
- •Менеджменттің қалыптасуы.
- •Менеджмент жайлы отандық ғалымдардың еңбектеріне шолу.
- •Менеджменттің бастапқы теориялары.
- •Менежменттің қазіргі мектебі.
- •Тейлор концепциясының негізгі қағидалары:
- •Басқару жөніндегі ғылымды дамыту
- •Мектепті менеджмент негізінде басқару принциптері.
- •Менеджерлік қызметтің мәні, мазмұны.
- •Американ менеджмент мектебі жеке басшының бірнеше ережесін ұсынады:
- •Мектепішілік басқарудың тұжырымдамасы.
- •Басқару қызметшілерінің құрамы мен құрылымы
- •Басқару мамандарының жұмыс принциптері
- •Мамандармен жұмыс істеудің принциптері (тәртібі):
- •Мансапты және қызметте жоғарылауды басқару
- •Басшылық ұғымының түсінігі
- •Басқару тәсілдері
- •Жетекші (басшы) құпиясы неде?
- •Басшы емес, нағыз тысқырушы
- •Жоғарыға – құрмет, төмендегілерге – лағнет
- •Пәлеқор – алаяқ немесе әзәзіл – епті
- •Басшы – ұйымдастырушы
- •Басқарушының сөйлеу мәдениеті
- •Басқарушының ролі
- •Басқарудағы коммуникацияның рөлі және оның түрлері
- •Жеке адамдар арасындағы дау-жанжалды шешудің мынадай нышандары болады:
- •Басшы жұмысының стилі-оның басқару процесінде пайдаланатын тәсілдердің, амалдардың іс-әрекеттерінің жинтығы. Басшының стилі –бұл шешім қабылдау және қызметкерлерге тапсырма беру әдісі.
- •Басқару еңбегінің мазмұны, сипаты және ерекшеліктері
- •Келушілерді қабылдау және әңгімелесу
- •Мұқият тыңдаушының орындауға тиісті жағдайлары.
- •Паркинсонның пікірінше, мәжіліс төрағасының қолайсыз 4 типі болады:
- •Халық педагогикасы жайлы жалпы ұғым және әр түрлі көзқарастар
- •Мектептегі басқарудың ғылыми-педагогикалық негіздері
- •Педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастыру
- •Мұғалім еңбегінің шығармашылық сипаты
- •Мектеп басшысы және оған қойылатын талаптар
- •Оқу жұмысы
- •Тәрбие жұмысы
- •Мектепті басқару әдістері және стилі
- •Жалпы бiлiм беру мекемелелерiнiң директоры (мектеп, мектеп – интернаты, гимназия, лицей, т.Б.)
- •Жалпы бiлiм беретiн мекемелердiң директорларының ғылыми, оқу, оқу-тәрбие iсi жөнiндегi орынбасарлары
- •Жалпы бiлiм беретiн мекемелердiң директорларының оқу-тәрбие iсi жөнiндегi орынбасарлары
- •Мектептің директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасарының атқаратын қызметі
- •Мектептің оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарының құжаттары
- •Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының атқаратын қызметі және міндеттері
- •І. Әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру құжаттары
Басқарушының сөйлеу мәдениеті
Менеджердің жұмыс уақытының 80%- і адамдармен байланыс жасауға кетеді. Сондықтан сөйлеу білу – басқарушының беделінің маңызды құрамды бөлігі және мақсатқа жетудің тиімді жолы табылады.
Шығыс даналығында «шындық кім сөйлесе соның аузында емес, тыңдаушының құлағына» делінген. Тыңдай білу – бұл ең тиімді және әрекеттің жақсы, ең қарапайым элементі. Бальзак: «Тыңдамау бізге тек сыпайылықтың жоқтығының белгісі ғана емес, ол менсінбеушіліктің белгісі» деп жазды. Басқалардың пікірін сыйлайтын, қандайда болмасын мәселені шешкенде өзіндік эмоцияларды жоғары ұстауға мүмкіндік бергізбейтін менеджерді әрқашанда жұмыскерлер ұнатады.
Басқарушының ролі
Басқару туралы ұлы маман П. Друкер: «Басшы уақыт өте келе қалыптаспайды. Басшы болып туылады» деген. Ол ұйымның мақсаты қатардағы адамды тұлға ретінде қалыптастыру деп шештік, бірақ әрбір қызметкерлерден жарқын тұлға жасау мүмкін емес және оны талап етудің қажеті жоқ. Басқару өнерін алмастыру мүмкін емес, бірақ ол басшыға өзінің жұмыс қабілетін көрсетуге мүмкіндік туғызады.
