
- •Менеджменттің қалыптасуы.
- •Менеджмент жайлы отандық ғалымдардың еңбектеріне шолу.
- •Менеджменттің бастапқы теориялары.
- •Менежменттің қазіргі мектебі.
- •Тейлор концепциясының негізгі қағидалары:
- •Басқару жөніндегі ғылымды дамыту
- •Мектепті менеджмент негізінде басқару принциптері.
- •Менеджерлік қызметтің мәні, мазмұны.
- •Американ менеджмент мектебі жеке басшының бірнеше ережесін ұсынады:
- •Мектепішілік басқарудың тұжырымдамасы.
- •Басқару қызметшілерінің құрамы мен құрылымы
- •Басқару мамандарының жұмыс принциптері
- •Мамандармен жұмыс істеудің принциптері (тәртібі):
- •Мансапты және қызметте жоғарылауды басқару
- •Басшылық ұғымының түсінігі
- •Басқару тәсілдері
- •Жетекші (басшы) құпиясы неде?
- •Басшы емес, нағыз тысқырушы
- •Жоғарыға – құрмет, төмендегілерге – лағнет
- •Пәлеқор – алаяқ немесе әзәзіл – епті
- •Басшы – ұйымдастырушы
- •Басқарушының сөйлеу мәдениеті
- •Басқарушының ролі
- •Басқарудағы коммуникацияның рөлі және оның түрлері
- •Жеке адамдар арасындағы дау-жанжалды шешудің мынадай нышандары болады:
- •Басшы жұмысының стилі-оның басқару процесінде пайдаланатын тәсілдердің, амалдардың іс-әрекеттерінің жинтығы. Басшының стилі –бұл шешім қабылдау және қызметкерлерге тапсырма беру әдісі.
- •Басқару еңбегінің мазмұны, сипаты және ерекшеліктері
- •Келушілерді қабылдау және әңгімелесу
- •Мұқият тыңдаушының орындауға тиісті жағдайлары.
- •Паркинсонның пікірінше, мәжіліс төрағасының қолайсыз 4 типі болады:
- •Халық педагогикасы жайлы жалпы ұғым және әр түрлі көзқарастар
- •Мектептегі басқарудың ғылыми-педагогикалық негіздері
- •Педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастыру
- •Мұғалім еңбегінің шығармашылық сипаты
- •Мектеп басшысы және оған қойылатын талаптар
- •Оқу жұмысы
- •Тәрбие жұмысы
- •Мектепті басқару әдістері және стилі
- •Жалпы бiлiм беру мекемелелерiнiң директоры (мектеп, мектеп – интернаты, гимназия, лицей, т.Б.)
- •Жалпы бiлiм беретiн мекемелердiң директорларының ғылыми, оқу, оқу-тәрбие iсi жөнiндегi орынбасарлары
- •Жалпы бiлiм беретiн мекемелердiң директорларының оқу-тәрбие iсi жөнiндегi орынбасарлары
- •Мектептің директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасарының атқаратын қызметі
- •Мектептің оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарының құжаттары
- •Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының атқаратын қызметі және міндеттері
- •І. Әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру құжаттары
Басқару еңбегінің мазмұны, сипаты және ерекшеліктері
Қоғамдық еңбекті дамытудың маңызды белгісі, оны бөлісумен бірлесу. Өндірісте еңбекті жүйелі түрде бөлісу мен бірлесу басшы еңбегін адамдардың іс-әрекетіндегі ерекше түрге білуге ықпал етті. Басшылықта бірлескен еңбек объективті қажеттілік, өйткені оны жүзеге асыру үшін адамдардың бірлесіп әрекет етуі қажет, ал мұның өзі басқару арқылы қамтамасыз етіледі.
Адамдармен жұмыс істеу өнері туа пайда болмайды, оның өзі өмір бойы, өмір тәжірибесінің, өзімен өзі жұмыс істеудің, сан салалы білім алудың нәтижесінде қалыптасады.
Басшылық тәсілі ұжым деңгейіне тығыз байланысты, олар өзара қатысты әрі бірін-бірі жетілдіріп отырады.
Басшының ұжыммен қарым-қатынасы көбінесе оның жеке басына және де сол ұжыммен ынтымақты, дұрыс жұмыс істей білуіне байланысты. Осыған орай басшының ұжыммен қарым-қатынас орната білуінің ұйым үшін зор маңызы бар. Басшының ұжыммен қарым қатынасы бірқатар ерекшеліктерімен сипатталады.
