Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор-адами даму.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
173.2 Кб
Скачать

20.Гендерлік теңсіздік және адами даму

Гендер термині «жыныс» - деген мағынаны білдіреді. Аталмыш терминді әлеуметтануға енгізген Энн Оукли болатын. Демек жыныс ретіндегі гендер ұғымы ерлер мен әйелдер арасындағы айырмашылықтардың әлеуметтік аспектілерін қозғайды. Бірақ гендер термині қазіргі уақытта кең мағынада қолданыла бастады. Ол жеке бастың бірегей дарылығын айқындау үшін ғана емес, сонымен бірге бейнелік деңгейде еркек және әйел жынысының мәдени мұраттары мен стерелтиптерін анықтау үшін қолданылады. 1970 жылдары әлеуметтанушылар мен психологтардың негізгі назары жыныс гендер бар деген мәселені дәлелдеуге бағытталды. Яғни олар ерлер мен әйелдердің арасындағы жіктелу мен айырмашылықты биологиялық әртүрлілікпен түсіндіруге болмайтынын, мәдени ауанда босым боо отырған еркектік пен әйелдік идеялары шын мәнінде жаттандылық екенін, олардың ақиқат шындыққа салыстырмалы ғана қатысты барын дәлелдеуге тырысты. Жыныс – гендерге, сондай-ақ еркектер мен әйелдердің рөліне қатысты астасып жататын көп мәдени нұсқалар бар екені дәлелденді. Ұлдар мен қыздардың әлеуматтану үрдістерінің нәтижесінде – жастарды тәрбиелеу білім беру, мәдени дамыту, өндірістік қатынастар мен отбасы идеологиясы арқылы ересек ерлер мен әйелдерге айналуы саласында зерттеулер жүргізіліп жатыр. Құрылымдық деңгейде үй шаруасындағы еңбектің тіпті еркек пен әйелдің екеуі де үйден тыс жұмыста болса да, олардың арасында тең бөлінбейтіні зерттелді. Сондай-ақ жұмысқа орналасқанда да жеке бастың қабілеті мен біліктіліктен гөрі жыныстық нышан басып кетіп, әйел затына қалған қызметі тимей немесе жұмыс бабымен өсе алмайды. Кейінгі кезде мәдени деңгейде гендердің құрылымдық өзгерістеріне ынта-ықылас білдіріле бастады. Кейде кәсіпктік жұмыспен қамту құрылымында ерлер мен әйелдерге жұмысты тең бөлмеуге қатысты проблемалар да туындап жатады.

Әлемдегі әрбір мемлекет өзінің Конституциясына сәйкес сыртқы және ішкі саясатпен  айналысатыны белгілі. Өзінің атауы  айтып отырғандай, сыртқы саясат шет мемлекеттермен жүргізілетін қарым-қатынас, ал ішкі саясат мемлекеттің тәуелсіздігін нығайтып, жаһандану процессінен қалмай  алға қарай даму үшін қажетті тетіктердің бірі. Ал соңғы жылдары ішкі саясаттың бір құрылымы ретінде «гендерлік саясат» деген ұғым  көп айтылып жүр. 2000 жылғы қыркүйекте өткен Мыңжылдық саммитiнде әлемнiң көптеген елдерiнiң лидерлepi Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Мыңжылдық декларациясын қабылдады, оның сегiз мақсатының бiрi гендерлiк теңдiктi қолдау болып айқындалған.

21.Адами даму контекстіндегі гендерлік саясаттыңмәні

Гендер – ерлер мен әйелдер арасындағы қатынас¬тардың өмірдің барлық салаларында көрініс табатын әлеуметтік қыры. Гендер - нәсілдік, ұлттық, таптық, топтық, жастық, әлеуметтік-демографиялық факторлармен қатар жүріп, әлеуметтік иерархия құрылымын жасайтын, қоғамды әлеуметтік стратификация лаудың бір әдісі болып табылады.Гендерлік теңдік – қай жынысқа жататынына қара¬мастан, ерлер мен әйелдердің тең құқықтарын және тең мүмкіндіктерін және саяси, экономикалық, әлеуметтік, қоғамдық және мәдени өмір салаларына қатысуға нақты қолжетімділігін қамтамасыз ететін құқықтық мәртебе;

Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарын және тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізгі міндеттері:

1) мемлекет пен қоғам өмірінің барлық салаларында ерлер мен әйелдердің тең құқықтарын және тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасын жетіл¬діру және дамыту;

3) ерлер мен әйелдердің гендерлік теңдігіне қол жет¬кізуге және жыныстық белгісі бойынша кемсітушілікті жою¬ға бағытталған тұжырымдамаларды, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу, қабылдау және іске асыру;

4) ел халқы арасында ерлер мен әйелдердің тең құ¬қылық мәдениетін тәрбиелеу және насихаттау, жыныс¬тық белгісі бойынша кемсітушілікке жол бермеу;

5) халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған принциптері мен нормаларын және халықаралық міндеттемелерді орындау;

6) саясатты, әлеуметтік-еңбек және отбасы қатынастарын қоса алғанда, тыныс-тіршіліктің барлық салаларында жыныстық теңдікті қамтамасыз ету үшін қоғамның құқықтық және саяси мәдениеті деңгейін көтеру болып табылады.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Парламентіндегі әйелдер саны 14% ғана құрайлы. Облыс әкімдері қатарында әйелдер жоқ. Тек 3 әйел облыс әкімінің орынбасары.

Жалпы, бүгіңгі таңда шешім қабылдау деңгейіндегі әйелдердің үлесі бар болғаны 10%.Мемлекеттік гендерлік саясат елдің ішкі саясатының маңызды құраушысы болып табылады.

22.Тұрақты адами даму Қазіргі кезең адамның ерекше биосфералығқ қызметі биосфераны қорғау мен сақтап қалу қызметімен анықталып отыр. Экологиялық мәселелердің алдын алу үшін адам ретсіз дамудан тиімді, реттелген, табиғат пен қоғамның даму заңдарына негізделген дамуға өтуі тиіс. Тек осы кезде ғана адамзат қоғамының дамуы үздіксіз, ұзақ уақыттық, бірқалыпты жағдайда, табиғи және әлеуметтік дағдарыссыз дамиды. Мұндай дамуды тұрақты даму деп атайды. Бірақ бұл үшін адамдардың сана-сезімі, олардың мақсаты мен адамгершілік бағыттылығы өзгеруі тиіс.

Планетадағы тіршілікті қорғау бүкіл адамзаттың бірігуін талап етеді.

1987жылы БҰҰ-ның Дүниежүзілік қоршаған орта мен даму комиссиясы «Біздің жалпы болашағымыз» атты есебінде «қоршаған орта үшін қауіпсіз, жолда экономикалық дәуірге» аяқ басуға шақырды.

Алғаш рет «тұрақты даму» концепциясы ұсынылды.

«Тұрақты даму» дегенде қазіргі уақыттың қажеттілігін қамтамасыз ете отырып, болашақ ұрпақтардың өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуіне қауіп туғызбайтын даму деп түсіну керек. «Біз ата-бабаларымыздың Жерін мұраға алған жоқпыз. Біз оны өзіміздің балаларымыздан қарызға алдық» (БҰҰ материалынан).

1992жылдың маусым айында Рио-де-Жанейро қаласында өткен БҰҰ-ның қоршаған орта мен даму бойынша өткен конференциясы «Тұрақты даму» концепциясын және «ХХІ ғасырдың күн тәртібіне» атты ауқымды бағдарламасын қабылдады. Бұл бағдарламада шешілуі болашақта тұрақты дамуды қамтамасыз ететін жалпы мәселелер қарастырылған. Оның нәтижесі төмендегі кестеде көрсетілген.

Сонымен қатар конференцияда Мәлімдеме мен екі концепция

- климаттың өзгеруінің алдын алу, ормандарды қорғау мен биологиялық алуантүрлілікті сақтау мәселелері бойынша қабылданды.

Бұл мәселелерді кешенді ғылыми тұрғыдан шешуге болады. Бұл үшін экология, экономика және әлуметтік дамудың барлық негізгі топтарын біртұтас кешен түрінде қарастыру қажет.

