Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор-адами даму.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
173.2 Кб
Скачать

1)Адам қабілеттілігінің қалыптасуы.Мысалы адамның денсаулығы мен білімінің жақсаруы.

2)Осы қабілеттіліктерді жумысқа немесе мәдени,әлеуметтік және саяси істерде жүзеге асыру.

Егер адами дамудың деңгейі осы 2 жолды қамтамасыз ете алмаса,онда адамның өз өміріне деген қанағаттанбаушылық пайда болады.

Адами даму концепциясы негізінен прогресс пен дамудың түрінен емес,нәтиже негізінде қалыптасады.Адами дамудың негізгі мақсаты – адамның ұзақ салауатты,бақытты өмір сүруі үшін жақсы саяси,экономикалық,әлеуметтік және экологиялық ортаны құру болып табылады.

Адами даму жайлы пікірлер,басқа да салалар сияқты жаңа емес,тек бұрынғыға жаңа қөзқарас береді.Адами дамудың тарихын сонау адамның дамуынын алғашқы кезиндегі еңбектерден кездестіруге болады.Солай Аристотель,адамда барлық заттың болуы біз іздеген жақсылық емес,ол тек басқа нарсені іздеуге пайдалы, деп айтып өткен болатын.

Экономикалық дамудағы адамның рөлін зерттеудің алғашқы қадамдары сонау классикалық экономикалық теорияның негізін қалаушылардан басталды.Солай, А.Смит және оның ізбасарлары адамды тек тарихи тұлға ретінде емес, сонымен қатар қоғамдық байлықтың бір бөлігі ретінде қарады.

Адамды қоғамның байлағы ретінде тек А.Смиттың мектебі емес , басқа мектептің негізін қалаған тұлғалардың еңбектерінен кездестіруге болады.Мысалы, маржиналистикалық бағыттағылар пайдалылықтың ториясын қалаған болатын.

Адами даму концепциясы негізгі 4 элементті қамтиды:

1)Өнімділік. Адамдар өз тiршiлiк әрекетiнiң өнiмдiлiгiн жоғарылату мүмкiндiгiн алуы керек.Сондықтан экономикалық өсу адамның потенциалының құраушысының бірі болып табылады.

2)Теңдік. Барлық адамдар бастапқы экономикалық өмiрде тең мұрша алуы керек.

3)Тұрақтылық. Мүмкiндiктерге рұқсат алуды бүгiнгi ғана емес, келешек ұрпақтар үшiн де қамтамасыз етуi керек.

4)Мүмкіндіктерді кеңейту. Дамыту азаматтардың пайдасына iске асуы керек және олар өздерiн күштермен асуы керек. Адамдар олардың өмiр анықтайтын шешiмді өздері қабылдаулары керек.

Адами дамудың негізгі мақсаты адамның өмір сүруіне қолайлы ортаны құру және мүмкіндіктерін одан әрі кеңейту болып табылады.

Адами даму концепциясы экономикалық өсудің ұлттық теориясына қарсы келмейді,ол жұмыс орындарын көбейтуге үлес қосады.Экономикалық өсу мен адами даму мектебінің арасындағы айырмашылық мынада болып табылады:біріншісі кірісті қамтыса,екіншісі адамның бүкіл әлеуметтік,экономикалық,мәдени,саяси таңдауларын қамтиды.

5.Адами даму концепциясындағы экономикалық өсім және еңбекпен

қамту.Экономиканың өcyi көбінесе тұтынудың жаңа түрлерін қанағаттандыру қабілеті болып табылады. Сонымен қатар ipi әлеуметтік экономикалық мәселелерді шешуге бағытталады. Экономикалық өсу деп нені түсінуге болады?Экономиканы қай жағынан алып қарасақ та, олардың барлығы экономикалық өсу мәселесiне алып келедi. Бұл мәселенiң өзектiлiгi халықтың тұрақты өсуiне, өмiр сүрудiң жоғары деңгейiн қамтамасыз ету болып табылады.

Экономикалық өсу ұғымын бiз ылғида ұзақ мерзiмде қарастырамыз. Өйткенi, қысқа мерзiмде өндiрiс факторлары тұрақты болып келедi.Осылайша, экономикалық өсу толық жұмысбастылық жағдайындағы потенциалды өнiм өндiру деңгейiнiң ұзақ мерзiмдегi қарқыны болып табылады.

Экономикалық өсу әдетте ЖIӨ-нiң  нақты өсуiмен бағаланады және оның өсу қарқынымен тiкелей байланысты. Экономикада құлдырау және өркендеу кезеңiне байланысты өсудiң екi аспектiсi болады: өсу нәтижесiнiң бұрынғы деңгейiне жету және одан асып кету. Қазақстан экономикасы қазiр экономикалық өсудiң қайта жандану кезеңiнде өмiр сүрiп отыр. Мұндай 70 жыл бойы мүлде басқа көзқараста болып келiп, ендi оған керiсiнше нарықтық экономикаға өту кезiнде мемлекеттiң, яғни макроэкономикалық реттеудiң  алатын орны үлкен болуы керек.

Экономикалық өсудің негізгі екі типі бар: экстенсивтік және интенсивтік. 

