
- •1)Адам қабілеттілігінің қалыптасуы.Мысалы адамның денсаулығы мен білімінің жақсаруы.
- •2)Осы қабілеттіліктерді жумысқа немесе мәдени,әлеуметтік және саяси істерде жүзеге асыру.
- •3.Адами дамудағытұжырымдықтәсіл
- •1)Адам қабілеттілігінің қалыптасуы.Мысалы адамның денсаулығы мен білімінің жақсаруы.
- •2)Осы қабілеттіліктерді жумысқа немесе мәдени,әлеуметтік және саяси істерде жүзеге асыру.
- •5.Адами даму концепциясындағы экономикалық өсім және еңбекпен
- •7.Өмір сүру деңгейі және адами даму
- •8.Өмір сүру деңгейі, теңсіздік және адами даму
- •9.Кедейшілік және адами даму
- •10.Мыңжылдық декларациясы және адами даму
- •11.Әлеуметтік қорғау және адами даму
- •12.Әлеуметтік саясат және Адами даму
- •13.Адами даму және адам өмірінің әр түрлі аспектілері
- •14.Aд аспектісіндегі денсаулық және өмір сүру ұзақтығы
- •15 Денсаулық және өмір сүру ұзақтығы
- •18 Демографиялық саясат және ад
- •19.Демографиялық саясат және адамзат мәселелері
- •20.Гендерлік теңсіздік және адами даму
- •21.Адами даму контекстіндегі гендерлік саясаттыңмәні
- •25.Адами даму және білімдер экономикасы
- •26.Адами даму және білімдер экономикасы
- •27.Тиімді басқару және адами даму.
- •28.Адами дамуды жетілдірудегі мемлекеттің рөлі
- •29.Адами даму концепциясындағы адам құқықтары
- •30.Адам құқықтарының Жалпыға бірдей Декларациясы және Адами даму
- •31.Ад концепциясы
- •1)Адам қабілеттілігінің қалыптасуы.Мысалы адамның денсаулығы мен білімінің жақсаруы.
- •2)Осы қабілеттіліктерді жумысқа немесе мәдени,әлеуметтік және саяси істерде жүзеге асыру.
- •32.Экономикалық өсу және Адами даму еңбекпен қамту
- •Экономикалық өсудің факторлары:
- •33.Әлемдегі кедейшілік және онымен күрес жолдары
- •34.Әлеуметтік саясат және ад
- •36.Денсаулық сақтау жүйесі және ад
- •37.Өмір сүру деңгейі және өмір сүру сапасы
- •39.Еңбекпен қамту және ад – әлеуметтік-экономикалық құндылықтардың қақтығысы
- •40.Гендерлік теңсіздік және оны еңсерудің жолдары
- •41.Адами капитал және адами даму
- •42.Мемлекет, қоғамдық сектор және ад
- •43.Баспанамен қамтамасыз ету және ад
- •47.Әлемдік эконмикадағы дамыған елдер тобы мен олардың халықаралық еңбек бөлісудегі орны мен рөлі.
- •50.Кедейшілік мәселесі мен оның халықаралық аспектілері
- •51.Адамзаттың жаһандық мәселелерінің эконмикалық аспектілері
- •52.«Табиғат - адамзат » байланысы. Т.Мальтус және адамзат саны мен табиғи ресустардың арақатынасы.
- •53.Өндірістің мәні және оның эконмикалық ғылымдардағы орны
- •54.Экономикалық іс-әрекеттерді натуралдың шаруашылық пен товарлық өндірісте үйлестіру әдістері.
- •56.Экономикалық ғылымның қазіргі кездегі мектептері мен бағыттары
- •58.Әлемдік банк тобы: құрылымы мен әлемдік экономикалық дамытудағы рөлі
- •59.Әлемнің халық санының өсуі мен оның экономикалық салдарлары
- •60.Табиғи ресурстердің тапшылығымен байланысты халықаралық экономикалық қатынастар
28.Адами дамуды жетілдірудегі мемлекеттің рөлі
Мемлекет – үкіметтік, квазиүкіметтік(жалғанүкіметтік) және үкіметтік емес мекемелердің жүйесі, олар қоғамның экономикалық және әлеуметтік қызметін үйлестіреді, реттейді және соларға бақылау жүргізеді. Мемлекет – билік пен бағыну қатынастарының жүйесімен байланысты мемлекет билігі институттарының жиынтығы. А.Смит жобалағандай, рынок (нарық) әрқашан кемеліне келе бермейді және халықтың тиімді сұранысын ұдайы қамтамасыз ете алмайды, сондықтан оның қызметін мемлекет тарапынан реттеу қажеттілігі орын алады. Мемлекет араласуының дәрежесі рынок дәрменсіздігінің тереңдігіне немесе рыноктық сәтсіздіктердің сипатына және соларды жоюдың жоғарыдан жасалатын тиімді қызметіне байланысты болады. Нарықтық шаруашылық жағдайларында экономиканы мемлекеттік реттеу заңнамалық, атқару және бақылау сипатындағы үлгілік шараларды көрсетеді, оларды өзгеріп жатқан жағдайларға қолданыстағы әлеуметтік-экономикалық жүйені тұрақтандыру мен бейімдеу мақсаттарында құқықтық өкілетті мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдар жүзеге асырады. Мемлекет араласқанда толығырақ ашылатын және тиімді пайдаланылатын рынок заңдарының оңтайлы шектерін белгілеу өзекті мәселе болып саналады. Бұл жағдайда қоғам орнықты даму үшін қомақты экономикалық базаны иеленеді. Экономиканы басқаруда мемлекеттің ролін сан бойынша анықтау мүмкін емес. Мемлекет ролінің кеңдігі мен алуан түрлілігі соншалық, ол ешқандай сан немесе статистика өлшемдеріне көнбейді.