Біріншіден ұжымдағы қарым-қатынас жағдайына басшыға тиісті құқық пен өкілеттілік біршама ықпал етеді. Ұжым алдында тұрған міндеттерді шешу үшін қажетті осындай құқықтарды жүзеге асыру, басшының ұжыммен ресми, іскерлік қарым-қатынас орнатуының негізі болып саналады. Бұл қарым-қатынаста жеке адамдардың үйлесуі де үйлеспеуі де мүмкін.
Екіншіден, көпшілік ұжым үшін басшы – бұл тек лауазым бедел ғана емес, белгілі бір білімді және ұжым мен ұйым ісін басқару саласында қабілеттілікті қажет етеді. Осыған орай кәсіптік этиканың алуан турлі болып саналатын басшы этикасы, басшылық этикасы туралы айтуға тура келеді.
Үшіншіден, басшының ұжыммен қарым-қатынас этикасы топқасқандықтың, ұжымды ұйымдастырудың, олардың өз әлеуметтік қызметін орындаудың маңызды факторы болып саналады. Басшының осындай қарым-қатынасқа ықпал етуі, оның өкілеттілігі, құқығы ғана емес, сондай-ақ оның идеялық ықпалы, сенімі мен жеке басының үлгісі.
Төртіншіден, ұжым құрамына қарай басшы өзін жақсы жағынан да, нашар жағынан да көрсетуі мүмкін. Мұндайда адамдар басшының кейбір дағдысына еліктейтіндігін өздері де аңғармай қалады.
Келушілерді қабылдау және әңгімелесу
Басшылар жұмыс уақытының көпшілік бөлігін өзінің қарамағындағы адамдармен әңгімелесуге, жұмыстың орындалуын бақылауға, келушілерді қабылдап жаңа мәліметтер алуға арнайды. Мұның өзі кездесуді ұйымдастырғанда, біріншіден, жұртшылықтың сеніміне ие болу үшін, екіншіден әңгімелесуші қолайлы, әрі түсінікті нышанда оған қажетті мәліметтерді беру, өз жұмыс тәжірибесін көрсету, пайдалы инициативаны қолдау үшін іскерлік танытуды қажет етеді.
Басшы жекелей кездесудің көпшілігін қызмет үстінде қабылдау кезінде жүзеге асырады. Қабылдау мәнері бойынша басшылар 3 топқа бөлінеді:
І топ – мұндай басшыларға барлығы тобымен келеді, жалған демократ. Егер басшының қарамағында жиырма шақты қызметшілері болса, онда «Ашық есік саясаты» дұрыс деп саналады.
ІІ топ – мұндай басшыға кіру де, оны орнынан табу да өте қиын.
ІІІ топ – мұндай басшының қабылдау тәртібі болады, кезектілік пен регламент сақталады, бұл ұнамды топ.
Қабылдауды екі түрге бөлуге болады: басшының инициативасы (шақыруы) бойынша қабылдау және қол астындағылардың өтініші бойынша қабылдау.
Басшы қол астындағыларды әңгімеге тарта білуі, өзіне сендіре білуі тиіс. Егер қол астындағылар өз мәселесін басшысыз шешуге тырысатын болса, онда мұндай басшыға сенім болмайды.
Кездесудің бастапқы сәті бірнеше түрге бөлінеді:
Басшы орнынан тұрмайды, бірақ келген кісіге қарайды.
Орнында отырып амандасады.
Орнынан тұрып амандасады.
Келушіні қарсы алып амандасады, орын ұсынады.
Қабылдауды ұйымдастыру:
белгіленген уақытты мүлтіксіз орындау қажет. Егер 10 минуттай кешіксеңіз кешірім сұрайсыз, ал 30 минуттан астам кешігетін болсаңыз басқа уақытты белгілеңіз;
қабылдауды ұйымдастырғанда басқа келушілер де, телефон шылдыры да бөгет жасамайтын болсын. Мәжілісті немесе кеңесуді ойдағыдай өткізу үшін басшы өзін ғана айтып қана қоймай, тыңдай да білсін. Шет елдердегі іскерлік, әкімшілік мектептері өз бағдарламасына «жасампаздық тыңдау» атты пәнді енгізетіні белгілі.
Әлеуметтік психология жөніндегі мамандар тыңдаушылардың қателіктері мен зиянды әдеттерін зерттеп, осының негізінде арнайы курс ұйымдастырып, онда жаттықтыру арқылы тыңдау тиімділігін едәуір арттыруға болатындығын дәлелдеген.
Әңгімелесушіні тыңдай білу – ерекше төзімділікті қажет ететін күрделі іс. Әрине, мұндайда сіздің көкейіңізде көптеген проблемалар тұрғанымен, әрі сіз күні бойғы жұмыстан шаршағаныңызбен немесе жүйкеңіз қажып, мазаңыз болмай тұрса да әңгімелесушінің сөзін зейін қойып тыңдауға тиіссіз.