Экстенсивтік өсуде өндірістің нақты көлемінің өсу қарқыны мен оны жасауға жұмсалған жиынтық шығындардың өсу қарқынының арасындағы пропорциялары тұрақты болып саналады.  Экономикалық өсудің интенсивтік типі керісінше сипатталады - өндірістің кеңеюі өсудің тікелей факторлары сапасының жетілдірілуі арқылы жүзеге асырылады: прогресивтік технологияларды қолдану, жоғары квалификациясы мен жоғары еңбек өнімділігі бар жұмысшы күшін пайдалану арқылы және т.б.

Үкімет отырысында «Ең­бекпен қамту – 2020» бағдар­ламасы қабылданды. «Бағдар­ламаның мақсаты өзін-өзі жұ­мыспен қамтығандарды, жұ­мыссыздарды және әлеуметтік жағынан аз қамтылған халықты табысты экономикалық еңбекке тарту, индустрияландыру бағ­дар­ламасын іске асыру жолында кадрлық әлеуетті артты­руға негізделген», – деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау ми­нистрі Гүлшара Әбдіха­лықова. Оның сөзіне қарағанда, бағ­дарлама бірінші кезекте тұр­ғылықты жері бойынша да­йындықтан өткізуге, еңбекпен қамтуға, сондай-ақ азаматтың жеке ісін ұйымдастыруға қолдау көрсетуге арналған.

Бағдарлама үш кезең бо­йынша жүзеге асырылады. 2011 жылы шаралар ілкі жоба ретін­де атқарылады. Яғни, бағ­дар­ламаны іске асырудың тетік­тері атқарылып, оның құқықтық қамтамасыз етілуі қарас­тыры­лады. Ал екінші кезеңі 2012-2015 жылдары, ал үшінші кезеңі 2016-2020 жылдары іске асырылады.

Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша  ауылдық жерлер үшін аса қажетті мамандықтар бойынша оқыту жоспарланған. Облыста 8,5 мың тұрмысы төмен отбасы бар. 21 мың жұмыссыз есепте тұр. Ал еңбекке жарамды облыс тұрғындарының 141 мыңы өз шаруашылықтарымен күн көруде. Бағдарламада ауылдағы малы бар тұрғындардың осы бір тобы үшін шағын несие беру, осылайша шаруашылықтарын кеңейту мүмкіндігі жасалмақ. 

6.Экономикалық өсім және Адами даму - әлеуметтік-экономикалық құндылықтардың қақтығысы. Адами дамуды – адам потенциалының дамуы деп те айтуға болады.Бұл адамдардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету процесі.Қажеттілік шексіз болуы және уақыт өте келе өзгеріп отыруы мүмкін.Адами дамудыдың ең маңызды аспектісі болып адамның ұзақ және салауатты өмір сүру мүмкіндігі,білім алуы және жақсы өмір сүруі үшін жағдайдың болуын есептейміз.Ал қосымша аспектісіне саяси,экономикалық,әлеуметтік еркіндік пен адамның құқыққа ие болуын жатқызамыз.

Экономиканың өcyi көбінесе тұтынудың жаңа түрлерін қанағаттандыру қабілеті болып табылады. Сонымен қатар ipi әлеуметтік экономикалық мәселелерді шешуге бағытталады.

Экономикалық өсу деп нені түсінуге болады?Экономиканы қай жағынан алып қарасақ та, олардың барлығы экономикалық өсу мәселесiне алып келедi. Бұл мәселенiң өзектiлiгi халықтың тұрақты өсуiне, өмiр сүрудiң жоғары деңгейiн қамтамасыз ету болып табылады.

Экономикалық өсу ұғымын бiз ылғида ұзақ мерзiмде қарастырамыз. Өйткенi, қысқа мерзiмде өндiрiс факторлары тұрақты болып келедi.Осылайша, экономикалық өсу толық жұмысбастылық жағдайындағы потенциалды өнiм өндiру деңгейiнiң ұзақ мерзiмдегi қарқыны болып табылады.

Экономикалық өсу әдетте ЖIӨ-нiң  нақты өсуiмен бағаланады және оның өсу қарқынымен тiкелей байланысты. Экономикада құлдырау және өркендеу кезеңiне байланысты өсудiң екi аспектiсi болады: өсу нәтижесiнiң бұрынғы деңгейiне жету және одан асып кету. Қазақстан экономикасы қазiр экономикалық өсудiң қайта жандану кезеңiнде өмiр сүрiп отыр. Мұндай 70 жыл бойы мүлде басқа көзқараста болып келiп, ендi оған керiсiнше нарықтық экономикаға өту кезiнде мемлекеттiң, яғни макроэкономикалық реттеудiң  алатын орны үлкен болуы керек.

Экономикалық өсудің негізгі екі типі бар: экстенсивтік және интенсивтік. 

Экстенсивтік өсуде өндірістің нақты көлемінің өсу қарқыны мен оны жасауға жұмсалған жиынтық шығындардың өсу қарқынының арасындағы пропорциялары тұрақты болып саналады.  Экономикалық өсудің интенсивтік типі керісінше сипатталады - өндірістің кеңеюі өсудің тікелей факторлары сапасының жетілдірілуі арқылы жүзеге асырылады: прогресивтік технологияларды қолдану, жоғары квалификациясы мен жоғары еңбек өнімділігі бар жұмысшы күшін пайдалану арқылы және т.б.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]