Басқару мамандарының жұмыс принциптері
- •Мамандармен жұмыс істеудің принциптері (тәртібі):
- •Мансапты және қызметте жоғарылауды басқару
- •Басшылық ұғымының түсінігі
- •Басқару тәсілдері
- •Жетекші (басшы) құпиясы неде?
- •Басшы емес, нағыз тысқырушы
- •Жоғарыға – құрмет, төмендегілерге – лағнет
- •Пәлеқор – алаяқ немесе әзәзіл – епті
- •Басшы – ұйымдастырушы
- •Басқарушының сөйлеу мәдениеті
- •Басқарушының ролі
- •Басқарудағы коммуникацияның рөлі және оның түрлері
- •Жеке адамдар арасындағы дау-жанжалды шешудің мынадай нышандары болады:
- •Басшы жұмысының стилі-оның басқару процесінде пайдаланатын тәсілдердің, амалдардың іс-әрекеттерінің жинтығы. Басшының стилі –бұл шешім қабылдау және қызметкерлерге тапсырма беру әдісі.
- •Басқару еңбегінің мазмұны, сипаты және ерекшеліктері
- •Келушілерді қабылдау және әңгімелесу
- •Мұқият тыңдаушының орындауға тиісті жағдайлары.
- •Паркинсонның пікірінше, мәжіліс төрағасының қолайсыз 4 типі болады:
- •Халық педагогикасы жайлы жалпы ұғым және әр түрлі көзқарастар
- •Мектептегі басқарудың ғылыми-педагогикалық негіздері
- •Педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастыру
- •Мұғалім еңбегінің шығармашылық сипаты
- •Мектеп басшысы және оған қойылатын талаптар
- •Оқу жұмысы
- •Тәрбие жұмысы
- •Мектепті басқару әдістері және стилі
- •Жалпы бiлiм беру мекемелелерiнiң директоры (мектеп, мектеп – интернаты, гимназия, лицей, т.Б.)
- •Жалпы бiлiм беретiн мекемелердiң директорларының ғылыми, оқу, оқу-тәрбие iсi жөнiндегi орынбасарлары
- •Жалпы бiлiм беретiн мекемелердiң директорларының оқу-тәрбие iсi жөнiндегi орынбасарлары
- •Мектептің директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасарының атқаратын қызметі
- •Мектептің оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарының құжаттары
- •Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының атқаратын қызметі және міндеттері
- •І. Әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру құжаттары
Мектеп басшысы және оған қойылатын талаптар
Мектеп қоғамның әлеуметтік ұясы. Онда демократияландыру, ізгілендіру негізінде педагогикалық ұжым нығаяды, қалыптасады, идея жағынан шынығады. Осыған орай, мектеп басшысы жаңа ойлармен, жаңа идеялармен қаруландырады, оқу-тәрбие жұмысына заман талабына сай жаңа көзқарастармен қарайды, басқарудың жаңа демократиялық стилі пайда болады. Жаңашыл директор мұғалімнің шығармашылық ынтасын, құзыретін, дербестігін, ынтымақтастығы мен жауапкершілігін бағалайды. Сондықтан мұғалім мектеп басшысына бағынышты болмайды, ол қажымайтын ізденуші, шындық үшін күрескер адам.
Ізгілендіру барлық мектеп өмірін демократияландыру жағдайында жүзеге асырылады. Ізгілендіру – бұл балаға деген зор қамқорлық, қайырымдылық, оның мақсатын, тілегін, мүддесін қабылдау, баланы қоғамның белсенді, саналы теориялық және практикалық білім негізімен қаруланған мүшесі етіп дайындау.
Күрделі және жауапты мәселелерді шешуде мектеп директорының оқу-тәрбие жұмысын басқарудағы деңгейін сипаттайтын көрсеткіштер: шығармашылық, педагогикалық шеберлік, білімдарлық, жоғары идеялық ұжымшылдық. Сонымен бірге оның бойындағы құзыреттілік, шешімділік, тапқырлық сияқты қасиеттердің де болуы тиіс. Директордың мұндай болымды қасиеттерін мұғалімдер, ата-аналар жоғары бағалайды.
Оқу жұмысы
Оқу бағдарламасы бойынша білім беру процесін жетілдіруге байланысты бұл бөлімге мынадай мәселелерді енгізу қажет:
оқу процесінде оқушылардың таным іс-әрекетін, белсенділігін дамыту, әрбір пән бойынша оқудың сапасын арттыру;
мектептің оқу кабинеттерін, лабораторияларды оқыту және электронды есеп машиналарымен, компьютерлермен басқа да техникалық және көрнекі құралдарымен жабдықтау және оларды қолданудың тиімді жолдарын іздестіру;
пәндер бойынша оқушылардың олимпиадаларын, сайыстарын, байқауларын, саяхаттарын өткізу жұмыстары;
оқушыларды емтихандарға дайындау;
мұғалімдердің әдістемелік бірлестіктерінің, проблемалық топтардың жұмыстары;
мұғалімдердің білім беру саласындағы озат тәжірибелерін зерттеу, оны көпшілік игілігіне айналдыру;
сынып жетекшілерінің оқу жұмысы жайлы есептері;
еңбек сабақтары, кәсіптік бағдар беру жұмыстары;
оқу шеберханалары, оқу-тәжірибе учаскесі, оқушылардың өндірістік бригадаларының жұмыстары, т.б.
