Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор-адами даму.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
173.2 Кб
Скачать

34.Әлеуметтік саясат және ад

Мемлекеттің әлеуметтік саясаты- қоғамның әлеуметтік- экономикалық өмір сүру жағдайыын реттеудің бір бағыты. Ол елдегі жалпы экономикалық жағдаймен тығыз байланысты және екі жақты қызмет атқарады. Бір жағынан, әлеуметтік саясатта тікелей және жанама түрде экономикалық дамудың мақсаттары көрініс алады, өйткені эканомикалық іс- әрекет қоғамның барлық топтарына жақсы жағдай жасау мақсатында жасалады. Екінші шағынан, әлеуметтік саясат экономикалық өсудің факңторы болып келеді. Егер экономикалық даму халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартпаса, онда еңбек өнімділігі төмендеп, жұмыс күшінің сапасы кемиді; қоғамда әлеуметтік тұрақсыздық пен қарама-қайшылық артады. Әлеуметтік саясат әр елде әр түрлі әдіспен қалыптасады. Әлеуметтік саясат қоғамның әрбір мүшесіне заңды түрде анықталып бекітілетін жұмыс деңгейін қамтамасыз ететін табыс көлемін алу туралы кепілдік береді. Нарық жағдайында мемлекет қоғамның әрбір мүшесіне өз мүмкіншілігін іске асырып, табыс табуына жағдай жасауға міндетті болады. Әлеуметтік саясатта халықты әлеуметтік қорғау механизімінің орны ерекше. Өтпелі кезеңде экономика дағдарысқа ұшырап, қоғамда жұмысыздық пен кедейшілік қалыптасқан кезде халықты мемлекет тарапынан жаппай қаржыландыру мүмкіншілігі қысқарады. Дамыған елдердің әлеуметтік саясат жүргізу тәжрибесінде бірнеше бағыттар қалыптасқан: әлеуметтік сақтандыру; жұмыскерлерді әлеуметтік қорғау; еңбекақы саясаты; еңбек нарығындағы әлеуметтік шаралар; тұрғын үй саясаты т.б Әлеуметтік сақтандыру – мемлекеттің әлеуметтік саясатының ең бір маңызды бөлігі. әртүлі себептерге байланысты, мысалы, өндірісте жарақат алған, жұмыскер жұмыс істеуге жарамсыз болып қалдуы мүмкін. Бұл жағдайда ол табыс табу мүмкіндігінен айрылады. Осындай жағдайда қалыптасқан пробеманы екі жолмен шешуге болады. Біріншісі- жұмыкер денсаулығынан келтірілген зақымға қарай белгілі салада көмек көрсетеледі. Бірақ бір жолғы жәрдем ұзақ уақытқа жеткіліксіз. Демек, екінші жолды- әлеуметтік сақтадыруды таңдаған дұрыс болады. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы- еңбекке қабілетсіз азаматтарға материялдық және әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы қатынастарды, сондай-ақ олармен тығыз байланысты заңдық фатілерін анықтау және дауларды шешу жөніндегі іс жүргізу қатынастарын реттейтін құқықтық саласы. Зейнетақылар, жәрдемақылар ,жеңілдіктер және алуан түрлі қызметтер көрсету мен бағып күтудің нақты түрлері болып табылады. Әлеуметтік қамсыздандыру түрлерінің алуан түрлілігі әлеуметтік қамсыздандыру құқығын мемлекеттік бюджеттен тікелей қаржы бөлу есебінен мемлекеттік органдардың қарттар мен жұмысқа қабілетсіздерді қамтамасыз ету ретінде ғана сипатталып қоймайды. Кең мағынасында әлеуметтік қамсыздандыру азаматтарды қартайғанша және еңбекке қабілетсіз болған жағдайда қамсыздандыру мен, аналар мен балаларға қамқорлық жасау мен, азаматтарды сауықтырудың профилактикадан өткізудің және олардың еңбек қабілеттілігін қалпына келтірудің маңызды құралдаы ретінде медициналық қызмет көрсетумен және емдеумен байланысты мемлекет жүргізіп және қолдап отырғаны белгілі бір әлеуметтік – экономикалық шаралардың жиынтығын сипаттайды. Сонымен, бүгінгі күндері Қазақстанда халықты әлеуметтік қорғаудың және халыққа әлеуметтік кепілдік берудің жаңа мехенизмдері қалыптасуда. Республикалық және аймақтық деңгейде, өндіріс ұжымдары мен жеке адам деңгейінде әлеуметтік қрғау мен әлеуметтік кепілдіктер түрлері мен нормаларын анықтау, олардың есептеу-жоспарлау әдістемелерін жетілдіру, заң жүзінде бекіту жұмыстары жүргізілуде. Әлеуметтік нормативтер жалпы мемлекет, өндіріс әртүрлі әлеуметтік топтар мен еңбек ұжымдары деңгейінде анықталып, бекітіледі. әлеуметтік нормативтер жүйесін үш салаға бөліп қарастыруға болады: 1) тұрғындардың барлығына ортақ әлеуметтік- эономикалық кепілдіктер мен әлеуметтік қоғаулар; 2)қоғамның экономикалық белсенді мүшелеріне, яғни еңбекпен қамтылғандар мен уақытша жұмысыздарға арналған әлеуметтік кепілдіктер мен қоғау шаралары; 3) қоғамның еңбекке жарамсыз мүшелерінің мүддесін қорғайтын және оларға белгілі мөлшерде әлеуметтік кепілдік беретін мемлекет шаралары. Нақты алғанда- бұлар: мемлекет тарапынан кепілдік беретін және анықталып, заң жүзінде бекітілетін жалақының, окладтар мен ставкалардың, зейнетақы мен әлеуметтік жәрдем-төлемдердің шекті (ең төменгі) мөлшерлері.

