Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
пед менед.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
262.66 Кб
Скачать

Мектептегі басқарудың ғылыми-педагогикалық негіздері

Мектеп жұмыстарының ішінде ең басты мәселелердің бірі – педагогикалық ұжымға ғылыми тұрғыдан сауатты басшылық жасау қажет. Мектеп жұмысын меңгеріп, зор жауапкершілікпен жүзеге асыратын тұлға директор және оның оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары. Олар өздерінің міндеттерін педагогикалық ұжыммен ынтымақтасып, демократиялық принцип негізінде іске асырады.

Мектеп басшылары бақылаудың барысында мұғалім мен оқушылардың және басқа да қызметкерлердің жұмысы туралы ақпарат алады. Ақпарат әділ болуға тиіс. Мектептің ішкі жұмыстарын бақылау нәтижелері, оның іс-әрекетін жақсартуға игі әсерін тигізу қажет. Мектеп ісін бақылау үшін оған бірсыпыра педагогикалық талаптар қойылады. Олар: бақылауды ұдайы және жүйелі түрде жүргізіп отыру; бақылаудың әр түрлі формаларын пайдалану; бақылаудың әділеттілігі және жариялылығы; бақылаудың тиімділігі және нәтижелігі.

Мектепішілік бақылау мазмұнына кіретін мәселелер:

а) оқу жоспары мен оқу бағдарламалары, олардың орындалуы;

ә) сабақ берудің және оқудың жағдайы (сабақ берудің теориялық және әдістемелік деңгейі, оқушылар білімінің, іскерлігінің және дағдысының сапасы, т.б.);

б) жаңашыл мұғалімдердің педагогикалық тәжірибелерін оқып үйрену, тарату, және оқу-тәрбие процесіне енгізу;

в) тәрбие жұмыстарын бүгінгі өмір талаптарына сәйкес басқару (сыныптар бойынша тәрбие жұмыстары, ұзартылған күн топтары, сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстары);

г) әдістемелік жұмыстар (педагогикалық және әдістемелік кеңестер, әдістемелік пән бірлестіктері, шығармашылық топтар, т.б.);

д) ата-аналар және жұртшылықпен жүргізілетін жұмыстар;

е) мектеп құжаттары;

ж) педагогикалық кеңесте қабылданған шешімдердің орындалуын тексеру.

Педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастыру

Еңбекті ғылыми ұйымдастырудың жалпы идеясы педагогикалық еңбектің ерекшелігіне сәйкес өзгереді, жаңартылады. Педагогикалық еңбек – бұл еңбек түрлерінің бірі, мұндай еңбекте мұғалім мен оқушылар бірлесіп әрекет жасайды. Сондықтан материалдық өндіріс орындарында қолданылатын еңбекті ғылыми ұйымдастырудан (ЕҒҰ – НОТ) педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастырудың (ПЕҒҰ – НОПТ) айырмашылығы – бұл бірлесіп істейтін жұмыстары нәтижелі болу үшін жағдай жасау, екіншісі – оқушы.

Педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастыру – бұл ынтымақтастық педагогикасы негізінде мұғалім мен оқушылардың бірлесіп істейтін жұмыстары нәтижелі болу үшін жағдай жасау. Ал еңбек – бұл нақты мақсатқа сәйкесті адамның іс-әрекеті. Іс-әрекеттің бастысы дене, ақыл-ой еңбегі, материалдық және рухани еңбек, ойын, оқу, т.б. еңбек өндірілетін материалдық және рухани құндылықпен байланысты.

Мұғалім еңбегінің шығармашылық сипаты

Мұғалім еңбегі басқа қызметтермен салыстырғанда, өзіндік ерекшелігі мол шығармашылықты сүйеді. Өйткені жеткіншек ұрпақты өмірге, еңбек пен әлеуметтік іс-әрекетіне дайындау – мұғалімдерді көп іздендіріп, ойландыратын жұмыстың ең басты түрі. Олай болса, әрбір мұғалім орта немесе жоғары дәрежелі педагогтық білім алумен қанағаттанып қоймай, ол тәрбие мен оқытудың тиімді жолдарын үнемі іздестіріп, өз жұмысында пайдаланып отыруы тиіс. Сонда ғана мұғалім жаңашыл, оқушыларға тәрбие және білім берудің теориясы мен практикасын дамытудың қозғаушы күші және шебері бола алады.

Мұғалім еңбегінің ғылымға негізделе отырып, белгілі жүйелілікпен жүзеге асырылатыны айқын. Мысалы, оңайдан қиынға, жеңілден ауырға, нақтылы түсініктен абстрактылы ұғымға біртіндеп ауысуы ережелерін және оқушылардың жасы мен дербес ерекшеліктерін еске алмайынша оқу және тәрбие жұмысында белгілі нәтижеге жету қиын. Сондықтан мұғалімнің алдындағы басты міндет – оқушыларды біліммен қаруландыра отырып, ойлауға, сөз шеберлігіне, еңбек ете білуге үйрету және тәрбиелеу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]