
- •1)Адам қабілеттілігінің қалыптасуы.Мысалы адамның денсаулығы мен білімінің жақсаруы.
- •2)Осы қабілеттіліктерді жумысқа немесе мәдени,әлеуметтік және саяси істерде жүзеге асыру.
- •3.Адами дамудағытұжырымдықтәсіл
- •1)Адам қабілеттілігінің қалыптасуы.Мысалы адамның денсаулығы мен білімінің жақсаруы.
- •2)Осы қабілеттіліктерді жумысқа немесе мәдени,әлеуметтік және саяси істерде жүзеге асыру.
- •5.Адами даму концепциясындағы экономикалық өсім және еңбекпен
- •7.Өмір сүру деңгейі және адами даму
- •8.Өмір сүру деңгейі, теңсіздік және адами даму
- •9.Кедейшілік және адами даму
- •10.Мыңжылдық декларациясы және адами даму
- •11.Әлеуметтік қорғау және адами даму
- •12.Әлеуметтік саясат және Адами даму
- •13.Адами даму және адам өмірінің әр түрлі аспектілері
- •14.Aд аспектісіндегі денсаулық және өмір сүру ұзақтығы
- •15 Денсаулық және өмір сүру ұзақтығы
- •18 Демографиялық саясат және ад
- •19.Демографиялық саясат және адамзат мәселелері
- •20.Гендерлік теңсіздік және адами даму
- •21.Адами даму контекстіндегі гендерлік саясаттыңмәні
- •25.Адами даму және білімдер экономикасы
- •26.Адами даму және білімдер экономикасы
- •27.Тиімді басқару және адами даму.
- •28.Адами дамуды жетілдірудегі мемлекеттің рөлі
- •29.Адами даму концепциясындағы адам құқықтары
- •30.Адам құқықтарының Жалпыға бірдей Декларациясы және Адами даму
- •31.Ад концепциясы
- •1)Адам қабілеттілігінің қалыптасуы.Мысалы адамның денсаулығы мен білімінің жақсаруы.
- •2)Осы қабілеттіліктерді жумысқа немесе мәдени,әлеуметтік және саяси істерде жүзеге асыру.
- •32.Экономикалық өсу және Адами даму еңбекпен қамту
- •Экономикалық өсудің факторлары:
- •33.Әлемдегі кедейшілік және онымен күрес жолдары
- •34.Әлеуметтік саясат және ад
- •36.Денсаулық сақтау жүйесі және ад
- •37.Өмір сүру деңгейі және өмір сүру сапасы
- •39.Еңбекпен қамту және ад – әлеуметтік-экономикалық құндылықтардың қақтығысы
- •40.Гендерлік теңсіздік және оны еңсерудің жолдары
- •41.Адами капитал және адами даму
- •42.Мемлекет, қоғамдық сектор және ад
- •43.Баспанамен қамтамасыз ету және ад
- •47.Әлемдік эконмикадағы дамыған елдер тобы мен олардың халықаралық еңбек бөлісудегі орны мен рөлі.
- •50.Кедейшілік мәселесі мен оның халықаралық аспектілері
- •51.Адамзаттың жаһандық мәселелерінің эконмикалық аспектілері
- •52.«Табиғат - адамзат » байланысы. Т.Мальтус және адамзат саны мен табиғи ресустардың арақатынасы.
- •53.Өндірістің мәні және оның эконмикалық ғылымдардағы орны
- •54.Экономикалық іс-әрекеттерді натуралдың шаруашылық пен товарлық өндірісте үйлестіру әдістері.
- •56.Экономикалық ғылымның қазіргі кездегі мектептері мен бағыттары
- •58.Әлемдік банк тобы: құрылымы мен әлемдік экономикалық дамытудағы рөлі
- •59.Әлемнің халық санының өсуі мен оның экономикалық салдарлары
- •60.Табиғи ресурстердің тапшылығымен байланысты халықаралық экономикалық қатынастар
31.Ад концепциясы
Адами дамуды – адам потенциалының дамуы деп те айтуға болады.Бұл адамдардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету процесі.Қажеттілік шексіз болуы және уақыт өте келе өзгеріп отыруы мүмкін.Адами дамудыдың ең маңызды аспектісі болып адамның ұзақ және салауатты өмір сүру мүмкіндігі,білім алуы және жақсы өмір сүруі үшін жағдайдың болуын есептейміз.Ал қосымша аспектісіне саяси,экономикалық,әлеуметтік еркіндік пен адамның құқыққа ие болуын жатқызамыз.