35.Білім және АД

Білім – адамдардың белгілі бір жүйедегі ұғымдарының, деректері мен пайымдауларының, т.б. жиынтығы. Білім адамзат мәдениетінің ең ауқымды ұғымдарының бірі болып табылады. Ол санатаным, объективті әлемсубъектойлаулогикаақиқатпарасат, ғылыми және т.б. күрделі де терең ұғымдармен тығыз байланыста әрі солар арқылы анықталады.

Білім - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.

Білім беру жүйесі қоғамның әлеуметтік – экономикалық дамуында жетекші роль атқарады, сондай – ақ оны әрі қарай айқындай түседі. Ал білімнің қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негізгі мәселесі – рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетін ілім таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбірлі айырмашылығы – ол білімнің қалыптасуы мен негізделуінің жалпы ұстанымдарын, объективтік қатынастарды қалыптастырады.

Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Білім адами даму факторы ретінде жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде. Француз қайраткері «Адамға оқып – үйрену өмірде болу, өмір сүру үшін қажет» дегендей оқыту процесін технологияландыру, осыған сәйкес оқу бағдармаларын жасау, ғалымдар мен жаңашыл педагогтардың еңбектерімен танысу жұмыстары мұғалімдердің үздіксіз ізденісін айқындайды. Жаңа педагогикалық технологиялардың негізгі мәні пассивті оқыту түрінен активті оқытуға көшу оқу танымын ұйымдастырудағы бастамашылдығына жағдай туғызу, субьективтік позицияны қалыптастыру Білімділік 15 жастағы және одан жоғары сауатты халықтың үлесімен, сондай-ақ халықтың оқытумен қамтылу көрсеткішімен бағаланады. Сауаттылық – адамның күнделікті өміріне қатысты шағын мәтінді оқу, түсіну және жазу қабілеттілігі. Сауаттылық дамушы елдер үшін білімділіктің ең маңызды көрсеткіші болып табылады, сондықтан АДИ-ді есептеу кезінде оған оқытумен қамту көрсеткішіне қарағанда екі есе көп салмақ қосылады. 1995 жылға дейін адамның дамуы туралы дүниежүзілік баяндамаларда оқыту мен қамту көрсеткішінің орнына 25 жастағы және одан жоғары адамдар үшін есептелетін оқудың орташа ұзақтығы көрсеткіші пайдаланылды. Алайда бұдан былайғы 1995 жылғы адамның дамуы туралы баяндамада нөміріне және т.б. қатысу үшін қажетті ресурстарға  қол жеткізуді білдіреді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]