БҰҰ-ның конференциясы барлық елдердің үкіметтерін тұрақты дамудың ұлттық концепцияларын қабылдауға шақырады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі ұсынған «Қазақстан Республикасының тұрақты дамуға көшу концепциясы» бекітілді. Республиканың экологиялық саясаты оның экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

ядролық қарудан бас тартты, Аралды сақтап қалуға арналған интеграциялық процестердің ұйтқысы болды.

23.Адами даму және экологиялық фактор. Экологиялық фактор – кез келген орта жағдайына тіршілік иелерінің бейімделу қабілетімен жауап қайтара алуы.

Бұл жерде бір ескере кететін жағдай өлім факторы бейімделу қабілетінен тысқары жатады. Экологиялық факторлар абиотик.,биотик., антропогендік, климаттық және тежеу факторларымен тығыз байланысты. Экологиялық фактор тірі организмдергеолардың жеке дамуының бір ғана кезеңінде болса да тікелей немесе жанама әсер ете алатын, ортаның кез келген әрі қарай бөлшектенбейтін элементі саналады. Табиғи жағдайда организм көптеген факторлардың ықпалына ұшырап отырады. Экологиялық фактордың қайсысы болмасын табиғатта тұрақты емес. Барлық Экологиялық фактор екі санатқа: популяция тығыздығына тәуелсіз және популяция тығыздығына тәуелді болып бөлінеді.

Экология ғылымының казіргі басты стратегиялық міндеті — биосфераның құрамды бөлігі ретінде адамзат қоғамының табиғатпен өзара карым-қатынасының үйлесімділігін сақтауға негізделген ғылыми теорияларды дамыту.Тіршілік өрісінің маңызды қыры климат және топография секілді фақторлармен катар шеқтеулі аумақ немесе басқа ресурстар үшін бәсеке күресіне түсе алатын басқа тұрлердің болуы. Сонымен бірге экологияның кезек күттірмейтін іргелі міндеттері мыналар:

а) табиғат байлықтарының қорын азайтпай-ак экологиялық кауіпсіздікті қамтамасыз ету;

ә) өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы өндірістерінің экологиялық негіздерін жетілдіре түсу;

б) экологиялық мәселелерді шешуде әлеуметтік және экономикалық механизмдердің тиімді жолдарын жасап шығару;

в) табиғатты пайдалануды басқарудың ұйымдастыру-құкықтық мәселелерін дұрыс шешу;

г) әлеуметтік-экологиялық болжаулардың әдістерін дамыта түсу

Адамның   денсаулығының   төмендеи,   ауруға   шалдығуын   ағзаның  ортаға   толық   бейімделе   алмауымен, қолайсыз   әсерлерге   берген   теріс   жауабы   ретінде   қарастыру  керек. Дүниежүзілік  денсаулық  сақтау   ұйымының     (ВОЗ) анықтамасы бойынша, денсаулық дегеніміз — бұл тек  аурудың болмауы емес, ол толық физикалық, психологиялық    және әлеуметтік қолайлылық. Ғалымдардың есептеулері бойынша адамдардың денсаулық жағдайы 50—52%-ы — өмір сүру салтына, 20-25%-ы — тұқым қуалау факторларына, 18—20%-ы — қоршаған орта жағдайларына, ал 7—12% ғана денсаулық сақтау саласының деңгейіне байланысты болады. Антропогенді факторлар бұрын болмаған, жаңа техногенді ауруларды туғызады. Адамның денсаулығына зиянды әсер ететін факторлардың ішінде әр түрлі ластаушы заттар бірінші орын алады. Адамның іс-әрекеті нәтижесінде биосфераға, оған тән емес 4 млн.-нан астам заттар шығарылады. Сонымен қатар, жыл сайын қоршаған ортаға мыңдаган жаңа заттар шығарылады. Олардың көпшілігі ксеиобиотиктер (грек тілінен аударғанда хеnos —бөтен) адам мен басқа да тірі ағзалар үшін бөтен заттар. Аурулардың көбеюі сонымен қатар табиғи ортаның әр түрлі трансформацияларымен, оның толық бұзылуы, өнеркәсіптік кешендерге, бір типті тұрғын жерлерге және т.б., яғни «үшінші табиғатқа» айналуына байланысты. Денсаулыққа әлеуметтік және экономикалық жағдайлардың әсері артып отыр. Табиғи және физико-химиялық тұрғыдан алғанда таза орта болса да, қолайсыз әлеуметтік-экономикалық жағдай ауру мен өлімнің артуына әкелетінін өмір көрсетіп отыр. 