Концепция адами дамудың 2 жолын көрсетеді:
1)Адам қабілеттілігінің қалыптасуы.Мысалы адамның денсаулығы мен білімінің жақсаруы.
2)Осы қабілеттіліктерді жумысқа немесе мәдени,әлеуметтік және саяси істерде жүзеге асыру.
Егер адами дамудың деңгейі осы 2 жолды қамтамасыз ете алмаса,онда адамның өз өміріне деген қанағаттанбаушылық пайда болады.
Адами даму концепциясы негізінен прогресс пен дамудың түрінен емес,нәтиже негізінде қалыптасады.Адами дамудың негізгі мақсаты – адамның ұзақ салауатты,бақытты өмір сүруі үшін жақсы саяси,экономикалық,әлеуметтік және экологиялық ортаны құру болып табылады.
Адами даму жайлы пікірлер,басқа да салалар сияқты жаңа емес,тек бұрынғыға жаңа қөзқарас береді.Адами дамудың тарихын сонау адамның дамуынын алғашқы кезиндегі еңбектерден кездестіруге болады.Солай Аристотель,адамда барлық заттың болуы біз іздеген жақсылық емес,ол тек басқа нарсені іздеуге пайдалы, деп айтып өткен болатын.
Экономикалық дамудағы адамның рөлін зерттеудің алғашқы қадамдары сонау классикалық экономикалық теорияның негізін қалаушылардан басталды.Солай, А.Смит және оның ізбасарлары адамды тек тарихи тұлға ретінде емес, сонымен қатар қоғамдық байлықтың бір бөлігі ретінде қарады.
Адамды қоғамның байлағы ретінде тек А.Смиттың мектебі емес , басқа мектептің негізін қалаған тұлғалардың еңбектерінен кездестіруге болады.Мысалы, маржиналистикалық бағыттағылар пайдалылықтың ториясын қалаған болатын.
32.Экономикалық өсу және Адами даму еңбекпен қамту
Экономикалық өсу дегеніміз ұлттық өнімнің сан жағынан өсуімен қатар сапа жағынан жетілдірілуі. Экономикалық өсу деп өндіргіш күштердің ұзақ мерзімді дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімдегі өзгерістерін атайды.
Экономикалық өсудің негізгі мақсаттары – халықтың әл-ауқатын көтеру және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Экономикалық өсудің негізгі мақсаты материалдық әл-ауқаттың жоғарлауы болып табылады, осының құрамына кіретіндер:
Орта есеппен бір адамға келетін ұлттық табыстың өсуі. бұл мақсатқа жетуді ұлттық табыстың жан басына шаққанда келетін өсу шапшандығы көрсетеді.
Бос уақыттың көбеюі. Бұл елдің нақты жалпы ұлттық өнім немесе ұлттық табыс көрсеткіштерінде орын алмаған. Сондықтан, осы мақсатқа жету дәрежесін бағалағанда, байқалып отырған мерзімде жұмыс аптасы мен жұмыс жылы қысқарғанына, жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек әрекеттерінің жалпы ұзақтығына назар аудары керек.
Ұлттық табыстың халықтың әр топтараның арасында бөлінуін жақсарту.
Шығарылған тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсартып, түрлерін көбейту.
Экономикалық теорияда экономикалық өсудің сапасы деген ұғым әлеуметтік бағытталуының күшеюімен байланыстырылады, оның сипаттайтын келесі көрсеткіштер:
халықтың материалдық әл-ауқатының жақсаруы;
адамның бос уақытының көбеюі;
әлеуметтік инфрақұрылым салаларының даму дәрежесінің жоғарылауы;
адам капиталына инвестицияны өсіру;
адамдардың еңбек және өмір жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
жұмыссыздар мен жұмысқа қабілеті жоқтарды әлеуметтік қорғау;
еңбек нарығында ұсыныс көлемінің өсуі жағдайында жұмыспен толық қамтуды қолдау.
Экономикалық өсудің факторлары дегеніміз өндірістің нақты көлемін және оның тиімділігі мен сапасын арттыратын құбылыстар ықпалына мен процестер. Тигізетін ықпалына қарай экономикалық өсудің факторлары жанама және тікелей факторларға бөлінеді.