
Қазақ әдебиеті
1. «Күлтегін» жыры қашалып жазылған тас табылған өзенді анықтаңыз. A) Амудария өзені. B) Енисей өзені. C) Орхон өзені. D) Сырдария өзені. E) Талас өзені. |
2. Қобыландының алғаш рет жекпе-жекке шыққан батырын анықтаңыз. A) Қараман. B) Алшағыр. C) Қызыл ер. D) Көктім Аймақ. E) Орақ. |
3. 1675-1768 жылдары өмір сүрген, әйгілі Бөгенбай батырға жыр арнаған жырауды көрсетіңіз. A) Қазтуған жырау. B) Доспамбет жырау. C) Жиембет жырау. D) Ақтамберді жырау. E) Шалкиіз жырау. |
4. «Қазақ салты», «Қазақ қалпы», «Жиған-терген» өлеңдерінің авторын белгілеңіз. A) Міржақып Дулатов. B) Ыбырай Алтынсарин. C) Мағжан Жұмабаев. D) Шәкәрім Құдайбердіұлы. E) Ахмет Байтұрсынов. |
5. «Сыр сандық» өлеңінің авторын белгілеңіз. A) С.Сейфуллин. B) М.Жұмабаев. C) Б.Майлин. D) І.Жансүгіров. E) Ж.Жабаев. |
6. Өмір гүлін жаншып, таптап, Шаштан сүйреп махаббатты, Жерімізде жындай қаптап, Найзаға іліп ар-ұятты, Келе жатты сұм жендеттер, Жиіркеніп, жиырылды жер,- деген үзінді алынған Қасым Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасы арналған ақынды анықтаңыз. A) Қалижан Бекхожин. B) Хамит Ерғалиев. C) Абдолла Жұмағалиев. D) Сырбай Мәуленов. E) Жұбан Молдағалиев. |
7. ’’Аяз би’’ ертегісіндегі Мадан ханның құдасын белгілеңіз. A) Жаман. B) Ақша хан. C) Уәли. D) Уәзірі. E) Зәрлі хан. |
8. «Ұзын бойлы, мес қарын, түксиген қалың қабақты, жалпақ мұрын, қарсы келген адам қаймыққандай, елге зәбірлі, көршілерге мазақ, қатты мінезді адам»- деген сипаттама «Қалың малдағы» (С.Көбеев) қай кейіпкерге лайық екенін көрсетіңіз. A) Тұрлығұл. B) Амантай. C) Байғазы. D) Құрымбай. E) Итбай. |
9. Ақан серінің аңшы психологиясын бере білген өлеңін табыңыз. A) «Мылтық пен мергеншілік». B) «Аттың сыны». C) «Көкжендет». D) «Қансонарда бүркітші шығады аңға». E) «Құлагер». |
10. «Оян, қазақ» өлеңінің авторын табыңыз. A) А.Байтұрсынов. B) Ш.Құдайбердіұлы. C) О.Шипин. D) М.Дулатов. E) С.Сейфуллин. |
11. Сүйінбай туралы естелігінде: ’’Өлеңді тыңдаушының көкейінен кетпестей етіп айт. Сенің өлеңдерің жеке адамдардың емес, бүкіл халқымыздың игілігіне айналатын болсын. Әділ сөйле, адал бол!...’’- деп айтқан адамды белгілеңіз. A) С.Сейфуллин. B) Ж.Жабаев. C) Ғ.Орманов. D) Ж.Молдағалиев. E) М.Әуезов. |
12. ’’Бұл дәуірдегі әлеумет тіршілігінің ең шешуші мәселесін әдебиет жүзіне түсіріп, алғашқы рет халық қамын ойлап, күңіренген қария - Асан...’’ - Кімнің айтқанын белгілеңіз. A) С.Мұқанов. B) Ш.Уәлиханов. C) Б.Кенжебаев. D) В.Радлов. E) М.Әуезов. |
13. ²Абай жолы² эпопеясында қамтылған әйелдер бейнесінің жалпы санын көрсетіңіз. A) 10 шақты. B) 50-ден астам. C) 200-дей. D) 80 шамалы. E) 100-ге тарта. |
14. С.Мұқановтың 1928 ж. жазылған ’’Сұлушаш’’ поэмасы қандай шығарма екенін белгілеңіз. A) Лирикалық поэма. B) Драмалық оқиғаға құрылған поэма. C) Романтикалық поэма. D) Сюжетсіз поэма. E) Реалистік емес поэма. |
