
- •1.Экономикалық тарихтың пәні және әдістері.
- •2.«Экономика, тарих, мәдениет, саясат, өркениет, нарық, бизнес» терминдерінің ұғымы.
- •3.Экономика дамуының негізгі кезеңдері мен деңгейлері»
- •4.«Адамзат өркениеті дамуының негізгі кезеңдері»
- •5.Экономикалық тарих пән ретінде.
- •11.Ежелгі Греция мен Римнің экономикалық тарихы
- •12.Ежелгі Греция мен Римнің экономикалық тарихы
- •13.Феодалдық экономиканың қалыптасуы мен дамуы
- •14.Феодалдық шаруашылықтың тарихи-экономикалық дамуының ерекшеліктері
- •15. Индустриа́лды экономика ерекшеліктері
- •16.Ұлы географиялық ашылулардың экономика тарихы үшін маңызы
- •17.Экономиканың индустриальды моделінің дамуы
- •18.Еуропада өндірістік капитализмнің қалыптасуы және даму ерекшелігі
- •19.Англия, Франция және Германияда өндірістік капитализмнің дамуы
- •20.Хіх ғ. Екінші жартысы мен хх ғ. Басындағы өндірістік капитализмнің эволюциясы
- •21.Әлемнің жетекші елдерінде монополистік капитализмнің қалыптасу ерекшелігі
- •24.Хіх ғ. Екінші жартысы – хх ғ. Басында Ресейде өндірістік капитализмнің дамуы
1.Экономикалық тарихтың пәні және әдістері.
Экономикалық тарих маңызды әлеуметтік –экономикалық ғылымдардың бірі. Ол нақты экономикалық жүйелерді, олардың пайда болуын және әр түрлі тарихи дәуірлердегі даму кезеңдерін зерттейді. Экономикалық тарих қалған экономикалық ғылымдардың негізгісі болып табылады.
Экономикалық тарих экономикалық байланыстардың дамуын, құбылыстарды және процесстерді зерттеумен айналасады. Ол дүние жүзі шаруашылығын, жеке мемлекет шаруашылығын қамту мүмкін.
Экономикалық тарих пәнінің зерттеу объектісі экономика болып келеді. Экономикалық тарих қазіргі кезде үш жақты тарихты, экономикалық теорияны, нақты экономиканы зерттейді,
XIX – XX ғасырларда экономикалық тарих өзіндік пән ретінде қалыптасып, жоғары оқу орындарында өткізіле басталды. Экономикалық тарихтын практикалық қолданысы экономикалық теорияны, экономикалық дамудың заңдылықтарын біліп болжайды.
Экономикалық тарих атқаратын қызметтері:
Шаруашылықтың даму дәрежесін жалпылау және меңгеру;
Әр түрлі экономикалық мағлұматтарды сұрыптау;
Логиканың қалыптасуы және саналаудың стили.
Әдістер зерттеу пәнімен тікелей байланысты. Әдістерді экономикалық теорияларды интерпретация тәсілі ретінде және бағалау ретінде қолдануға болады. Әдістер теория мен практиканы сәйкестендіруге мүмкіндік береді.
Экономикалық тарих әдістері:
Тарихи генетикалық – экономикалық көзқарастардың пайда болуы мен дамуын анықтауға көмектеседі.
Құрылымдық – жүйе – экономикалық даму эволюциясын қарастыады.
Мәселелі – логикалық экономикалық тарих кезеідерінің әр кезенінің негізгі мәселерін қарастырады.
Салыстырмалы – тарихи экономикалық көзқарастардың жалпы және өзгеше ерекшеліктерін анықтап, зерттеуге мүмкіндік береді.
Осы әдістердің қолданылуы экономикалық ғылымындағы экономикалық тарихты зерттеудегі прогресстың дамуын және экономикалық тарихи көзқарасты зерттеудегі.
Экономикалық тарихтын негізгі фактілері экономика үшін негіз болып табылады.
2.«Экономика, тарих, мәдениет, саясат, өркениет, нарық, бизнес» терминдерінің ұғымы.
Экономика — гректің «oikonomos» — «жеке шаруашылықты/үй шаруашылығын басқаратын тұлға» деген сөзінен шыққан, материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастар. Экономика да, табиғат та объективті. Экономика заңдары, табиғат заңдары сияқты объективтік сипат алады. Егер экономиканы жақсы білсек, ол бізге байлық, пайда әкеледі.
Тарих латын тілінен аударғанда, өткен оқиғалар жөніндегі әңгімелер, зерттелген, анықталған туралы баяндау. Тарих – ғылым ретінде көптеген маңызды мәселелерді шешеді. Гуманитарлық ғылымдар кешенінде ол басты орын алады.
Мәдениет (арабша “маданият” – қала, қалалық; латынша – өңдеу, өсіру деген ұғымдарды білдіреді) – 1) белгілі бір халықтың қол жеткізген табыстары мен шығармашылығының жиынтығы; 2) адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері (палеолит мәдениеті, крит-микен мәдениеті, т.б.); 3) адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті, т.б.); 4) агромәдениет (дәнді өсімдіктер мәдениеті, цитрустық мәдениет, т.б.). Мәдениет– адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды
Саясат - (гр. politika - мемлекетті басқару өнері) - алғашында мемлекеттік және қоғамдық істер немесе мемлекеттік басқару шеберлігі деген мағынаны білдірген, тағы 1) өз мүдделерін іске асыруға, қорғауға бағытталған және саяси билікті басып алуға, қолында ұстауға, оны пайдалануға тырысушылықпен байланысты мемлекеттер, топтар, ұлттар, үлкен әлеуметтік топтардың арасындағы қатынастар саласындағы азаматтар мен жеке адамдар билігінің мекеме, бірлестіктердің қызметі;
2) мемлекеттік және қоғамдық өмірдің күнделікті мәселелер немесе оқиғалар жиынтығы.
Өркениет (лат. сіvіlіs – азаматтық) – қоғамның материалдық және рухани жетістіктерінің жиынтығы. Ежелгі римдіктер бұл ұғымды “варварлықтар” деп өздері атаған басқа халықтар мен мемлекеттерден айырмашылықтарын көрсету мақсатында қолданған. Олардың түсініктері бойынша “Өркениет” азаматтық қоғам, қалалық мәдениет, заңға негізделген басқару тәртібі қалыптасқан рим империясының даму дәрежесін білдірген.
Нарық — тауар өндірісі мен айналым заңдары бойынша ұйымдастырылатын айырбасты сипаттайтын тауар қатынастарының жиынтығын білдіреді. Басқаша айтқанда, нарық — нақты тауар сатушылар мен оны сатып алушылардың басын қосатын кез келген институт немесе механизм.
"Бизнес (ағылш. busіness — кәсіпкерлік, сауда-саттық) — пайда табуға бағытталған әрекеттің, экономикалық қызметтің бір түрі; жеке кәсіпкердің не фирманың іскерлік қызметі"