
- •Менеджменттің қалыптасуы.
- •Менеджмент жайлы отандық ғалымдардың еңбектеріне шолу.
- •Менеджменттің бастапқы теориялары.
- •Менежменттің қазіргі мектебі.
- •Тейлор концепциясының негізгі қағидалары:
- •Басқару жөніндегі ғылымды дамыту
- •Мектепті менеджмент негізінде басқару принциптері.
- •Менеджерлік қызметтің мәні, мазмұны.
- •Американ менеджмент мектебі жеке басшының бірнеше ережесін ұсынады:
- •Мектепішілік басқарудың тұжырымдамасы.
- •Басқару қызметшілерінің құрамы мен құрылымы
- •Басқару мамандарының жұмыс принциптері
- •Мамандармен жұмыс істеудің принциптері (тәртібі):
- •Мансапты және қызметте жоғарылауды басқару
- •Басшылық ұғымының түсінігі
- •Басқару тәсілдері
- •Жетекші (басшы) құпиясы неде?
- •Басшы емес, нағыз тысқырушы
- •Жоғарыға – құрмет, төмендегілерге – лағнет
- •Пәлеқор – алаяқ немесе әзәзіл – епті
- •Басшы – ұйымдастырушы
- •Басқарушының сөйлеу мәдениеті
- •Басқарушының ролі
- •Басқарудағы коммуникацияның рөлі және оның түрлері
- •Жеке адамдар арасындағы дау-жанжалды шешудің мынадай нышандары болады:
- •Басшы жұмысының стилі-оның басқару процесінде пайдаланатын тәсілдердің, амалдардың іс-әрекеттерінің жинтығы. Басшының стилі –бұл шешім қабылдау және қызметкерлерге тапсырма беру әдісі.
- •Басқару еңбегінің мазмұны, сипаты және ерекшеліктері
- •Келушілерді қабылдау және әңгімелесу
- •Мұқият тыңдаушының орындауға тиісті жағдайлары.
- •Паркинсонның пікірінше, мәжіліс төрағасының қолайсыз 4 типі болады:
- •Халық педагогикасы жайлы жалпы ұғым және әр түрлі көзқарастар
- •Мектептегі басқарудың ғылыми-педагогикалық негіздері
- •Педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастыру
- •Мұғалім еңбегінің шығармашылық сипаты
- •Мектеп басшысы және оған қойылатын талаптар
- •Оқу жұмысы
- •Тәрбие жұмысы
- •Мектепті басқару әдістері және стилі
- •Жалпы бiлiм беру мекемелелерiнiң директоры (мектеп, мектеп – интернаты, гимназия, лицей, т.Б.)
- •Жалпы бiлiм беретiн мекемелердiң директорларының ғылыми, оқу, оқу-тәрбие iсi жөнiндегi орынбасарлары
- •Жалпы бiлiм беретiн мекемелердiң директорларының оқу-тәрбие iсi жөнiндегi орынбасарлары
- •Мектептің директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасарының атқаратын қызметі
- •Мектептің оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарының құжаттары
- •Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының атқаратын қызметі және міндеттері
- •І. Әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру құжаттары
Паркинсонның пікірінше, мәжіліс төрағасының қолайсыз 4 типі болады:
үстемдік етушілер (подависты) – олар қызу басталған талқылауға қысым көрсетуге тырысады;
елірмелер (дурманисты) – бұлар мақсатқа басқаша жолмен жетеді, - олар мәжіліске қатысушыларды өз білімімен таң қалдыруға тырысады, бірақ жұртшылық мәжіліс төрағасының не жөнінде айтып отырғаны туралы ештеме білмейді. Бұған екінші бір елірме қарсы тұруы мүмкін:
қорқытушы (устрашист) – бұл ауыр бульдозер: бұл дауысы ащы шығатын қызыл шырайлы адам, оған қарылық көрсете қалсаң, шабынан тулап, қояншығы ұстай жаздайды;
былықтырғыш (путанист) – тиісті жерінде мәжілістің берекесін кетіреді. Мұндайда ешкім не мәселе талқыланып отырғанына, тіпті күн тәртібіндегі қандай бапқа таласып отырғаны туралы бейхабар қалады.
Бөлмені әзірлеу – бөлменің дыбыс өткізбеушілігі жақсы, ауа температурасы қалыпты, мебельдері, желдеткіштері жұмыс істеуге ыңғайлы болуы тиіс.
Мәжілісті өткізу. Қанша адамның келмегеніне қарамастан мәжілісті дәл белгіленген уақытында өткізу қажет. Оны дер кезінде өткізудің өзі-ақ кешігушілерді бірте-бірте азайтады. Мәжіліске қатысушылар оның жұмысына белсене ат салысуы тиіс. Мұндайда басшы (төраға) қабілетінің зор мәні бар. Адамдарды зорлап сөйлетудің де қажеті жоқ.
Регламент кез келген мәжілістің бұлжымас заңы болуы тиіс. Мәжіліске кешігуі секілді, регламенттің бұзылуы да қызметтегі кемшілік болып саналады. Оның үстіне жиналысқа қатысушы тек өз жұмыс күнін ғана кемітетін болса, ол жиналысты кешіктіру бүкіл ұжым мүшелерінің жұмыс күніне, яғни өндіріске үлкен зиянын тигізеді.
Ұйымдық техникаларды қолдану. Негізгі түрлері: көрсететін бейне құралдар, радиомикрофондар, дауыс зорайтқыш құралдар, компьютерлер регламенттік және хаттамалық (протоколдық) ұйымдық техникалар көбейткіш аппараттар.
Халық педагогикасы жайлы жалпы ұғым және әр түрлі көзқарастар
Қоғамның барлық тарихи даму кезеңдерінде халық педагогикасы жайлы ұғымды анықтау, әр түрлі ғылыми-педагогикалық көзқарастарды қалыптастыру проблемаларына көптеген ғалымдар, педагогтар көңіл аударды, құнды пікірлер айтты, өмірлік мұра қалдырды. Олар орыс педагогтары К.Д.Ушинский, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский, В.И.Водовозов, Г.С.Виноградов, чуваш педагогы Г.Н.Волков, татар педагогы Я.И.Ханбиков, азербайжан педагогы А.Ш.Гашимов, грузин педагогы А.Ф.Хинтибидзе, Қырғызстан ғалымы, академик А.Э.Измаилов, қазақтың көрнекті жаңашыл педагогы Ыбырай Алтынсарин, қазақтың асқан ақыны, педагогы Мағжан Жұмабаев, т.б.
Кейбір ғалым-педагогтардың зерттеу мәліметтеріне қарағанда, халық педагогикасы жайлы әр түрлі ұғымдарды және көзқарастарды байқауға болады. К.Д.Ушинский әрбір елде халықтың мүддесіне, мұқтажына сәйкес өзіндік білім және тәрбие беру жүйесінің қажет екендігін айтты. Ол өзінің педагогикалық теориясында тәрбиенің ұлыстық принципіне сүйеніп, тәрбиенің халықтың идеясын дәлелдеді. К.Д.Ушинский халық дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын, салт-санасын жақсы білген. Ол: “Дерексіздік идеяларға сүйеніп жазылған ең жақсы тәрбие жүйесін, халықтың мол тәрбиесіне негізделген тәрбиеге еш уақытта тең бола алмайды”, – деп тұжырымдады. Осыған орай, халық педагогикасының тәрбиелік ықтималын өте жоғары бағалады. Оның пікірі бойынша халық – бірінші тәрбиеші, ал халық ертегілері – халық педагогикасын жасаудың бірінші және жарқын әрекеті.