Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
004-nuska.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
718.85 Кб
Скачать

Қазақстан тарихы

1. X ғасырда ислам дінін алғаш рет мемлекеттік дін деп жариялаған мемлекет:

A) Қарлұқ

B) Қарахан

C) Түргеш

D) Оғыз

E) Қыпшақ

2. Едіге негізін қалаған мемлекет:

A) Әбілхайыр хандығы

B) Ноғай Ордасы

C) Моғолстан

D) Ақ Орда

E) Алтын Орда

3. «Жеті жарғы» заңдар жинағын жасауға қатысқан Кіші жүз биі:

A) Жобалай би

B) Әйтеке би

C) Сасық би

D) Төле би

E) Қазыбек би

4. 1837-1847 ұлт-азаттық қозғалыстың жетекшісі:

A) Исатай Тайманұлы

B) Сырым Датұлы

C) Махамбет Өтемісұлы

D) Кенесары Қасымұлы

E) Жанқожа Нұрмұхамедұлы

5. Көрнекті әнші, белгілі сазгер Жаяу Мұса Байжанұлының туған жері:

A) Қарқаралы

B) Баянауыл

C) Шыңғыстау

D) Сырымбет

E) Ұлытау

6. 19-43 жас аралығындағы еңбекке жарамды барлық ер адамдарды қара жұмысқа алу туралы жарлық шықты:

A) 1916 жылы 25 шілдеде

B) 1916 жылы 25 сәуірде

C) 1916 жылы 25 мамырда

D) 1916 жылы 25 тамызда

E) 1916 жылы 25 маусымда

7. Іле өзенінің оң жақ жағалауындағы сақ қорымы:

A) Шілікті

B) Есік

C) Берел

D) Бесшатыр

E) Іле

8. Қарахан мемлекетінің негізін салушы:

A) Иштеми қаған

B) Мұқан қаған

C) Бумын қаған

D) Сатұқ Боғра хан

E) Сұлу қаған

9. «Жерден шыққан Желім батыр» ауыз әдебиетінің осы жанрына жатады:

A) Лиро-эпостық

B) Эпостық жыр

C) Күй-аңыз

D) Ертегі

E) Дастан

10. XV ғасырдың аяғында Қазақ хандығының күш-қуатын, саяси беделін әлемге танытқан қалалар:

A) Суяб, Отырар

B) Сығанақ, Созақ

C) Тараз, Сауран

D) Сайрам, Құлан

E) Сарайшық, Йасы

11. 1867-1868 жж. реформа бойынша Сырдария облысына енген уездер:

A) Павлодар, Семей

B) Көкшетау, Петропавл, Омбы

C) Ырғыз, Торғай

D) Жызақ, Елек

E) Қазалы, Шымкент, Ходжент

12. ХІХ ғасырдың 30-40 жылдары Орта жүз бен Ұлы жүз аумағында салынған әскери бекіністер:

A) Мерке, Кәстек, Верный

B) Аягөз, Ақтау, Қапал

C) Сергиополь, Таушүбек, Қостанай

D) Ұзынағаш, Тоқмақ, Торғай

E) Қапал, Верный, Ырғыз

13. ХІХ ғасырдың І жартысында Қазақстан арқылы Тибетпен байланыс жасауға бастама көтеріп, зор мән берген:

A) Генерал-губернатор П.Капцевич

B) Көпес М.Рафаил

C) Тілмаш Н.Путимцев

D) Елші Ю.Головкин

E) Генерал-лейтенант Г.Глазенап

14. А.Байтұрсынов Орынборда тұрған жылдар:

A) 1911-1918 жж.

B) 1912-1917 жж.

C) 1909-1915 жж.

D) 1910-1917 жж.

E) 1910-1914 жж.

15. Александров-Гай-Ембі темір жол желісі жалғастырды:

A) Орал-Ембі ауданын Орталық Ресеймен

B) Челябі мен Омбыны

C) Орта Азия мен Солтүстікті

D) Орынбор мен Алтайды

E) Орта Азияны Сібірмен

16. 1937 жылдың желтоқсанында КСРО Жоғарғы Кеңесіне республикадан сайланған депутаттар саны:

A) 35

B) 55

C) 44

D) 40

E) 66

17. М.Мәметова құрамында шайқасқан атқыштар бригадасы:

A) 316-шы

B) 72-ші

C) 73-ші

D) 76-шы

E) 100-ші

18. Суының тартылуы Қазақстанға ғана емес, бүкіл Орталық Азия өңіріне апат әкелген су айдыны:

A) Каспий теңізі

B) Зайсан көлі

C) Балқаш көлі

D) Алакөл

E) Арал теңізі

19. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы қабылданды:

A) 2001 жылы

B) 2003 жылы

C) 2006 жылы

D) 2000 жылы

E) 2004 жылы

20. Қола дәуіріне жататын Батыс Қазақстандағы тұрақ:

A) Петровка

B) Мало-Красноярка

C) Степняк

D) Шағалалы

E) Алексеев

21. Қазақ хандығын басқарған Шығай ханның ұлы:

A) Тәуекел

B) Бұрындық

C) Тәуке

D) Жәңгір

E) Хақназар

22. Жоңғар шапқыншылығына қарсы күрескен қазақ батырлары:

A) Қабанбай, Жаңқожа

B) Бөгенбай, Сұраншы

C) Малайсары, Есет

D) Наурызбай, Ағыбай

E) Райымбек, Тентек төре

23. 1812 жылғы Отан соғысы кезінде Елтон тұз өндірушілерінің батыс майданға жөнелткен тұз мөлшері:

A) бір жарым миллион пұт

B) екі миллион пұт

C) үш миллион пұт

D) төрт миллион пұт

E) бір миллион пұт

24. 1961 жылы жазылып Одаққа танымал болған О.Сүлейменовтың шығармасы:

A) «Таңдамалылар жинағы»

B) «Аз и Я»

C) «Жазу тілі»

D) «Арғымақтар жинағы»

E) «Адамға, табын, Жер енді»

25. 1998 жылы 1 қаңтарда күшіне енді:

A) Қазақстан Республикасының Конституциясы

B) ҚР тілдер туралы заңы

C) Қазақ КСР-індегі шетел инвестициялары туралы заң

D) Зейнетақы заңы

E) Қазақ КСР-індегі еркін экономикалық аймақ туралы заң

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ

ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