
- •1.Экономикалық тарихтың пәні және әдістері.
- •2.«Экономика, тарих, мәдениет, саясат, өркениет, нарық, бизнес» терминдерінің ұғымы.
- •3.Экономика дамуының негізгі кезеңдері мен деңгейлері»
- •4.«Адамзат өркениеті дамуының негізгі кезеңдері»
- •5.Экономикалық тарих пән ретінде.
- •11.Ежелгі Греция мен Римнің экономикалық тарихы
- •12.Ежелгі Греция мен Римнің экономикалық тарихы
- •13.Феодалдық экономиканың қалыптасуы мен дамуы
- •14.Феодалдық шаруашылықтың тарихи-экономикалық дамуының ерекшеліктері
- •15. Индустриа́лды экономика ерекшеліктері
- •16.Ұлы географиялық ашылулардың экономика тарихы үшін маңызы
- •17.Экономиканың индустриальды моделінің дамуы
- •18.Еуропада өндірістік капитализмнің қалыптасуы және даму ерекшелігі
- •19.Англия, Франция және Германияда өндірістік капитализмнің дамуы
- •20.Хіх ғ. Екінші жартысы мен хх ғ. Басындағы өндірістік капитализмнің эволюциясы
- •21.Әлемнің жетекші елдерінде монополистік капитализмнің қалыптасу ерекшелігі
- •24.Хіх ғ. Екінші жартысы – хх ғ. Басында Ресейде өндірістік капитализмнің дамуы
18.Еуропада өндірістік капитализмнің қалыптасуы және даму ерекшелігі
XІV пен XV ғасырда феодалдық қатынастардың ыдырауы байқалады. Италия, Фландриядағы сияқты елдерде алғашқы капиталистік қатынастар пайда бола бастайды. XVI ғасырда адамзат дамуында үлкен өзгеріс орнады. Батыс европа елдерінде феодализмнің ыдырау процесі басталды. өндіріс құралдары жаңа күштердің – капиталистердің қолына жинақталды. өндірушілер еркін адамдарға айналып, жалдамалы еңбекке негізделген капиталистік өндіріс өз күшіне енді. Материалдық өндірістің терең өзгерісі экономикалық төңкерістің алғышарты болды.
Батыс елдерінде капитализмнің дамуы ортағасырлық экономиканың даму уақытымен сәйкес келді.11-15 ғ эксплуатацияның ауырлығына қарамастан, шаруаларға өздерінің шағын шаруашылығын ашуға мүмкіндіктер бола бастады.Италия, Германия, Англия және т.б. мемлекеттердің қолөнершілері еңбек өнімділігінің арқасында өндірістік тәжирибе жинақтап,өндірістік технологияларды дамытты.Бұл дамытулар 16 ғ ң басында материалдық өндірісте көптеген өзгерістерге алып келді.Шағын өндірістен ірі өндірістерге ауысу болып отырды.16 ғасырдағы Батыс еуропаның бұл жаңартулары сыртқы ,ішкі нарығымен қатар экономикалық төңкеріске әсер еткен негізгі факторлардың бірі болды.
Өнеркәсіптік өндірісте 16 ғасырда қолөнердің қару жарақ жасау түбегейлі өзгеріске түсіп, өндірістік технологияда жан-жақты дамытулар болды.Батыс еуропада қайта өңдеу қарқынды түрде жүрді. Егер антика дәуірінде европалықтар тоқыма өндірісінде жүн мен ленді пайдаланса, енді жібекті пайдалану кең өріс алды. Сонымен қатар мақта қағаз өндірісі де дамыды. өндірістің құрылымы да өзгерді: өнеркәсіптік тауар көлемі ұлғайды, бұрында болмаған өнеркәсіптік өндіріс салалары пайда болды. Қоғамдық өндіріс пен айырбаста маңызды өзгерістер орын алды. өзінің дамуын тауар өндірісінде жалғасын тапқан Еңбек бөлінісі де өсіп, тереңдеді. Каптиалистік қатынастардың дамуына Ұлы географиялық ашылулар мен ашылған жерлерді: Африка,Азия, Американы жаулап алу әсер етті.
19.Англия, Франция және Германияда өндірістік капитализмнің дамуы
Батыс елдерінде капитализмнің дамуы ортағасырлық экономиканың даму уақытымен сәйкес келді.11-15 ғ эксплуатацияның ауырлығына қарамастан, шаруаларға өздерінің шағын шаруашылығын ашуға мүмкіндіктер бола бастады.Италия, Германия, Англия және т.б. мемлекеттердің қолөнершілері еңбек өнімділігінің арқасында өндірістік тәжирибе жинақтап,өндірістік технологияларды дамытты.Бұл дамытулар 16 ғ ң басында материалдық өндірісте көптеген өзгерістерге алып келді.Шағын өндірістен ірі өндірістерге ауысу болып отырды. Жалпы алғанда өндіріс, жекелеп алғанда өнеркәсіп, өндіріс машинасына негізделе бастады.Бұл жаңалықтың енуіне Англияда болған өнеркәсіптік төңкеріс әсер етті.Ол өндіргіш күштердің дамуына жаңа сапалы негіз берді.Сол кезден бастап бірсыпыра еуропа елдерінде каптиалистік жолмен индустрияландыру ісі басталды.19-ғасырда және20- ғасырдың бас кезінде көптеген елдер бірінен соң бірі капиталистік система қойнауына ене бастады.Еуропадағы Англия, Франция,ГерманияИталия сияқты елдер мен қатар Батыста Солтүстік Америка,Шығыста Жапония ірі капиталистік елдерге айналып,өздеріне тән материалдық-техника базасын жасады.Материалдық техникалық база- белгілі бір қоғамның өндіргіш күштері негізінде дамып, қызмет атқаратын өзінің мазмұны жағынан әбден толық және дербес техника экономикалық категория.Бұл кез капитализмнің шарықтау шегі болды.Экономикалық жүйеде еркін бәсекеден мемлекеттік монополияға өту процесі кең етек алды.Сөйтіп, каптиалистік монополия қалыптаса бастады.Шарттары:энергетикалық базаның өсуі; ірі, ауыр техникалық жетістіктердің қолданылуы, транспортта жаңа қозғалтқыш механизмді енгізілуі т.б.Германия. экономикалық салмағы жағынан Англия мен Францияны басып озған мемлекет.Мұнда ірі өндіріс құрылысы болды. Ерекшелігі: өндіріс, сауда, көлік біріккен ірі банктердің бақылауында болуы.1910 жылы жалпы салымның 10 млрд. маркасы 10 ірі банк иелігінде болған. Мемлекеттер картель мен синдикат қолданылған. Мысалы көмір саласындағы «Рейнско-Вестфальский »синдикаты.
Англия. Бұл елде ескі құралдар мен төмен деңгейдегі еңбек өндірісіне байланысты үлкен шығындар болып, Германия сияқты мемлекеттен өндірістік капитализм жағынанан артта қалуына себеп болды.Негізгі даму бағытында колониялық империя ұстанымын қолданды.Бұл бағыт жоғары табыс пен ұлттық тауар өндірісін сақтауға көмектесті.Ал Францияда 19-ғасырдың соңында колониялық империяны құрды.Ол нарықта өнім өндіруге кепіл берді. Жеңіл өндірісте негізгі кәсіпорындар дербестігін сақтап қалған болатын.