
- •1)Адам қабілеттілігінің қалыптасуы.Мысалы адамның денсаулығы мен білімінің жақсаруы.
- •2)Осы қабілеттіліктерді жумысқа немесе мәдени,әлеуметтік және саяси істерде жүзеге асыру.
- •3.Адами дамудағытұжырымдықтәсіл
- •1)Адам қабілеттілігінің қалыптасуы.Мысалы адамның денсаулығы мен білімінің жақсаруы.
- •2)Осы қабілеттіліктерді жумысқа немесе мәдени,әлеуметтік және саяси істерде жүзеге асыру.
- •5.Адами даму концепциясындағы экономикалық өсім және еңбекпен
- •7.Өмір сүру деңгейі және адами даму
- •8.Өмір сүру деңгейі, теңсіздік және адами даму
- •9.Кедейшілік және адами даму
- •10.Мыңжылдық декларациясы және адами даму
- •11.Әлеуметтік қорғау және адами даму
- •12.Әлеуметтік саясат және Адами даму
- •13.Адами даму және адам өмірінің әр түрлі аспектілері
- •14.Aд аспектісіндегі денсаулық және өмір сүру ұзақтығы
- •15 Денсаулық және өмір сүру ұзақтығы
- •18 Демографиялық саясат және ад
- •19.Демографиялық саясат және адамзат мәселелері
- •20.Гендерлік теңсіздік және адами даму
- •21.Адами даму контекстіндегі гендерлік саясаттыңмәні
- •25.Адами даму және білімдер экономикасы
- •26.Адами даму және білімдер экономикасы
- •27.Тиімді басқару және адами даму.
- •28.Адами дамуды жетілдірудегі мемлекеттің рөлі
- •29.Адами даму концепциясындағы адам құқықтары
- •30.Адам құқықтарының Жалпыға бірдей Декларациясы және Адами даму
- •31.Ад концепциясы
- •1)Адам қабілеттілігінің қалыптасуы.Мысалы адамның денсаулығы мен білімінің жақсаруы.
- •2)Осы қабілеттіліктерді жумысқа немесе мәдени,әлеуметтік және саяси істерде жүзеге асыру.
- •32.Экономикалық өсу және Адами даму еңбекпен қамту
- •Экономикалық өсудің факторлары:
- •33.Әлемдегі кедейшілік және онымен күрес жолдары
- •34.Әлеуметтік саясат және ад
- •36.Денсаулық сақтау жүйесі және ад
- •37.Өмір сүру деңгейі және өмір сүру сапасы
- •39.Еңбекпен қамту және ад – әлеуметтік-экономикалық құндылықтардың қақтығысы
- •40.Гендерлік теңсіздік және оны еңсерудің жолдары
- •41.Адами капитал және адами даму
- •42.Мемлекет, қоғамдық сектор және ад
- •43.Баспанамен қамтамасыз ету және ад
- •47.Әлемдік эконмикадағы дамыған елдер тобы мен олардың халықаралық еңбек бөлісудегі орны мен рөлі.
- •50.Кедейшілік мәселесі мен оның халықаралық аспектілері
- •51.Адамзаттың жаһандық мәселелерінің эконмикалық аспектілері
- •52.«Табиғат - адамзат » байланысы. Т.Мальтус және адамзат саны мен табиғи ресустардың арақатынасы.
- •53.Өндірістің мәні және оның эконмикалық ғылымдардағы орны
- •54.Экономикалық іс-әрекеттерді натуралдың шаруашылық пен товарлық өндірісте үйлестіру әдістері.