Басшы еңбегінің нәтижесін сәйкес жұмыстардың нәтижесінен көруге болады. Жақсы басшы жоғары нәтижеге жетеді. Қызметкерлердің еңбек өнімділігін арттыруы тікелей басшы үшін аса маңызды. Өйткені:
қызметкерлердің мүмкіндіктері мен энергияларын тиімді пайдалану-басқарушының басты міндеттерінің бірі
ұйым басшылары әрбір басқарушының жұмысын қарамағындағылардың еңбек өнімділігі бойынша бағалайды
егер басқарушы өзінің жұмыс істеу қабілетін дәлелдей білсе, оған қызмет баспалдағымен әрі қарай өсуге мүмкіндік туады
қызметкерлер өз еңбектерінің сапасын жоғарылатуға ұмтылса, басқарушының еңбегі жеңілдейді
қызметкерлері достық қарым-қатынаста болғанда және жоғары нәтижелерге қол жеткізгенде, басқарушы толық қанағаттанады. Жақсы басқарушы өз жұмысының жоғары сапалылығын, өз лауазымына сәйкестігін мақтан тұтуы қажет және ұйымдағы беделін нығайтады.
Басқарудағы коммуникацияның рөлі және оның түрлері
Коммуникация дегеніміз қарым-қатынас, екі және одан да көп адамдардың өзара түсінісуге негізделген байланысы: бір бірінен ақпарат, мәліметтер алмасуы.
Басшы өзінің көпшілік уақытын мәліметтер алу және шешім қабылдау үшін, біреулермен байланысуға, қарым-қатынас орнатуға арнайды. Басқарудың жоспарлау, ұйымдастыру мотивация және бақылау қызметтерін орындау да қарым-қатынас орнатуға байланысты. Коммуникация – басшылық етудің байланыстырушы процесі болып саналады.
Менеджерлер өз жұмысын ойдағыдай орындау үшін тиімді қарым-қатынас орнатуы қажет.
Басшы мен бағыныштылар коммуникация компоненттері болып саналады. Олар бөлімшелердегі міндеттерді анықтау үшін мәліметтер алмасады, жұмысты тиімді орындау проблемаларын талқылайды.
Басшы мен жұмысшы топтарының арасындағы коммуникация, басшы мен бағыныштылар арасындағы қосымша мәлімет алу болып саналады, әрі басшыға топтың іс әрекетінің тиімділігін арттыруға ықпал етеді.
Дау-жанжалдың табиғаты мен себептері
Дау-жанжал – екі немесе одан да көп адамдар арасындағы пікір қайшылығы, мәмілеге келмей дауласу. Бір адам өз пікірін қалайда мақұлдатқысы келеді немесе екінші бір адамның пікірімен келіспейді.
Дау-жанжал диалектика элементі, дамудың қозғаушы күші, өмірге қажетті жай. Демократияландыру, «адам факторының», жеке адамдар рөлінің, инициативасының, құқығының экономикада, саясатта, тұрмыста күшеюі келіспеушілік жағдайын ұлғайта түседі.
Қандай адам болмасын жұмыс бабында пікір таласына тап болады. Тіпті басшылық дұрыс жолға қойылып, ұйымдағы психологиялық ахуал қолайлы болғанның өзінде де азын-аулақ пікір таласы мен келіспеушіліктер болмай қоймайды.
Дау-жанжалды реттеу
Дау-жанжал жағдайы туындағанда басшы не істеуі керек? Мұндайды тікелей кеңес беру өте қиын, оның өзі нақты жағдайға байланысты. Алайда, көпшілік басшыларда әрекет етудің белгілі бір стилі қалыптасады. Мұның өзі басшының мінезіне, тәрбиесіне, тәжрибесіне, дау-дамайды шеше алатын тәжірибесі мен іскерлігіне байланысты.
Психологтар дау-жанжалды жағдайды шешудің бірнеше тәсілін ажыратып, оны екі категорияға бөледі: құрылымдық және жеке адамдар арасындағы. Басшы әуелі дау-жанжал себебін анықтауы, содан кейін кез келген тәсілдің біреуін қолдануы тиіс.
Дау-жанжалды шешудің құрылымдық тәсіліне жататыны: жұмыс талабын түсіндіру, үйлестіру және интеграциялық механизмдер, жалпы ұйымдық комплексті мақсаттарды орнату және көтермелеу жүйесін қолдану.
Дау-жанжалға жол бермеудің ең қолайлы тәсілдерінің бірі - әрбір қызметкер мен бөлімшелерден қандай нәтижелер болатындығын түсіндіру. Басшы алынған нәтиже деңгейін анықтауы, мәліметті кім беріп, кімнің алатындығын, өкілеттілік пен жауапкершілікті көрсетіп отыруы тиіс. Үйлестіру және интеграциялық механизмдерде өкілеттілік дәрежесі көзделіп, адамдар арасындағы қарым-қатынас, шешім қабылдау мен мәлімет тасқындары ретке келтіріледі.
Жалпы ұйымдық комплексті мақсаттарды жүзеге асыру үшін жекелеген немесе тұтастай қызметкерлерді, топты немесе бөлімшені жұмылдыруға тура келеді.