
- •Менеджменттің қалыптасуы.
- •Менеджмент жайлы отандық ғалымдардың еңбектеріне шолу.
- •Менеджменттің бастапқы теориялары.
- •Менежменттің қазіргі мектебі.
- •Тейлор концепциясының негізгі қағидалары:
- •Басқару жөніндегі ғылымды дамыту
- •Мектепті менеджмент негізінде басқару принциптері.
- •Менеджерлік қызметтің мәні, мазмұны.
- •Американ менеджмент мектебі жеке басшының бірнеше ережесін ұсынады:
- •Мектепішілік басқарудың тұжырымдамасы.
- •Басқару қызметшілерінің құрамы мен құрылымы
- •Басқару мамандарының жұмыс принциптері
- •Мамандармен жұмыс істеудің принциптері (тәртібі):
- •Мансапты және қызметте жоғарылауды басқару
- •Басшылық ұғымының түсінігі
- •Басқару тәсілдері
- •Жетекші (басшы) құпиясы неде?
- •Басшы емес, нағыз тысқырушы
- •Жоғарыға – құрмет, төмендегілерге – лағнет
- •Пәлеқор – алаяқ немесе әзәзіл – епті
- •Басшы – ұйымдастырушы
- •Басқарушының сөйлеу мәдениеті
- •Басқарушының ролі
- •Басқарудағы коммуникацияның рөлі және оның түрлері
- •Жеке адамдар арасындағы дау-жанжалды шешудің мынадай нышандары болады:
- •Басшы жұмысының стилі-оның басқару процесінде пайдаланатын тәсілдердің, амалдардың іс-әрекеттерінің жинтығы. Басшының стилі –бұл шешім қабылдау және қызметкерлерге тапсырма беру әдісі.
- •Басқару еңбегінің мазмұны, сипаты және ерекшеліктері
- •Келушілерді қабылдау және әңгімелесу
- •Мұқият тыңдаушының орындауға тиісті жағдайлары.
- •Паркинсонның пікірінше, мәжіліс төрағасының қолайсыз 4 типі болады:
- •Халық педагогикасы жайлы жалпы ұғым және әр түрлі көзқарастар
- •Мектептегі басқарудың ғылыми-педагогикалық негіздері
- •Педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастыру
- •Мұғалім еңбегінің шығармашылық сипаты
- •Мектеп басшысы және оған қойылатын талаптар
- •Оқу жұмысы
- •Тәрбие жұмысы
- •Мектепті басқару әдістері және стилі
- •Жалпы бiлiм беру мекемелелерiнiң директоры (мектеп, мектеп – интернаты, гимназия, лицей, т.Б.)
- •Жалпы бiлiм беретiн мекемелердiң директорларының ғылыми, оқу, оқу-тәрбие iсi жөнiндегi орынбасарлары
- •Жалпы бiлiм беретiн мекемелердiң директорларының оқу-тәрбие iсi жөнiндегi орынбасарлары
- •Мектептің директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасарының атқаратын қызметі
- •Мектептің оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарының құжаттары
- •Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының атқаратын қызметі және міндеттері
- •І. Әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру құжаттары
Басшы – ұйымдастырушы
Оның басты ерекшелігі – ұжым қажеттілігін ол өзінің жеке қажеттілігіндей қабылдап, іскерлік танытуында жұмысқа кіріскенде де басқалары белгісіз бір жайттармен алып жүруден бас тартқан жұмыстарға жұмыла кіріседі. Осындай маңызды істерді тындыра отырып, ол «барып – шауыпкел» балада емес, өйткені өзі нұсқау бермей – ақ басқаларды сол іске шебер араластыра алады, біреулерге бұл іс мүмкін тиімді де болмауы мүмкін, бірақ бұл ең бастысы ұжым үшін істелетін жайт.
Мұндай басшылар үшін шешілмейтін түйін болмайды. Сендіре де, марапаттай да білетін мұндай басшының соңынан еретін ізбасарлар да аз болмайды, өйткені оның бос нәрсемен айналыспайтынын біледі, сондықтан да қарамағындағылар жақсы жұмыс істеп, жақсы нәтиже көрсетуге тырысады.
Басшы – жасампаз
Мұндай басшылар жаңаны көре білумен, шешілуі қиын әрі мүмкін еместей нәрсені қолға алып, жүргізумен ерекшеленеді. Жұмысты жүргізуде басқалардан қызығушылығын тудыратындай етіп істі алға қоя алады. Бұйрық бермейді, тек талқылауға, өз ойын ашық ортаға салуға шақырады. Мұндай басшымен араласа отырып, айналаңдағылар мен өзіңе деген сенімің арта түсері сөзсіз.
Басшы – күрескер
Өз күшіне сенімді, шыңдалған басшы. Қиындықтар мен сыры беймәлім жұмысқа қорықпастан кірісіп кете беледі. Өз сенімін соңына дейін берік ұстанып, артқа шегінуді білмейтін басшы. Оның осындай қайсарлығынан күш алып, соңына еріп жүре беретін ізбасарлары да аз емес кейде бірақ мұндай басшыларға өз амалдарын ойластырып, шешіп жатуға уақыты жете бермейді. Осындай себептермен, жақын әріптесін оның амал - әдісін байқамай дұшпаны көріп кетуі де мүмкін. « Қайсардың қырағысыздығы » - міне оның ұстанымы.
