
- •Менеджменттің қалыптасуы.
- •Менеджмент жайлы отандық ғалымдардың еңбектеріне шолу.
- •Менеджменттің бастапқы теориялары.
- •Менежменттің қазіргі мектебі.
- •Тейлор концепциясының негізгі қағидалары:
- •Басқару жөніндегі ғылымды дамыту
- •Мектепті менеджмент негізінде басқару принциптері.
- •Менеджерлік қызметтің мәні, мазмұны.
- •Американ менеджмент мектебі жеке басшының бірнеше ережесін ұсынады:
- •Мектепішілік басқарудың тұжырымдамасы.
- •Басқару қызметшілерінің құрамы мен құрылымы
- •Басқару мамандарының жұмыс принциптері
- •Мамандармен жұмыс істеудің принциптері (тәртібі):
- •Мансапты және қызметте жоғарылауды басқару
- •Басшылық ұғымының түсінігі
- •Басқару тәсілдері
- •Жетекші (басшы) құпиясы неде?
- •Басшы емес, нағыз тысқырушы
- •Жоғарыға – құрмет, төмендегілерге – лағнет
- •Пәлеқор – алаяқ немесе әзәзіл – епті
- •Басшы – ұйымдастырушы
- •Басқарушының сөйлеу мәдениеті
- •Басқарушының ролі
- •Басқарудағы коммуникацияның рөлі және оның түрлері
- •Жеке адамдар арасындағы дау-жанжалды шешудің мынадай нышандары болады:
- •Басшы жұмысының стилі-оның басқару процесінде пайдаланатын тәсілдердің, амалдардың іс-әрекеттерінің жинтығы. Басшының стилі –бұл шешім қабылдау және қызметкерлерге тапсырма беру әдісі.
- •Басқару еңбегінің мазмұны, сипаты және ерекшеліктері
- •Келушілерді қабылдау және әңгімелесу
- •Мұқият тыңдаушының орындауға тиісті жағдайлары.
- •Паркинсонның пікірінше, мәжіліс төрағасының қолайсыз 4 типі болады:
- •Халық педагогикасы жайлы жалпы ұғым және әр түрлі көзқарастар
- •Мектептегі басқарудың ғылыми-педагогикалық негіздері
- •Педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастыру
- •Мұғалім еңбегінің шығармашылық сипаты
- •Мектеп басшысы және оған қойылатын талаптар
- •Оқу жұмысы
- •Тәрбие жұмысы
- •Мектепті басқару әдістері және стилі
- •Жалпы бiлiм беру мекемелелерiнiң директоры (мектеп, мектеп – интернаты, гимназия, лицей, т.Б.)
- •Жалпы бiлiм беретiн мекемелердiң директорларының ғылыми, оқу, оқу-тәрбие iсi жөнiндегi орынбасарлары
- •Жалпы бiлiм беретiн мекемелердiң директорларының оқу-тәрбие iсi жөнiндегi орынбасарлары
- •Мектептің директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасарының атқаратын қызметі
- •Мектептің оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарының құжаттары
- •Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының атқаратын қызметі және міндеттері
- •І. Әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру құжаттары
Жеке адамдар арасындағы дау-жанжалды шешудің мынадай нышандары болады:
Жалтару. Көпшілік адамдар дау-жанжалдан жалтаруға тырысып, өзінің тыныштығын ойлайды.
Тігісін жатқызу. Мұндайда басшы адамдар арасындағы дау-жанжал мен наразылықты өршітпеуге, қайта татуластыруға, іштегі дау-дамайды сыртқа шығармауға тырысады.
Мәжбүр ету стилінде басшы қалайды өз көзқарасын өткізуіне, соған еріксіз көндіруге тырысады. Басшы өзінің қарамағындағыларға толық билік жүргізген жағдайда бұл стилъ тиімді болуы мүмкін. Бұл стильдің кемшілігі сол, бағыныштылар тарапынан болатын инициатива өрістемейді, тек басшы пікірі ғана үстемдік ететіндіктен маңызды факторлардың барлығы бірдей ескерілмеуі мүмкін. Соның салдарынан наразылық тууы ықтимал.