Тиімді нарықтық экономика мықты мемлекеттік аппараттың: бірінші кезекте өзіне есеп беретін институттары мен рәсімдері бар үкіметтер, сондай-ақ экономикалық тиімділік пен әлеуметтік әділдік балансын қамтамасыз ететін реттеу нормаларының жүйесі болуын талап етеді. БҰҰДБ баяндамаларының бірінде былай атап көрсетіледі: мемлекеттік басқарудың кеңейтілген басымдық жүргізуші секторы әлсіз мемлекетпен қатар тіршілік ете алады, өйткені орталық үкімет, үкіметпен бірге мемлекеттік басқаруды құрайтын әркелкі квазиүкіметтік институттарға, үкіметтік емес және жергілікті деңгейдегі қоғамдық ұйымдарға оп-оңай қысым жасай алады. Заңдық базаға сүйенетін күшті мемлекетті өзінің легитимдігіне қатысты жеткілікті сенімге ие, күшті азаматтық қоғам және үкіметтік емес институттардың желісі үшін реттеу нормаларымен сабақтастықта жағдайлар жасайтын үкімет ретінде сипаттауға болады. Тек осындай жүйе ғана экономиканың орнықты дамуы мен адам дамуын қамтамасыз етуге, демократиялық үдерістерді нығайту мен халықты қоғамдық өмірге кеңінен қатыстыруға қабілетті.
Мемлекеттің барлық саяси, экономикалық, заңдық әрекеттері-салықтар, субвенциялар(жәрдемқаржылар), дотациялар(демеуқаржылар), бюджеттік, ақша-несие саясаты, зейнетақымен қамсыздандыру және т.б.-адам дамуына ықпалын тигізеді. Сондықтан кез келген даму деңгейіндегі үкімет елде кездесетін проблемаларға аралассыз қалуы тиіс емес және олай ете алмайды. Тиімді жұмыс істейтін мемлекетік басқару жүйесі түпкі нәтижеде адам дамуы үшін қажеті алғышарттар жасайды. Оның үстіне, үкімет өз азаматтарының аман-саулығы үшін жауапкершілік көтеруі тиіс. Оған мысал-АДИ бойынша жоғары рейтингке ие жоғары дамыған скандинавиялық елдер.
Мемлекеттің ролін және даму барысындағы оның қызметтерін қайта пайымдау өзекті мәселе күйінде қалып отыр. Оған әлемдік дамудағы мемлекеттің роліне тікелей арналған Дүниежүзілік банктің баяндамасы көрнекі дәлел бола алады. Осы баяндама халықаралық жұртшылық арасында біршама серпіліс туындатты, өйткені Дүниежүзілік банк мемлекетің ролі туралы өз пікірін өзгертті. Бұрын мемлекет араласуын қажетсіз және тіпті зиянды деп таныған ол, екі көзқарасты көрсетеді: мемлекетсіз даму және мемлекеттің көмекші ролі. Олар өзара айтарлықтай жақын және бірін-бірі толықтырып отырады.
Кез келген елдегі үкіметтің қызметіне баға беретін басты критерийлер, ең алдымен, экономикалық өсу және халықтың тұрмыс деңгейін көтеру болып табылады. Жоғары табысты елдерде демократиялық режимдер жиірек құтаяды. 1951 жылдан 1990 жылға дейін жан басылық табыстар 6055 АҚШ долларынан жоғары 31 елдің бірде-біреуінде демократиялық режимдер құлаған жоқ, ал кедей тұрмысты 38 демократиялық елдердің үкіметтері күйреуге ұшырады. Оның үстіне, адам әлеуеті жоғары деңгейде дамыған 48 елдің 42-сі демократиялық елдер болып табылады. Дегенмен, осы деректер экономикалық өсу немесе табыстардың артуы мен демократияның арасындағы себеп-салдарлық байланыстың болуын білдірмейді. Алайда адамдар әлеуметтік-экономикалық үдерістің бенефициарийлерінің ғана емес, сонымен бірге олардың агенттерінің де ролін атқарады. Дәл осы себеп бойынша адам әлеуетінің даму стратегиясы аяларында қалыптасқан дәстүрде бір қалыпты экономикалық өсуді көтермелеуге ерекше назар аударылды.