Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор-эконом.тарих.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
52.15 Кб
Скачать

3.Экономика дамуының негізгі кезеңдері мен деңгейлері»

Экономикалық тарих салыстырмалы түрде бертін шыққан ғылым. Ол XIX ғасырлардың ортасында саяси экономикадан бөлініп шықты.

Экономика ғылымының қалыптасуына үлестерін қосқан мектептердің алғашқысы – меркантилизм мектебі. Олар қоғамдық байлықтың негізігі нысаны – ақша, алтын, ал оның пайда болу көзі сауда деп білді.

Меркантилистік мектептін осы кемшілігін физиократтар сынға алды. Олардың пікірі бойынша қоғамдық байлықтың көзі өндірісте, соның ішінде ол тек ғана ауыл шаруашылығында жасалады. Мектептің негізгі қалаушы Ф. Кенэ, А. Тюрго.

Классикалық саяси экономия жаңа дамып келе жатқан капиталистік өндірістік қатынастарды дәріптеуші, өндіріс капиталының мүддесін қорғайтын экономикалық ой – пікірдің прогрессивті сатысы болды.

Еңбек – құн теориясын маркстік саяси экономия ілгері дамытып, қосымша құн туралы ілімді жан – жақты талдады. Маркстік экономика теория XIX ғасырдың екінші жартысында қалыптасты.

XIX ғ. соңы мен XX ғ. басында қалыптасқан экономикалық мектептердің – маржинализм. Оның қарастырған негізгі мәселесі: шаруашылық қатынастарға тартылған жеке адамның іс-әрекетін субъективті - психологиялық тұрғыдан экономикалық талдау. Осы мектеп өкілдері: К. Менгер, Э. Бем – Бамверг, В. Визер.

Экономикалық келесі бір жаңа бағыты – неоклассикалық бағыт, негізін қалаушысы А. Маршалл. Оның басты еңбегі «Экономика ғылымының қағидалары» 1890 жылы жарық көрді.

XIX – XIX ғасырларда экономика ғылымының математикалық әдіс – тәсілдері арқылы зерттеуге негізделген мектеп пайда болды. Бұл бағыттың негізін салушылар: М. Ваьрас, В. Парето, У. Джевонс.

4.«Адамзат өркениеті дамуының негізгі кезеңдері»

Өркениет (лат. сіvіlіs – азаматтық) – қоғамның материалдық және рухани жетістіктерінің жиынтығы. Ежелгі римдіктер бұл ұғымды “варварлықтар” деп өздері атаған басқа халықтар мен мемлекеттерден айырмашылықтарын көрсету мақсатында қолданған. Олардың түсініктері бойынша “Өркениет” азаматтық қоғам, қалалық мәдениет, заңға негізделген басқару тәртібі қалыптасқан рим империясының даму дәрежесін білдірген.

Ғасырлар бойы қалыптасқан Өркениет пен мәдениет ұғымының мағыналарын төмендегідей топтастыруға болады:

мәдениет пен Өркениет бір, олар синонимдер (И.Гердер, Э.Тайлор);

Өркениет – мәдениеттің ақыры, оның “кәрілік” шағы, руханилықтың антиподы (Ж.Ж. Руссо, Ш.Фурье, О.Шпенглер);

Өркениет – мәдениеттің прогресі, болашаққа бой сермеуі, қоғамның парасаттылық деңгейі (Вольтер, Д.Белл);

Өркениет – тағылық пен варварлықтан кейінгі тарихи-мәдени саты (Л.Морган);

Өркениет – этностар мен мемлекеттерге тән мәдениеттің оқшау түрі (А.Тойнби, Н.Я. Данилевский, т.б.);

Өркениет – мәдениеттің техникалық даму деңгейі, оның материалдық жағы.

Ағартушылық дәуірінде Өркениет әлеуметтік-мәдени дамуды сипаттау үшін қолданылды. 19 ғ-да Шпенглер мен Тойнби еңбектерінде бұл термин өзіндік ерекшелігі бар, жергілікті қауымдастық мағынасында, яғни “тарихи өркениеттер” (Қытай, Вавилон, Түркі, Мұсылман, Орта ғасыр, т.б.) ретінде қолданылды. Дегенмен Өркениетті саралаудың бірегей өлшемдері мен ұстанымдары әлі күнге дейін жасалған жоқ. Соңғы кездері Өркениетке бір аймақта тұратын халықтардың тарихи тағдырластығы, олардың арасындағы ұзақ әрі тығыз мәдени байланыс нәтижесінде әлеум. ұйымдасу мен реттелудің этносаралық жергілікті қауымдастығы деген анықтама берілді. Өркениет категориясы мәдени типтерді зерттеуде немесе мәдени-тарихи типологияны жасауда кеңінен қолданылады. Сондай-ақ Өркениет типтерін шығыс және батыс деп бөліп, “ғаламдық Өркениет” және “техногендік Өркениет” ұғымдары да қолданылады. Мәдениеттанушылар Өркениетті “мәдениет” ұғымымен салыстыра қарастырады. С.Хантингтонның жіктемесі бойынша, қазіргі әлемде батыстық, латын америкалық, православиялық, исламдық, конфуцийшілдік, үнді-буддалық, қиыр шығыс және африкалық секілді 8 суперөркениет қатар өмір сүруде.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]