
- •1)Адам қабілеттілігінің қалыптасуы.Мысалы адамның денсаулығы мен білімінің жақсаруы.
- •2)Осы қабілеттіліктерді жумысқа немесе мәдени,әлеуметтік және саяси істерде жүзеге асыру.
- •3.Адами дамудағытұжырымдықтәсіл
- •1)Адам қабілеттілігінің қалыптасуы.Мысалы адамның денсаулығы мен білімінің жақсаруы.
- •2)Осы қабілеттіліктерді жумысқа немесе мәдени,әлеуметтік және саяси істерде жүзеге асыру.
- •5.Адами даму концепциясындағы экономикалық өсім және еңбекпен
- •7.Өмір сүру деңгейі және адами даму
- •8.Өмір сүру деңгейі, теңсіздік және адами даму
- •9.Кедейшілік және адами даму
- •10.Мыңжылдық декларациясы және адами даму
- •11.Әлеуметтік қорғау және адами даму
- •12.Әлеуметтік саясат және Адами даму
- •13.Адами даму және адам өмірінің әр түрлі аспектілері
- •14.Aд аспектісіндегі денсаулық және өмір сүру ұзақтығы
- •15 Денсаулық және өмір сүру ұзақтығы
- •18 Демографиялық саясат және ад
- •19.Демографиялық саясат және адамзат мәселелері
- •20.Гендерлік теңсіздік және адами даму
- •21.Адами даму контекстіндегі гендерлік саясаттыңмәні
- •25.Адами даму және білімдер экономикасы
- •26.Адами даму және білімдер экономикасы
- •27.Тиімді басқару және адами даму.
- •28.Адами дамуды жетілдірудегі мемлекеттің рөлі
- •29.Адами даму концепциясындағы адам құқықтары
- •30.Адам құқықтарының Жалпыға бірдей Декларациясы және Адами даму
- •31.Ад концепциясы
- •1)Адам қабілеттілігінің қалыптасуы.Мысалы адамның денсаулығы мен білімінің жақсаруы.
- •2)Осы қабілеттіліктерді жумысқа немесе мәдени,әлеуметтік және саяси істерде жүзеге асыру.
- •32.Экономикалық өсу және Адами даму еңбекпен қамту
- •Экономикалық өсудің факторлары:
- •33.Әлемдегі кедейшілік және онымен күрес жолдары
- •34.Әлеуметтік саясат және ад
- •36.Денсаулық сақтау жүйесі және ад
- •37.Өмір сүру деңгейі және өмір сүру сапасы
- •39.Еңбекпен қамту және ад – әлеуметтік-экономикалық құндылықтардың қақтығысы
- •40.Гендерлік теңсіздік және оны еңсерудің жолдары
- •41.Адами капитал және адами даму
- •42.Мемлекет, қоғамдық сектор және ад
- •43.Баспанамен қамтамасыз ету және ад
- •47.Әлемдік эконмикадағы дамыған елдер тобы мен олардың халықаралық еңбек бөлісудегі орны мен рөлі.
- •50.Кедейшілік мәселесі мен оның халықаралық аспектілері
- •51.Адамзаттың жаһандық мәселелерінің эконмикалық аспектілері
- •52.«Табиғат - адамзат » байланысы. Т.Мальтус және адамзат саны мен табиғи ресустардың арақатынасы.
- •53.Өндірістің мәні және оның эконмикалық ғылымдардағы орны
- •54.Экономикалық іс-әрекеттерді натуралдың шаруашылық пен товарлық өндірісте үйлестіру әдістері.
- •56.Экономикалық ғылымның қазіргі кездегі мектептері мен бағыттары
- •58.Әлемдік банк тобы: құрылымы мен әлемдік экономикалық дамытудағы рөлі
- •59.Әлемнің халық санының өсуі мен оның экономикалық салдарлары
- •60.Табиғи ресурстердің тапшылығымен байланысты халықаралық экономикалық қатынастар
29.Адами даму концепциясындағы адам құқықтары
Адам құқықтары — адамның өз мүдделерін заң шеңберінде жүзеге асыру мүмкіндігі. Адам құқықтары т а б и ғ и және ә л е у м е т т і к болып екіге бөлінеді. Табиғи құқықтар дегеніміз — адамның тіршілік етуінен туындайтын (мысалы, өмір сүру, еркіндікке жету, жеке басына тиіспеушілік т. б.) құқылары. Әлеуметтік құқықтар дегеніміз — адамның мемл-пен өзара әрекеті процесінде пайда болатын (мысалы, білім алуға, еңбек етуге, бақуатты өмір сүруге, азаматтық алуға, сот әділдігіне жүгінуге, еркін жүріп-тұруға, мүліктерді иеленуге) құқылары. Адам құқықтарының қағидалары ұлттық деңгейде Конституцияда (Қазақстан Республткасының Конституциясы, 10-39 баптар) және заң актілерінде (мысалы, Азаматтық Кодексте, Қылмыстық Кодексте, жарлықтарда, арнаулы заңдарда) қарастырылады. Халықаралық деңгейде адам құқықтарын қорғау, ең алдымен адам құқылары жөніндегі халықаралық билльде негізделген; оған адам құқыларының жалпыға бірдей Декларациясы, Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқылар туралы пакт, Азаматтық және саяси құқылар туралы пакт, Азаматтық және саяси құқықтар туралы пактіге факультативтік хаттама, Азаматтық және саяси құқықтар туралы пактіге екінші факультативтік хаттама енеді. Адам құқықтарының жекелеген аспектілері халықар. конвенцияларда көрініс тапқан. Олар адамның нақты құқыларын немесе кешенді құқыларын қорғауға: нәсілдік кемсітушіліктің барлық түрін жоюға, адамды кепілдікте ұстауға қарсы күресуге, жәбірлеп, қинауға тыйым салуға, апартеидтік қылмыстардың жолын кесіп, ол үшін жаза белгілеуге, т.б. бағытталған. Адам құқықтарын халықаралық деңгейде қорғап, қаделеу ісі Халықаралық Еңбек Ұйымы (ХЕҰ), Мәдениет пен білім саласындағы ынтымақтастық жөніндегі ұйым (МБСЫҰ, яки, ЮНЕСКО),Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) сияқты БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелерінің практикалық іс-әрекеттерімен, халықар.-құқықтық актілерімен жүзеге асырылады.
30.Адам құқықтарының Жалпыға бірдей Декларациясы және Адами даму
Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы - адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын жария еткен бірден-бір халықаралық-кұқыктық құжат. 1948 ж. 10 желтоқсанда БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы қабылдаған. Құжатта белгіленіп, бекітілген адам құқықтары мен бостандықтарының жалпыға бірдей мойындалуын, сақталуын және тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз ету бұл құжаттың негізгі міндеті. Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы ерекшелігі мен маңыздылығы адам құқықтары мен бостандықтарын алғашқы болып халықаралық дәрежеге көтергендігінде жатыр. Декларацияның міндеттілігі, заңдық сипаты жоқ, яғни бекітілген нормалар сөзсіз орындалуға тиісті емес. Дегенмен құжатта белгіленген адам құқықтары мен бостандықтары жөніндегі қағидалардың маңыздылығына байланысты Декларация жалпыға бірдей акт ретінде танылады және оны қабылдауға дауыс берген мемлекеттердің барлығы бірдей орындауға тырысады. БҰҰ-ның жарғысында: "Осы декларациядағы қағидалардың ешқайсысы қандай да бір мемлекетке, адамдар тобына немесе жекелеген адамдарға қандай да бір қызметпен айналысу құқына ұсыныс ретінде түсіндірілуге тиіс емес" (30 бап) деп көрсетілген.
1.Барлық адамдар тумысынан азат және қадір-қасиеті мен кұқықтары тең болып дүниеге келеді. Адамдарға ақыл-парасат, ар-ождан берілген, сондықтан олар бір-бірімен туыстық, бауырмалдық қарым-қатынас жасаулары тиіс.
2.Әр адам, нәсіліне, түр-түсіне, жынысына. тіліне, дініне, саяси немесе басқа да наным-сенімдеріне, ұлттық, немесе әлеуметтік тегіне, мүліктік. тектік-топтық, немесе басқа да жағдаяттарға қарамастан осы Декларацияда жарияланған барлық құқықтар мен бостандықтарға алаланбай, бірдей тең ие болуы тиіс.
3.Әр адам өмір сүруге, бостандықта болуға және оның жеке басына қол сұғылмауына құқылы.
4.Ешкім де құлдықта немесе кіріптарлықта ұсталуы тиіс емес. Құлдық пен құл саудасына, қандай түрде болса да, тыйым салынады.
5.Заң алдында жұрттың бәрі тең және де заң арқылы алаланбай, бірдей тең қорғалуға құқылы. Барлық адам осы Декларацияның ережелерін бұзатын кемсітуден және кемсітуге арандатушылықтың барлық түрінен тең қорғалуға құқылы.
Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясы бүкіл халықтар мен мемлекеттердің ұмтылыстары арқылы әр адаммен қатар, қоғамның әр органы осы декларацияны үнемі жадында тұтып, білім беру және ағарту жұмыстары арқылы осы құқықтар мен бостандықтарды қадір тұтуға ықпал жасап, үлттық халықаралық шаралар арқылы Ұйымның мүше-мемлекеттерінің халықтарымен қоса, олардың юрисдикциясына қарасты территорялардың халықтары арасында да, жалпыға бірдей тиімді түрде танылып, жүзеге асырылуы үшін алға қойылған мақсат ретінде жарияланып отыр.