- •56.Экономикалық ғылымның қазіргі кездегі мектептері мен бағыттары
- •58.Әлемдік банк тобы: құрылымы мен әлемдік экономикалық дамытудағы рөлі
- •59.Әлемнің халық санының өсуі мен оның экономикалық салдарлары
- •60.Табиғи ресурстердің тапшылығымен байланысты халықаралық экономикалық қатынастар
12.Әлеуметтік саясат және Адами даму
Әлемдік даму аренасына қадам басқан кез келген мемлекет өз қоғамының мүшелерінің барлық қажеттіліктерін қанағаттандырып, жаңа биік белестерге қадам басуға әрекет жасайды. Бүгінгі таңда әлеуметтік мемлекет болып табылатын көптеген әлем мемлекеттері үшін әлеуметтік саясаттың айқын басым бағыттарын анықтап, салиқалы әлеуметтік саясат жүргізу, халықты әлеуметтік қорғаудың өзіндік моделін қалыптастыру стратегиялық маңызы бар мәселе болып отыр. Әлеуметтік саясаттың басым бағыттарын анықтау арқылы мемлекет ең алдымен негізгі халықтың қажеттіліктерін анықтап, саясатты сол арнаға бағыттайды. Демек, тиімді тетіктерін табу арқылы қоғамның әр түрлі топтарына, таптарына, әсіресе әлжуаз әлеуметтік қорғауды қажет ететін топтарын әлеуметтік қорғаумен қамтамасыз етеді. «Әлеуметтік саясат» ұғымын теориялық-методологиялық талдау бұл саланың ғылыми негіздемесін орнықтырады. Ал әлеуметтік саясаттың негізі әлеуметтік қорғаудан бастау алса, әлемнің көптеген мемлекеттерінде халықты әлеуметтік қорғаудың модельдері (Скандинавия елдері моделі, Жерорта теңізі елдері моделі, Чили моделі және т.б.) қалыптасып үлгерді. Осы тұста Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау жүйесінің әлем елдерінің озық тәжірбиесі негізінде өзіндік моделін жасап келеді. Десек те, қоғам түрленіп, нарық құбылып өзгерген сайын Қазақстанның да басқа мемлекеттер сияқты әлеуметтік саясатын жетілдіріп отыруы заңды құбылыс болып табылады. Әлеуметтік мемлекеттің қалыптасуы мен дамуы азаматтық қоғам, демократия, гумманизм, құқықтық мелекет, еркіндік пен теңдік мәселелерімен тығыз байланысты. Әлемдік тәжірбиеде әлеуметтік мемлекеттердің қалыптасқан классикалық үлгілері мен мынадай белгілері бар:
Мемлекеттік билік жүйесінің демократиялық ұстанымдарға сай ұйымдастырылуы;
Мемлекеттік биліктегі адамдардың жоғары адамгершілік, ізгілік қасиеттерінің болуы;
Экономикалық мүмкіндіктерді тиімді пайдалану;
Табиғи байлықтан түскен кіріс пен қаржыны халыққа теңдей бөлу;
Құқықтық мемлекеттің қалыптасуы;
«Әлеуметтік саясат» ұғымы ежелден бастау алады. Адамзат дамуының тарихында бұл ұғым түрлі қоғам мүшелерінің қажеттіліктеріне байланысты өзінің негізгі функциясын орындап отырды. Оның астарныда қоғам мәдениеті мен дініне негізделген әлеуметтік әділеттілік жатады.
Саяси тарихты талдау барысында көптеген ойшылдардың зерттеу пәні мемлекет пен қоғамның қарым-қатынасы және мемлекеттің атқаратын қызметі екенің көреміз. Бірқатар ғылыми мектеп өкілдері мемлекеттің құрылудағы басты мақсаты – ол өз тұрғындарының жағдайын жасау деген тұжырымға келді. Платонның айтуы бойынша «кез келген билік, ол билік болғандықтан, өзінің қамқорлығын басқа біреуге емес, тек өзінің бағыныштыларына жасайды», ал «берілген билеуші өзіне тиімдіні емес, бағынушыларына тиімдіні көздейді». Платон еңбек бөлінісіне негізделген, әлеуметтік бөліну мәселесіне ерекше көңіл бөледі. Демек, ежелден-ақ қоғамның әлеуметтік және экономикалық ерекшеліктері көрінген.
Аристотель еңбектерінде «мемлекет өмір сүру үшін ғана емес, бақытты өмір сүру үшін жаратылады», «мемлекет – …көмек көрсету мақсатындағы одақ», ал ең жақсы мемлекеттік құрылым деп, ұлы ғұлама әр адамның ізгілікте және бақытта өмір сүруіне мүмкіндік берген құрылымды мойындауды ұсынған [3]. Дәл сол Аристотель айтқан «орта табысы бар орта адамдардан тұрат мемлекет» теориясы қоғам тұрақтылығының негізгі факторларының бірі болып отыр.