Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор-адами даму.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
173.2 Кб
Скачать

50.Кедейшілік мәселесі мен оның халықаралық аспектілері

Кедейшілік – бұл терең әлеуметтік-экономикалық және мәдени-психологиялық тамырлары болатын күрделі құбылыс. Кедейшілік уақыт пен кеңістікте салыстырмалы болады. Оны бағалау мен өлшеуді әрбір елдің дамуының тарихи жағдайларын ескеріп өткізу керек. Кедейшілікті бағалау мен өлшеудің бірнеше ыңғайлары бар: абсолютті, салыстырмалы және субъективті. 1997 жылғы адамның дамуы туралы Баяндамада БҰҰ-ның даму бағдарламасы кедейшілікті адам әлеуетінің даму тұрғысынан қарастыруды ұсынды. Бұл кезде табыстар деңгейі, күнкөріс минимумы, сатпы алу қабілеті сияқты кедейшіліктің дәстүрлі көрсеткіштерімен қатар адамның даму индикаторлары қолданылады (өмірдің күтілетін ұзақтығы, жұмыссыздық, жасөспірімдер мен аналардың өлімі және т.б.). Адам дамуының индикаторлары мыңжылдық дамуының Мақсаттары мен міндеттерін қамтиды. Сәйкесінше, есеп беруде Қазақстанда кедейшілікті өлшеу үшін индикаторларының кеңейтілген тізімі ұсынылады. БҰҰ-ның мәліметтері бойынша, осы күні дүниежүзі халқының бір миллиард халқы кедейшілікте өмір сүреді. Бұл адамдардың тіпті күнделікті бір ішіп-жер тамағы да жоқ. Сонымен қатар басқа төрт миллиард адам азық-түлік тапшылығы, медициналық мүмкіндіктердің болмауы және тұрмыстық жағжайларының нашарлығынан кедейшілікке жақын жағдайда ғұмырларын кешуде.17-ші қазан БҰҰ тарапынан әлемдік "Кедейшілікпен күресу күні" деп жарияланған. Оның мақсаты - әлемдік қоғамдық пікірдің назарын осы мәселеге аударту және кедейшіліктің тамырын жоюға қадам жасау болды. Біріншіден БҰҰ мен халықаралық экономикалық ұйымдардың кедейшілік деген сөзге берген анықтамасымен таныстырамыз.Негізінде кедейшіліктің үш түрі, атап айтқанда абсолютті, салыстырмалы кедейшілік пен мүмкіндіктер тапшылығына байланысты кедейшілікке түсініктеме берілген.Мүмкіндіктер тапшылығына байланысты кедейшілікте әртүрлі қиындықтар, атап айтқанда азық-тұлік пен киім тапшылығы, тұратын мекеннің, медициналық және білім алу мүмкіндіктердін жоқтығы байқалады. Негізінде бұл әлеуметтік тапшылықтың бір түрі болып табылады.Салыстырмалы кедейшілікте адамдардың кірістері мемлекеттің орта кірісімен салыстырылады. Әр елдің орта кірісі бойынша, оның жартсынан аз кірісі бар адамдар кедей болсып саналады.Абсолютті кедейшілік БҰҰ берген түсініктеме бойынша, адам күніге 2 доллардан төмен кіріспен өмірін кешеді.БҰҰ-ның мәліметтері бойынша осы уақытта дүниежүзінің халқының бір миллиарды абсолютті кедейшілікте өмір сүреді. Бұл адамдардың тіпті күнделікті бір ішіп-жер тамағы да жоқ. Сонымен қатар басқа төрт миллиард адам азық-түлік тапшылығы, медициналық мүмкіндіктердің болмауы және тұрмыстық жағжайларының нашарлығынан кедейшілікке жақын жағдайда ғұмырларын кешуде. Кедей жанұялар көптеген қиындықтармен бетпе-бет келеді. Олар өз балаларына дұрыс қарай алмайды, жанұя мүшелерін қажетті азық-түлік, қауіпсіздік және білім алу мүмкіндіктерімен қамтамасыз ете алмайды. Басқалардан көбірек зардап шегетін балалар үшін жұмсайтын қаржыны көбейту осы мыңжылдықтың мақсаттарына жететін ең дұрыс жол, өйткені олардың өлімін азайтады.Кедейшілік пен аштық – адамзатты шырмаған абыройсыздық екенін ұмытпайымыз керек, әлімнің бүкіл халқы кедейшілік пен аштықтың тамырын жоюға жауапты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]