Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор-адами даму.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
173.2 Кб
Скачать

51.Адамзаттың жаһандық мәселелерінің эконмикалық аспектілері

Ғаламдық проблемалар - әлемді тұтас қамтитын табиғи, табиғи-антропогендік немесе таза антропогендік құбылыстар. Осы құбылыстардың даму процесі жаһандану деп аталады. Қазіргі танда Халықаралық деңгейде мынадай ғаламдық проблемалар бар:

Ресурстар проблемасы;

Азық-түлік немесе ашаршылық проблемасы;

Энергетикалық проблема;

Демографиялық проблема;

Климаттың өзгеруі;

Экологиялық проблемалар;

«Үшінші әлем» елдерінің артта қалуын жою;

Қауіпті ауруларды жою;

Әлемдік мұхит пен космосты игеру;

Қылмыспен және терроризммен күрес;

Наркобизнеспен күрес.

Ғаламдық проблемаларды ерекше білім саласы - глобалистика зерттейді. Аталған ғаламдық проблемалар өзара тығыз байланысты және барлығы іс жүзінде жердегі экологиялық дағдарыстың даму процесімен қамтылады. Әрбір ғаламдық проблеманы міндетті түрде шешу қажет, өйтпесе оның дамуы апатқа - өркениеттің жойылуына дейін апарып соғады. Ғаламдық проблемаларды шешу үшін ғаламдық, аймақтық , ұлттық бағдарламалар жасалады, бірақ оларға келісушілік және үйлестірушілік жетіспейді. Ғаламдық проблемаларды шешуге жұмсалатын шығындардың жартысына жуығын экологиялық проблемаларды шешу шығындары құрайды. Өйткені басқа проблемалардың ішінде ғаламдық экологиялық проблемаларды ең артықтау проблема деп санайды. Ғаламдық экологиялық проблемалар - ғаламдық, аймақтық және ұлттық деңгейлерде айқындалған экологиялық проблемалар кешені. Зор геосаяси проблеманың экологиялық қауіптілігінің мынадай көріністері бар: табиғи экожүйенің бүлінуі, озон қабатының жұқаруы, атмосфераның, Әлемдік мұхиттың ластануы, биологиялық әралуандылықтың азаюы және т.б. Олар тек қана барлық елдердің қатысуымен, БҰҰ-ның басқаруымен шешілуі мүмкін. Экологиялық проблемалардың ғаламдығы оны шешу үшін барлық елдердің жігерін жұмылдыру қажеттігін тудырып отыр; қарудың барлық түрлерін азайтпай экологиялық дағдарыстан айырылу мүмкін еместігі; биосфераның жалпыға ортақ ластануына қарай ядролық соғыс ғана емес, тіпті жай соғысты жүргізудің мәнсіздігі; қазіргі өркениеттің технологиялық құрылымын қайта құру, өмір негізі болатын табиғатпен өзара іс-әрекеттің жаңа сапалы әдістері мен құралдарын жасау; қоршаған ортаны қорғау проблемасы бойынша БҰҰ органдары жұмысының тиімділігін арттыру және оларга төтенше өкілеттік беру.

52.«Табиғат - адамзат » байланысы. Т.Мальтус және адамзат саны мен табиғи ресустардың арақатынасы.

Томас Роберт Мальтус (1766-1834 жж) XIX ғасырдың бірінші жартысындағы англияның экономика ілімінің өкілі. Оның негізгі еңбектері: «Халықтың орналасу заңының ережесі» (1718 ж), «Табиғат және жер рентасының өсуін зерттеу» (1815 ж), «Саяси экономияның бастауы» (1820 ж). Ол бұл еңбектерінде лендлордтардың, жер иеленушілердің және капиталистердің жекелік құқыларын қорғап, олардың бұқара халықтың кедейлігіне жауапкер еместігін дәлелдеді.Мальтус халықтың өсімінің әр түрлі үрдістері мен оның өмір-сүруіне керекті қаражаттардың ара қатынастарының сәйкесіздігін дәлелдеуге тырысты. Мәселен, оның есептеуі бойынша, халықтың саны әрбір 25 жыл сайын геометриялық прогреспен екі еселеп өседі (1,2,4,8,16,32,64 және т.б.), ал олардың өмір сүру жабдықтары тек қана арифметикалық прогреспен (1,2,3,4,5,6,7 және т.б.) өседі. Мұндай жағдайда 2 жүз жылдың ішінде жер шарындағы халық саны мен оның өмір сүру жабдықтарын салыстырғанда 256-ның 9-ға, 3 жүз жылда 4096-ның 13-ке қатынасындай болған болар еді.Мальтустің бас пікірлері, - кедейлік байлықтың әділетсіз, тең бөлінбегендігінен тумайды, оған халықтың өзі кінәлі, «жұмысты жаман істейді»; - «халық өзін-өзі кінәлауы тиіс» және «ешқандай төңкерістер мен реформалар оған көмектесе алмайды» халықтың шамадан тыс көбеюіне қарсы шаралар: «адамгершілікті ауыздықтау», «кедейлердің некеге отырудан бас тартуы» деді. Мальтустың пікірі бойынша табиғаттағы халықтың саны мен өмір сүру жабдықтарының арасындағы сәйкестікке эпидемиялар, аштықтар, соғыстар, адамдардың жаппай бөлігін күштеп ауыр еңбекке салу арқылы қол жеткізуге болады деді.Халықтың шамадан тыс өсу проблемасын Т. Мальтус еңбекақыны өзгерту арқылы шешті. Халықтың өсуі еңбек ақының төмендеуіне әкеледі бұл болашақтағы халықтың өсуін шектейді. Басқаша айтқанда, жұмысшылар өмірінің төмен деңгейі әлеуметтік проблемалармен емес, биологиялық заңдармен анықталады.Т. Мальтус кедейлерге мемлекеттік қолдау көрсетуге қарсы күресті, ол мұны еңбек сүйетін азаматтардан салық арқылы жалқауларға демеу көрсету деп түсіндірді.Мальтустың көзқарасы бойынша халықтықтың өсуі- тек қана тамақ өнімдерінің жетіспеушілігімен, аштық үрейімен шектеледі. Ал әлемдік тәжірибе бұны басқаша көрсетеді, өмір деңгейінің өсуі демографиялық ахуалдың өзгеруіне, туудың кемуіне, отбасы санын сапалы жоспарлауға әкеліп соғады.Мұндай ойларды айта отырып, мынаны да байқауға болады, Мальтустың бір кезде айтқан проблемасы, өзінің өзектілігін бүгінгі күн де сақтауда. Өмірдің төмен деңгейінің сақталуы тек қана «үшінші әлем» елдерімен ғана байланысты емес. Экономикалық процестерді жаһандандыру (глобализация) демографиялық үрдістерге талдау жасауда кең-ауқымда жол табушылықты талап етеді. Соңғы 10-15 жылда әлемдік өндіріс динамикасында жаңа әдістер пайда болды, бірсыпыра себептерге байланысты жер шарында жан басына шаққанда негізгі ауылшаруашылық өнімдерін өндіру көлемі қысқаруда. Демографтардың болжамдарына сәйкес, планета халқы 2030-шы жылдары 6-дан 9 млрд. дейін көбейеді. Сол кезде азық-түлік ресурстарының тапшылығы пайда болу мүмкін, дегенмен бұлардың барлығы Мальтус теориясының дұрыстығын әлі де дәлелдемейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]