Ымыраға келу – мұның пайдалы болатын себебі адамдарды наразылыққа емес, ауызбірлікке, татулыққа шақырады. Мұнда екінші жақтың пікірі шамалы болса да қабылданады. Басқару жағдайында келу жоғары бағаланады, өткені мұның өзі теріс ниетті барынша сейілтігуге, наразылықты тез арада шешіп, екі жақты да қанағаттандыруға мүмкіндік береді.
Проблемаларды шешу – бұл әр түрлі пікір – таластың болатындығын мойындау, басқа көзқараспен танытуға, келіспеушілік себептерін түсінуге өзір екендігін білдіру, барлық жаққа ортақ іс-әрекет істейтіндігін білдіру стилі. Әр түрлі пікір-талас туатын күрделі жағдайда мәліметтің дәл болуы да әділ шешім қабылдауға елеулі ықпал етеді. Мұндайда пікір-таласты тіпті көтермелеп отырудың, проблеманы шешу стилін пайдалана отырып, шиеленіскен жағдайды сейілту айрықша маңызды.
Ынтымақтасудың толып жатқан жолы бар, дегенмен оны шартты түрде жеті кезеңге бөлуге болады.
Дау-жанжалдың бар екендігін мойындау. Жұрт алдында келіспеушіліктің бар екендігін мойындау өсек-аяңнан арылуға, әрі келісімге келуге мүмкіндік береді.
Процедура туралы келісімге келу (дау-жанжалды шешу үшін қайда, қашан және қалай бірлесіп жұмыс істеу керек).
Дау-жанжал себептерін сипаттау. Дау-жанжалдың себептерін анықтаудың, ретке келтірудің айрықша маңызы бар.
Дау-жанжалды шешу варианттарын қарастыру. Жоғарыда «ми шабуылы» жөнінде айтылған болатын, мұндайда барлық топ мүшелері әр түрлі ұсыныстарды, тіпті талас тудыратын ұсыныстарды да айтуы мүмкін. Барлық идея тіркелуі тиісті, өйткені негізгі мақсат – неғұрлым көп вариантты ойластыру.
Келісімге келуге тырысу. Айтылған ұсыныстарды бағалай отырып, екі жаққа да қолайлысын таңдаған, яғни келісімге келген жөн.
Жоспарды жүзеге асыру. Келісім нәтижелері тіркелетін құжаттарда (документтерге) нені, қашан, қайда және кім орындайтыны нық, әрі айқын көрсетілуі тиіс.
Қабылданған шешімді бағалау. Келісімге қатысушының жүргізу проблемасы өте күрделі, алуан түрлі факторларға атап айтқанда, келісімге қатысушының көзқарасына, дәлелдемесіне, талабына байланысты.
Басшылық стилінің түсінігі және оны қалыптастыру факторлары
Басқару қызметіндегі әрбір басшы тек өзіне ғана тән стильде қызмет міндетін орындайды. Адамдардың қарым-қатынасында, соның ішінде басқару қызметін жүзеге асыруда стильге ерекше мән беріледі. Честерфольд «стиль - ой дүниесі» десе, Бьюфурон «стиль – адамның өзі» деп тұжырымдайды.
Бұл нақыл сөздердің дұрыстығын қазіргі жұмыс стилінің түсінігі де дәлелдей түседі. Қазіргі кезде стильді басшының басқару қызметін тиімді орындау мақсатында өзінің қарамағындағыларға ықпал етуі бойынша бағалайды. Сонымен, басшылық стилінің мәні сол, басшы қандай әдістермен ұжымның қарқынды және творчестволықпен өзіне бекітілген жұмысты орындауына ықпал ете алатындығында, қарамағындағылардың іс-әрекеті нәтижесін қалай бақылайтындығында. Қабылдаған стиль ұжымда ерекше жағдай мен қарым қатынас туғызады.