15. Ғ.Мүсіреповтің қабырға газетіне жазған әңгімесінен повеске айналған туындысын анықтаңыз. A) «Тулаған толқында». B) «Ұлпан». C) «Кездеспей кеткен бір бейне». D) «Ақлима». E) «Этнографиялық әңгіме». |
16. Диалог дегеніміздің не екенін табыңыз. A) Табиғат көркін суреттеу. B) Кейіпкердің мінезін, дүниеге көзқарасын суреттеу. C) Шығарма кейіпкерлерінің өзара кезектесе сөйлесуі. D) Сөздерді қарама-қарсы мағынада, кекесін мағынасында қолдану. E) Әдеби шығарманың оқиғасын желілі түрде көркемдеп әңгімелеу. |
17. Т.Молдағалиевтің туындысын табыңыз. A) «Әлия». B) «Адамдық борышың». C) «Батыр туралы баллада». D) «Өмір, қымбаттым менің». E) «Егер сен от болсаң». |
18. Төлеген Айбергеновтің болашақ өмірінің мақсаты мен арманын көрсететін өлеңін белгілеңіз. A) «Сағыныш» B) «Бір тойым бар» C) «Ана» D) «Аруана – бауыр дүние» E) «Апаларым» |
19. Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесіндегі Қожаның шын атын табыңыз. A) Қожатай. B) Қожакелді. C) Қожаберді. D) Қожагелді. E) Қожаберген. |
20. Абайдың: "Қызмет қылып мал таппай, Ғылым оқып, ой таппай, Құр үйінде жатады", - деген шумағы қай өлеңінен алынғанын белгілеңіз. A) "Сабырсыз, арсыз, еріншек". B) "Қорқытпа мені дауылдан". C) "Дұға". D) "Ғашықтық іздеп тантыма". E) "Сұрғылт тұман дым бүркіп". |
21. «Масғұт» поэмасының оқиғасы неден туындағандығын көрсетіңіз. A) Табиғат көріністерінен. B) Өмірлік тартыстан. C) Ақынның ақылынан, ой-үлгісінен. D) Адамдардың аярлық мінезінен. E) Жауыздық пен дұшпандықтан. |
22. «Ең алғаш менің өлең жазғаным 13 жасар кезім болса керек. Дұғалық жазатын кішкене ғана шолақ кітапшама тіленші шалға есік ашпаған бір кемпірді... өлең ғып жазып қойғанымды әкем көріп, маңдайымнан иіскегені әлі есімде»,- деген жолдар кімнің өмірбаянынан алынғанын табыңыз. A) І.Жансүгіров. B) А.Байтұрсынов. C) Ж.Жабаев. D) С.Сейфуллин. E) Ж.Аймауытов. |
23. Б.Майлин дәріс алған татар мұғалімнің есімін анықтаңыз. A) Әбдірахман Сатыбалдин. B) Әбдірахман Асылбеков. C) Әбдірахман Абайұлы. D) Әбдірахман Дербісалыұлы. E) Әбдірахман Думанұлы. |
24. М. Әуезовтің студент-жастар тұрмысын суреттейтін пьесасын табыңыз. A) “Түнгі сарын”. B) “Тас түлек”. C) “Шекарада”. D) “Сын сағатта”. E) “Алма бағында”. |
25. Тағы да жылжып, Құшы Тұтықпен айқасты, Ерінің бәрін жайқапты, Үйін, мүлкін Қалдырмай түгел әкепті («Күлтегін»),- деген жыр жолдарының анықтамасын табыңыз. A) 8 буынды, 2 бунақты қара өлең ұйқасы. B) 8 буынды, 3 бунақты қара өлең ұйқасы. C) 7-8 буынды, 2 бунақты жыр түріндегі шұбыртпалы ұйқас. D) Аралас буынды, 2, 1 бунақты еркін ұйқас. E) 11-12 буынды, 3 бунақты қезекті ұйқас.
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ |