Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор-эконом.тарих.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
52.15 Кб
Скачать

12.Ежелгі Греция мен Римнің экономикалық тарихы

Ежелгі Грекияның ең алғашқы кезеңі- гомерлік кезең деп аталады. Ол б.з.б XII-VIII ғасырларды қамтиды.ол кезде Грекия мемлекет болып қалыптасқан жоқ, бұл кезде әскери демократиялық құрылысты мемлекет типтес бірлестіктер болған.б.з.б VIII-III ғ- грекияда полистердің өмір сүру кезеңі, сонымен қатар классикалық құл иеленуші кезең .Полис — қала-мемлекет, Ежелгі Грекия мен Римге тән қоғамның әлеуметтік-экономикалық, саяси ұйымдарының ерекше түрі. Полис жері қала аумағынан, оның айналасындағы халқы егіншілікпен шұғылданатын мекендерден құралды. Полистің экономикалық принципі- автаркия, яғни өзін—өзі қамту. ежелгі грекияда саяси және экономикалық құрылымның 2 нұсқасы- афинылық және спарталық нұсқасы өмір сүрді. Полистер олигарх. (мыс., Спарта) немесе демократиялық (мыс., Афины) түрінде болды.

Ежелгі Римдегі өндірістік қатынастың құл иенушілігі Ежелгі Грециямен салыстырғанда неғұрлым дамыған дәуірде болды. Бөтен жерлерді басып алу арқасында өте үлкен Ұлы құл иеленуші Рим империясы құрылды, көптеген тайпалар мен халықтар құлдарға айналды. Ауыл шаруашылығы құл еңбегін пайдалуныдың басты айласы болды, олар аяусыз қаналып, ауыр жұмысқа жегілді.Сондықтан құлдар мәселесі, ірі құл еңбегін пайдаланатын шаруашылықтарды ұйымдастыру және жүргізу әдістері. Ежелгі Рим империясының маңызды проблемасы болды (Латифундий).

Құлдарды ауылшаруашылық құралдарына жатқызды Ерте Римдік құлиеленуші республиканың ең күрделі экономикалық проблемалар ол жерді атақты – патрицалардың қолдарында шоғырландырып жай Италия шаруаларын - плебейлерді жерсіз қалуында болды. Құлиеленушілік өндіріс тәсіліндегінің қарама - қайшылықтарының асқынуы, құлдарды аюандықпен қанау Спартактың бастауымен (б.д.д. 73-71 жж.) құлдар көтерілісінің шығуына әкелді. Көтерілістің басты мақсаты – тұтқандағы құлдарды босату және Италиядан шеткері аумақтарға кетуі. Көтеріліс аса қатігездікпен басылды, дегенмен, ол құлиеленушілік өндірістік қатынастардың негіздеріне қатты соққы болып тиді.

13.Феодалдық экономиканың қалыптасуы мен дамуы

Феодалдық құрылыстың негізгі белгілері Батыс Еуропа елдерінде ІХ-Х ғасырларда қалыптасты. Оның ең басты белгісі - жердің негізгі табыс пен байлық көзіне айналуы. Кімнің жері көп болса, сол құдіретті де құрметті адам болды. Ақсүйекшонжарлар мен корольдер, әскер қолбасшылары қауым жерлерін, жаулап алынған жерлерді өздерінің мұрагерлік меншігіне айналдырды. Ірі жер иелеріне өздерінің жер иеліктерін ұлғайтуға мемлекет көмектесті. Шонжарлар тегін жатқан орман-тоғайды, тау-тастар мен өзен-көлдерді де өз меншіктеріне айналдырды. Жерге деген өз кұқықтарын олар заң жүзінде бекітіп алды. Еңбек құрал-жабдықтарының дамып, жетілуіне байланысты жерден, егін және мал шаруашылытарынан түсетін табыс өсе түсті. Король мен ақсүйек шонжарлар бірте-бірте ірі жер иеленушілерге айналды

Король, ақсүйектер мен әскер қолбасшылары - мырзалар артық жерлерін өз қызметкерлеріне, бағыныштыларына (вассалдарына) үлестіріп берді. Атқарған қызметі үшін әр адамға сыйға берілетін жер үлесі «феод» деп, ал ол үлестің иесі «феодал» деп аталды. Бір феодалдың жер үлесі ұлан-ғайыр көп болса, екінші феодалдың жері аздау болды. Феодалдар жерді онда өмір сүретін жүздеген, мыңдаған шаруаларымен қоса иемденді. Бірінші жыл себу пар екінші жыл пар себу Қос танапты егіншілік. Феодалдар өз жерлерінде ерікті шаруалардың еңбегіне негізделген шаруашылық құрды. Осындай шаруашылық феодалдық поместъе деп аталды. Поместьедегі шаруалар жер иелеріне тікелей тәуелді еді. Кейбір шаруалардың шағын, дербес шаруашылықтары да болды. Бірақ олар жерсіз күн көре алмағандықтан, поместьенің иесіне тәуелділікке түсті. Феодалдар мемлекеттің көмегімен шаруаларды өздеріне кіріптарлыққа салды. Шаруалар поместьедегі шаруашылык жұмыстарын өз еңбек құрал-жабдықтарымен жүргізді. Олар неғұрлым көп өнім өндірсе, соғұрлым өзіне де көп өнім қалатын. Сондықтан да шаруалар өз еңбегінің нөтижесіне мүдделі болды. Сөйтіп феодалдық құрылыс алғашқы қауымдық және құл иеленушілік құрылыстарға қарағанда озық құрылыс екендігін таныта бастады.

Феодалдық құрылыстың келесі бір белгісі - шаруашылықтың натуралды, яғни томаға-тұйық сипаты. Феодалдың өміріне қажетті бұйымдар мен азық-түліктердің бәрі оның Натуралды шаруашылықтың белгілері Натуралды шаруашылық Сауда-саттық пен экономикалық байланыстардың төмен дәрежеде болуы Қажетті азық-түлік пен бұйымдар поместьенің өзінде өндірілді Орталық мемлекеттік билік әлсіз болды. Тек өздері өндірмейтін тұз бен темірді ғана олар азық-түлікке, малға айырбастап алатын. XI ғасырға дейін ел ішіндегі сауда-саттық өте төмен дәрежеде болды. VI-X ғасырларда Батыс Еуропа елдерінде осындай натуралды шаруашылық үстемдік құрды. Мұндай шаруашылық кезінде еш нәрсе сатылмады және сатып алынбады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]