- •1)Адам қабілеттілігінің қалыптасуы.Мысалы адамның денсаулығы мен білімінің жақсаруы.
- •2)Осы қабілеттіліктерді жумысқа немесе мәдени,әлеуметтік және саяси істерде жүзеге асыру.
- •3.Адами дамудағытұжырымдықтәсіл
- •1)Адам қабілеттілігінің қалыптасуы.Мысалы адамның денсаулығы мен білімінің жақсаруы.
- •2)Осы қабілеттіліктерді жумысқа немесе мәдени,әлеуметтік және саяси істерде жүзеге асыру.
- •5.Адами даму концепциясындағы экономикалық өсім және еңбекпен
- •7.Өмір сүру деңгейі және адами даму
- •8.Өмір сүру деңгейі, теңсіздік және адами даму
- •9.Кедейшілік және адами даму
- •10.Мыңжылдық декларациясы және адами даму
- •11.Әлеуметтік қорғау және адами даму
- •12.Әлеуметтік саясат және Адами даму
- •13.Адами даму және адам өмірінің әр түрлі аспектілері
- •14.Aд аспектісіндегі денсаулық және өмір сүру ұзақтығы
- •15 Денсаулық және өмір сүру ұзақтығы
- •18 Демографиялық саясат және ад
- •19.Демографиялық саясат және адамзат мәселелері
- •20.Гендерлік теңсіздік және адами даму
- •21.Адами даму контекстіндегі гендерлік саясаттыңмәні
- •25.Адами даму және білімдер экономикасы
- •26.Адами даму және білімдер экономикасы
- •27.Тиімді басқару және адами даму.
- •28.Адами дамуды жетілдірудегі мемлекеттің рөлі
- •29.Адами даму концепциясындағы адам құқықтары
- •30.Адам құқықтарының Жалпыға бірдей Декларациясы және Адами даму
- •31.Ад концепциясы
- •1)Адам қабілеттілігінің қалыптасуы.Мысалы адамның денсаулығы мен білімінің жақсаруы.
- •2)Осы қабілеттіліктерді жумысқа немесе мәдени,әлеуметтік және саяси істерде жүзеге асыру.
- •32.Экономикалық өсу және Адами даму еңбекпен қамту
- •Экономикалық өсудің факторлары:
- •33.Әлемдегі кедейшілік және онымен күрес жолдары
- •34.Әлеуметтік саясат және ад
- •36.Денсаулық сақтау жүйесі және ад
- •37.Өмір сүру деңгейі және өмір сүру сапасы
- •39.Еңбекпен қамту және ад – әлеуметтік-экономикалық құндылықтардың қақтығысы
- •40.Гендерлік теңсіздік және оны еңсерудің жолдары
- •41.Адами капитал және адами даму
- •42.Мемлекет, қоғамдық сектор және ад
- •43.Баспанамен қамтамасыз ету және ад
- •47.Әлемдік эконмикадағы дамыған елдер тобы мен олардың халықаралық еңбек бөлісудегі орны мен рөлі.
- •50.Кедейшілік мәселесі мен оның халықаралық аспектілері
- •51.Адамзаттың жаһандық мәселелерінің эконмикалық аспектілері
- •52.«Табиғат - адамзат » байланысы. Т.Мальтус және адамзат саны мен табиғи ресустардың арақатынасы.
- •53.Өндірістің мәні және оның эконмикалық ғылымдардағы орны
- •54.Экономикалық іс-әрекеттерді натуралдың шаруашылық пен товарлық өндірісте үйлестіру әдістері.
- •56.Экономикалық ғылымның қазіргі кездегі мектептері мен бағыттары
- •58.Әлемдік банк тобы: құрылымы мен әлемдік экономикалық дамытудағы рөлі
- •59.Әлемнің халық санының өсуі мен оның экономикалық салдарлары
- •60.Табиғи ресурстердің тапшылығымен байланысты халықаралық экономикалық қатынастар
18 Демографиялық саясат және ад
Демография (грекше демос — халық) — белгілі бір халықтың, ұлттың, ұлыстың, этникалық топтың санын, құрамы мен құрылымын, аумаққа бөлінуін, өсу не кему динамикасын қоғамдық-тарихи жағдайлармен байланыстырып зерттейтін әлеуметтік ғылым саласы. Демография адам популяциясын оның көлемі мен құрылымына сәйкес, яғни жынысы, жасы, отбасылық жағдайы және этникалық шығу тегі бойынша, сондай-ақ, осы популяцияның туу, өлу және миграция коэффициенттеріндегі өзгеруі тұрғысынан статистикалық зерттеу.[1]
Демографиядағы ең басты мәселе – халықтың ұдайы өзгеруін, өсу мөлшерін, дамуын анықтау. Халықтың ұдайы өзгерісі – ұрпақ алмасу, туу мен өлу, яғни табиғи жағдай арқылы жүзеге асады. Белгілі бір аймақтағы халықтың өсу мөлшерінің өзгеруі адамдардың басқа жерлерден көшіп келуі (иммиграция) мен олардың бөтен аймақтарға қоныс аударуына (эмиграция), яғни халықтың көшу-қону қозғалысына да байланысты. Сондай-ақ халық санының өзгеруі адамдардың жасына, отбасы жағдайына, балалар санына немесе білім деңгейіне, мамандығына, әлеуметтік ахуалына орай бір күйден екінші күйге, бір топтан екінші топқа ауысуына тәуелді. Кең мағынасында алғанда, халықтың ұдайы өзгерісі дегеніміз оның санының, құрамы мен орналасуының табиғи жағдайларға және миграцияның ықпалына қарай өзгеріп отыруы. Отбасының құрылуы, оның дамуы мен күйреуі демографияда дербес мәнге ие. Демографияда халықтың