Басшы – іскер
Ол мән – жайдың қыр – сырын керемет меңгерген, білімді, сонымен қатар алып – қашпа сөз бен қауесеттерді де естіп – білген, жан – жақты хабардар болғандықтан кімге және қалай әсер ету керектігін біледі. Кейін қолдануға болатын нәрселерді түр көрсетпей – ақ жақсы біліп – түйіп алады. Барлығына белгілі нәрсені айта отырып, өз ішінде жасырынған сыры да бар, мұндай басшы басқарудың бұдан да басқа жолы бар екендігін білмей де кетеді.
Басшы – жұбатқыш
Қиын кезде қол ұшын беретіндіктен бұған көп адамдар сенім артады. Адамды сыйлап оларға адамгершілікпен қарайды. Сыпайы, ескерткіш, басындағы жағдайды бөліскіш. Сені тыңдауға әрі құпияңды жария етпеуге оның әрқашан уақыты бар. Өз күшіңе сеніп, өзіңе деген сеніміңнің арта түсуіне қол ұшын береді. Бірақ ол тек қана шыдамды тыңдаушы ғана емес. Жағдайларды қорытындылап, таразылай отырып, ол тығырықтан шығудың жолын да қарастырғыш.
Әлсіз белгілер – мықты шешімдер
Әлсіз белгілер – сыртқы түрдің, әдеттің қылығының қандай екендігі, одан не күтуге болатындығы жайлы нақты шешім шығаруға болатын ерекшелігі.
Басшы. Мұрны үлкен емес, тығыз, сәл жайылған танауы бар, маңдайы биік, кең, ашық. Беті толық, дөңгелек. Аузы үлкен, анық сызықты. Көзі үлкен, күлімкөз, кең ашылған қолы «төртбұрышты», саусақтары «тікбұрышты». Жүрісі салтанатты, ауыр. Көңіл – күйі көтеріңкі, денсаулығы жақсы екеннен хабар бергенде, сенімді.
Ойшыл. Ұзын, тар мұрны жоғары ернімен жапсарлас келген. Маңдайы биік, тар және шығыңқы. Беті ұзын, сүйекті, кесілген үшкір ұшты мендаль тәріздес. Аузы үлкен, шеттері түсіңкі, төменгі ерні алдына шығыңқы. Көзі төмен орналасқан, нұрсыз, көңілсіз. Қолдары ұзын, арық, саусақтары да ұзын, жүрісі баяу сенімсіз. Ұзын, арық, еңкіш фигура пішіні шаршаңқы әрі қайғылы жайттың көрінісін береді.
Эстет. Мұрны әлсіз байқалатын «бүркіт тұмсықты» белгілермен, маңдайы биік әрі шығыңқы, беті шығыңқы, ұшбұрышты. Аузы кішкентай, көзі нұрлы әрі ойшыл. Қолдары икемді әрі әдемі. Жүзінде жұмсақ күлкі мен жеңіл қайғы бар.
Күрескер. Қырмұрынды, маңдайы артқа тартылған, беті шығыңқы құрма тәріздес. Ерні жіңішке, тар жұмулы. Нұрлы, өте жанды көзді, қолдары қатты, күрек тәріздес. Пішіні күрескер, алға жетелегіш, жүрісі жылдам, «механикалық». Құрылысы бұлшықетті. Ол іс - әрекеттің адамы, тез ашуланғыш әрі тұтанғыш.
Енжар (пассивный). Мұрны кең танаулы, ұшы дөнгеленген, маңдайы төмен. Беті жұмыртқа тәріздес, ал жастарда – төменге қарай тартылған болса, үлкендерде – жоғарға қараған. Аузы үлкен емес, дөңгеленген, ерні қалың. Көзі мендаль тәріздес. Қолдар толық, ойықтары бар, саусақтары қысқа. Пішіні жіңішке белді және кең жамбасты, еріншек жүрісті әйел пішіндес болып көрінеді.
Сенімді. Қысқа, шығыңқы мұрынды, маңдайы кең, төртбұрыштылау болып келген. Аузы жинаулы жұмулы, шетінде сызықтары бар. Көздері терең орналасқан, кішкене ұйқышыл әрі қараңғылау. Қысқа салмақты қолдары ба, жүрісі ауыр пішіні салмақтылығымен, көріпкелділігімен ерекшеленеді.
Арманшыл. Мұрны дөңгелек, жоғары қараған ұштарымен. Дөңгеленген маңдайында қас үстіндегі ойық сызығы анық көрінеді. Бет формасы грек жаңғағын еске түсіреді. Аузы кішкене ашулы, ұштары көтеріңкі, көзі дөңгелек, жақындағанды көбінше жақсы көре бермейді. Қолдары жұмсақ, пішіні қимылсыз, жүрісі түзу емес, сенімсіз. Фигурасы дөңгеленген формада болуына байланысты ерекшеленеді.
Спринтер (сауықшыл десе де болады). Түзу, жұқа, қырмұрынды, маңдайы биік, шығыңқы. Тар иегімен кең маңдайынан беті үшбұрышты болып көрінеді. Аузы өте жіңішке, ойнақы, көзі жайнап, анық, ашық келген. Қолдары скрипканікіндей, тар, жіңішке саусақты. Жүрісі жылдам әрі икемді. Дене құрылымы да үшбұрышты кең жауырынды және тар мықынды. Жылдам, шапшаң қимылды ол әсем, икемді адамның әсерін қалдырады.