Тәрбие жұмысы
Бұл бөлімге мектепішілік және мектептен тыс тәрбие жұмыстары жайлы мәселе кіреді. Олар:
Барлық сыныптардан және мектептен тыс тәрбие жұмыстарының жүйесінде оқушылардың адамгершілік, эстетикалық, дене, еңбек, интернационалдық, экономикалық, экологиялық, құқық тәрбиесінің мазмұндарын және өткізу әдістерін жетілдіру.
Оқушыларды өзіне-өзі еңбек етуге баулу, қоғамдық пайдалы және өнімді еңбекке, шығармашылық жұмысқа тарту, әр түрлі үйірмелердің іс-әрекеті, т.б.
Оқушыларды өзін-өзі басқару жұмысына үйрету, педагогикалық басшылық жасау.
Ұжымдық шығармашылық істің байқауын өткізу.
Тарихи-патриоттық тәрбие тақырыптарына байланысты жорықтар, көрмелер, конференциялар ұйымдастыру.
Жас әншілердің, бишілердің, музыканттардың сайысын өткізу.
Оқушылардың спорт жұмыстарын дамыту және жетілдіру мәселелері.
Мектептен тыс білім және тәрбие беретін мекемелермен, яғни жас техниктер және жас табиғат зерттеушілер үйірмелерімен, балалар кітапханалары, жас көрермендер театрларымен ынтымақтасу.
Мектеп пен үйелменнің бірлестігі
Бұл бөлімге кіретін басты мәселелер: мектеп пен ата-аналар комитетінің байланысы; ата-аналардың психологиялық-педагогикалық мәдениетін көтеруге байланысты педагогикалық насихат жұмыстарының негізгі түрлері; лекториялар, семинарлар, конференциялар, т.б.
Педагогикалық мамандармен жұмыс
Бұл бөлімнің негізгі мәселелері:
мамандардың педагогикалық білімін түрлі курстар, семинарлар, сырттан оқу арқылы көтеру;
озат педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау, оқу-тәрбие процесіне енгізу;
әдістемелік бірлестіктердің, проблемалық топтардың, психологиялық-педагогикалық семинарлар жұмыстары;
мұғалімдердің өз бетінше арнайы проблемаларға байланысты теориялық білім алуларына көмектесу;
жас мұғалімдерді тәрбиелеу, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету.
Қаржы және шаруашылық жұмыстары
Мектептегі жаңа оқу жылына дайындау: сынып бөлмелерін, оқу кабинеттерін, лабараторияларын, оқу шеберханаларын, спорт залдарын, алаңдарын жөндеу және жабдықтау.
Мектеп кітапханасын пәндер бойынша қажетті оқулықтармен, оқу құралдарымен, түрлі әдеби және ғылыми кітаптармен толықтыру.
Жұмсалатын қаржының күні бұрын қажетті құжаттарын жасау.
Педагогикалық кеңестің жұмыстары
Әрбір педагогикалық кеңесті белгіленген мезгілде өткізіп, онда қаралған ғылыми-педагогикалық тұрғыдан талқылауды және дұрыс шешім қабылдауды қамтамасыз ету мектеп басшыларының негізгі ісі.
Қаралған мәселелер бойынша шешімдердің мезгіліне орындалып отыруы қатаң бақылауды қажет етеді.
Мектептің жалпы жоспарында көрсетілген жұмыстардың дер кезінде орындалуын бақылап, жүзеге асыру үшін директор әр айға, яғни іске тез асырылатын жұмыс жоспарын және апталық жұмыс күнделігін жасайды. Осы құжаттар бойынша ол орындауға жататын жұмыстарды алдын ала анықтайды, іске асырудың жолдарын іздестіреді.
Жылдық жоспарға сәйкес директордың айлық жоспарында бір айда істелетін жұмыстың түрлері өткізілетін мерзімдері көрсетіледі. Апталық жұмыс күнделігіне күн сайын істелетін нақты жұмыстар, соның ішінде өзінің беретін сабақтары және мұғалімдердің сабақтарына кіру жүйесі жазылады.
Міне, мектеп директоры өзінің іс-әрекетін шеберлікпен жоспарлаудың және іске асырудың негізінде тиімді нәтиже береді.