және оның бөліктерінің өзгеруі тек сан жағынан ғана емес, сонымен қатар сапалық тұрғыдан да қарастырылады. Мыс., белгілі бір жастағы адамдардың санының өзгеруімен қатар олардың тұлғалық дамып-жетілуі, денсаулығындағы өзгерістері де назарға алынады. Демографияда жекелеген адамдарға қатысты әр түрлі құбылыстар барлық халықтың да, сонымен бірге дербес зерттеу нысаны ретінде оның белгілі бір топтарының да жай-күйін сипаттауға пайдаланылады. Демографиялық процестердің өзара байланыстарын, олардың әлеуметтік-экономикалық құбылыстарға тәуелділігін және халық дамуының әлеуметік-экономикалық салдарын зерттей отырып, демография халық саны мен сапасы өзгерісінің заңдары мен заңдылықтарын анықтайды. Нақтылы қоғамдық ортада өтіп жатқан халық өзгерісін сол қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайлары айқындайды. Демография үшін бастысы – халықтың қоғам дамуымен өзара ықпалдасуы болып табылады. Демография әлеуметтік-экономикалық процесс заңдылықтарының жалпы халықтың ұдайы өсуіне ықпалын ғана емес, керісінше халық өсімінің қоғам дамуына тигізетін әсерін де зерттейді. Әсіресе, бұл жерде еңбек ресурстарының құрамы мен қозғалысының, сондай-ақ халықтың тұтынушы ретіндегі үлес мөлшерінің терең зерттелуі аса маңызды рөл атқарады. Зерттеулердің бұл саласын кейде «экономикалық демография» деп атайды. Демографияның міндеттерінің бірі – халықтың ұдайы өзгерісінің заңдылықтарын зерттеу негізінде мемлекет тарапынан жүргізілетін демографиялық саясат негіздерін тұжырымдау.
19.Демографиялық саясат және адамзат мәселелері
Адамзат өз дамуының қазіргі кезеңінде демографиялық дағдарыс сатысында тұр, бұл қоғамның келеңсіз ахуалын көрсетеді.Осының себебі бойынша одан шығудың нақты жолдарын іздеу көптеген елдер үшін айрықша өзекті болып отыр.Қазір әдеттен тыс жағдай қалыптасып отыр.Халық санының тым артуы қорқушылықтың еш негізі болмағанымен, бүгінде әлемдег іхалық санының тым арту мәселесі алаңдаушылық туғызып отыр.елдік демографиялық моделді зерделеу кезінде адами ресурстардың жетіспеушілік үрдісі байқалады, мемлекеттердің халқы қартаю үстінде. Әлемде, әсіресе оның дамыған бөлігіндегі негізгі проблема – бұл бала туудыңтөмендеуі.Дегенмен, мейілінше аз дамыған елдерде керісінше ахуал басым – онда халық саны төмендемей,керісінше өсіп келеді және егер табиғи халық өсімі төмен негізінен Еуропа елдері бірінші ондыққа кірсе, ал халық санының өсімі барынша жоғары елдер ондығына аса кедей африка елдері кіреді.Қазіргі заманғы мемлекеттің дамуы процесінде демографиялық проблемаларды шешудегі шетел тәжірибесін зерделеу аса маңызды болып табылады. Шетел мемлекеттері жинақтаған тәжірибені пайдалану отандық реттеу институттарын жетілдіруге, тәжірибеде өз өміршеңдігін көрсеткен барынша тиімді моделдер мен жолдарды қолдануға ықпал етеді.
Ұлттың қартаюы,халық санының аздығы елдің экономикалық әл-ауқатына қатер төндіреді.Халық санының төмендеуі экономикалық инфрақұрылымның одан әрі өсу үшін әлеуетінің болмауына әкеледі.Тұтынушылық құны жоғары тауарлар өндірісі мен жалпы өндіріс өсімі халықтың тұтынушылық әлеуетінің әлсіздігіне байланысты қиындыққа тап болады.Шетелдерде ұлттың қартаюы және өмір ұзақтығы проблемасы айрықша өзекті болып отыр.Өмір ұзақтығы барынша жоғары елдер рейтингінде Андорра, Жапония, Макао (Қытайдың айрықша әкімшілік ауданы), Сан-Марино мен Сингапурда өмір ұзақтығы жоғары.Сахараның оңтүстігіне қарай орналасқан Африка елдеріндегі адамдар ең аз өмір сүреді.
Халық саны проблемасының Қазақстан үшін айрықша маңызы бар. Халық санының тығыздығы республика бойынша тұтастай алғанда бір шаршы километрге 5,5 адамды құрайды. Мысалы, Қытайда бұл көрсеткіш бір шаршы метрге 140 адам.Шығыс Еуропа елдерінде 2025 жылға қарай халықтың 20-дан 25-ке дейінгі пайызы 65 жаста және одан жоғары болмақ. Бұл туралы Бүкіләлемдік банктің өңірдегі демографиялық үрдістер туралы баяндамасында айтылады. Мәселен, болжамдар бойынша Словенияда 47 жас орташа жасты құрамақ. Сөйтіп, Словения әлемдегі ең «кәрі» елдің бірі болады.
Біріккен Араб әмірліктерінің (БАӘ) тұрып жатқан төрт миллион жергілікті тұрғындардың 825 мың адамы генетикалық аурулар проблемасына кезікті. Генетикалық аурулар БАӘ-де жақын туыстар арасындағы некелердің таралуынан туындап отыр, қазіргі кезде ол барлық неке санының 3,5%-ын құрайды.