24.Адами даму мен тұрақты дамудың өзара байланысы .Адам ресурстарының дамуын адам даму үдерісімен ұштастырып та қарастырады. Себебі адам дамуы тұжырымдамасы да еліміздегі бүкіл халықтың сапалы өмірге, лайықты табысқа, білімге қол жеткізіп, денсаулығын сақтауды және қоршаған ортаның сақталуын көздейді.

«Тұрақты даму» түсінігінің негізгі сипаттамасы табиғи ресурстарды кешенді және тиімді қолдану қажеттілігі болып табылады, адам өмір сүретін қоршаған ортаны оның тұрақтылығын бұзбай және оған зиян келтірмей сақтай білу қажет. Бұл тұжырым біздің «тұрақты даму» және «адам дамуының тұрақтылығы», санатына авторлық көзқарасымызды қалыптастыру үшін негіз болып табылды, олардың өзара байланысы, осы түсініктердің мәнінен туындайтын өзінің жетістігіне әртүрлі тетіктерді қосатын көп аспектілі және көп факторлы тиісті мемлекеттік стратегияны құру кезінде белгілі шарттарды сақтау қажеттілігін білдіреді. Қазақстан Республикасының Президентімен 2006ж. 14 қарашасында мақұлданған ҚР 2007-2024 ж. ж. тұрақты дамуға көшу концепциясы еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз ететін барлық мақсаттары, қағидалары, жүзеге асыру тетіктері көрсетілген маңызды құжат болып табылады. ҚР-да тұрақты дамуға көшу үшін бірқатар қадамдар атқарылған: Қазақстан БҰҰ тұрақты даму жөніндегі Комиссиясының мүшесі; «Европа үшін қоршаған орта», «Азия үшін тұрақты даму және қоршаған орта» бағыттарының белсенді қатысушысы; ядролық қаруды қолданудан бас тартқан мемлекеттердің көшбасшысы.

Адам ресурстары дамуының үдерісі болып жатқан экономикалық және әлеуметтік құбылыстар мен үрдістердің қозғалыс күштері болып табылатын көп түрлі факторлардың әсерімен жүзеге асырылады. Осы үдерістің ерекшелігінен адам ресурстарының даму факторларын тікелей (ішкі) және жанама (сыртқы) деп жіктеуге болады. Тікелейге адам ресурстарының даму нәтижесіне шешуші әсер ететін және адамның басты қажеттілігіне сәйкес келетін – демографиялық жағдай, денсаулық сақтау және білім беру, материалдық жағдай, жұмыспен қамту және қоғамның криминогендік деңгейін жатқызылады. Жанама немесе сыртқы фактор ретінде, адам қабілеттерін қалыптастыруды қамтамасыз ететін жалпы жағдайлар және оларды кейінгі әртүрлі өмірлік іс-әрекеттерінде жүзеге асыруында, автор табиғи, техникалық, экономикалық, экологиялық, ақпараттық және аймақтық институционалдық жағдайларды қарастырады. Осы факторларға мемлекеттік шарттардың әсерінен аймақтың адам ресурстарын дамытуды басқару үдерісі туындайды.

Осыған байланысты адам ресурстарының тұрақты дамуы – олардың табиғи, әлеуметтік-психологиялық және интеллектуалдық қабілеттерінің позитивті өзгеруі нәтижесіндегі сыртқы орта мен қоршаған ортаға зиянын тигізбейтін әртүрлі іс-әрекет саласындағы әрбір адамның мақсаттарын жүзеге асыруы мен мүмкіндіктері ауқымының кеңеюін қамтамасыз ететін үздіксіз үдерісін білдіреді. Бұл үдерістің жүзеге асырылуы адам ресурстарын дамытуға жеке адамның өзімен қатар жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік билік органдарының, әртүрлі деңгейдегі қоғамдық институттардың үйлесімділігін талап етед

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]