
Қазақ әдебиеті
1. «Кісі болар баланың кісіменен ісі бар Кісі болмас баланың кісіменен несі бар, - Малайсарының сөзі шешендіктің қай түріне жатады, табыңыз. A) Шешендік жұмбақ B) Шешендік парасат C) Шешендік нақыл D) Шешендік өсиет E) Шешендік ақыл |
2. Алыстан сермеп, Жүректен тербеп, Шымырлап бойға жайылған... үзінді Абайдың қай өлеңінен алынғанын белгілеңіз. A) «Сегіз аяқ». B) «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы». C) «Жаз». D) «Күз». E) «Жігіттер ойын арзан, күлкі қымбат». |
3. Бейімбет Майлиннің «Шұғаның белгісі» повесіндегі Шұғаның сүйген жігітін табыңыз. A) Әбдірахман. B) Адақ. C) Амантай. D) Қауқымбай. E) Кәрім. |
4. М.Әуезовтің жарты ғасырлық оқиғаны қамтитын шығармасын табыңыз. A) «Қилы заман». B) «Абай жолы». C) «Қараш-қараш оқиғасы». D) «Өскен өркен». E) «Түнгі сарын». |
5. С.Мұқановтың поэзиялық шығармасын белгілеңіз. A) ’’Сұлушаш’’. B) ’’Ботагөз’’. C) ’’Сырдария’’. D) ’’Ш.Уәлиханов’’. E) ’’Балуан Шолақ’’. |
6. «Көшпенділер» атты тарихи трилогияның екінші бөлімі қалай аталатындығын табыңыз. A) «Қаһар». B) «Қатерлі өткел». C) «Алмас қылыш». D) «Жанталас». E) «Ғашықтар». |
7. Шығыстың Аристотелі атанған адамды табыңыз. A) Платон. B) Әбу Насыр әл-Фараби. C) Әбу Әли Ибн Сина. D) Захириддин Мұхаммед Бабыр. E) Қожа Ахмет Яссауи. |
8. Абаймен кездесіп, дос болған әнші-ақынды табыңыз. A) Сүйінбай. B) Біржан сал. C) Ақан сері. D) Жаяу Мұса. E) Балуан Шолақ. |
9. Қараңғы қазақ көгіне күн болғысы келіп, тұрмыстың қиыншылығын ескермеген оптимист ақынды белгілеңіз. A) Т.Жомартбаев. B) С.Дөнентаев. C) Ақан сері. D) С.Торайғыров. E) С.Көбеев. |
10. Ақан сері өміріне арналған пьесаны табыңыз. A) «Құлагер». B) «Ақан сері». C) «Бақыт жолына». D) «Ақан сері-Ақтоқты». E) «Көк қаршыға». |
11. Балуан Шолақ поэзиясының басты ерекшелігін көрсетіңіз. A) Күреске толы поэзия. B) Табиғат берген ерен күшке сай биік рухтың поэзиясы. C) Айтыскерлік сипаттағы поэзия. D) Салт-дәстүрді дәріптейтін поэзия. E) Мысқыл, сықаққа құрылған сыншыл поэзия. |
12. Шәкәрімнің «Қалқаман-Мамыр» дастанындағы Қалқаманның өз еліне ренжіген соң қайда кеткенін белгілеңіз. A) Шетелге кетіп қалады. B) Ұлы жүз Еділбайдағы нағашыларына кетеді. C) Белгісіз жаққа жоғалады. D) Мамырдың еліне кетеді. E) Қалмақтарға өтіп кетеді. |
13. Қ.Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасындағы ердің атын табыңыз. A) Мағжан. B) Баубек. C) Төлеген. D) Абдолла. E) Сәкен. |
14. Жамбылдың 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске арналған өлеңін табыңыз. A) “Зілді бұйрық”. B) “Екі дүние айқасты”. C) “Отан әмірі”. D) “Отанды сүй”. E) “Шағым”. |
15. М.Әуезовтің драмалық шығармаларының көбі қандай туындылар екенін анықтаңыз. A) Драма. B) Трагедия. C) Трагикомедия. D) Шағын пьеса. E) Комедия. |
16. Ғ.Мүсіреповтің екі түрлі өмірді, екі түрлі сезімді басынан кешіргенін тебірене баяндайтын шығармасын белгілеңіз. A) ’’Тулаған толқында’’. B) ’’Ұлпан’’. C) ’’Қос Шалқар’’. D) ’’Кездеспей кеткен бір бейне’’. E) ’’Ашынған ана’’. |
17. Шумақтағы бунақ санын анықтаңыз. Кең дүние, төсіңді аш, мен келемін, Алынбаған ақым бар сенде менің. Бұйрат құмдар - бұйығып шөлдегенім, Бура бұлттар - бусанып терлегенім. A) 1. B) 2. C) 5. D) 4. E) 3. |
18. Ж.Молдағалиевтің бір-біріне демеу болған екі мүгедек музыканттың өмірі суреттелетін өлеңін анықтаңыз. A) «Көзімде қалды суретің». B) «Әлия». C) «Ер қабірі». D) «Махаббат ерлігі». E) «Аққу». |
19. Хамит Ерғалиевтің күйші туралы поэмасының басты кейіпкерін анықтаңыз. A) Дина. B) Тәттімбет. C) Қазанғап. D) Дәулеткерей. E) Құрманғазы. |
20. Мына өлең жолдары Үмбетейдің қай өлеңінен алынғанын белгілеңіз. ’’Уа, Алатаудай Ақшадан, Асып тудың, Бөгенбай’’ A) ’’Бекболат биге’’. B) ’’Бөгенбай өліміне’’. C) ’’Бәкеге’’. D) ’’Жауқашарға’’. E) ’’Бөгенбай өлімін Абылай ханға естірту’’. |
21. М.Дулатовтың ’’Серке’’ газетінде қандай бас мақаласы басылғанын белгілеңіз. A) ’’Біздің мақсатымыз’’. B) ’’Қирағат’’. C) ’’Оян, қазақ’’. D) ’’Бақытсыз Жамал’’. E) ’’Абай’’. |
22. «Бәрінен де сен сұлу» өлеңінің авторын атаңыз. A) Сәкен Сейфуллин. B) Шәкәрім Құдайбердіұлы. C) Мағжан Жұмабаев. D) Жүсіпбек Аймауытов. E) Ахмет Байтұрсынов. |
23. І.Жансүгіров «Қысқаша өмірбаянда» өзі көрсеткендей, 1916 жылдың неліктен ерекшеленетінін табыңыз. A) Қара жұмысқа түседі. B) Еңбек жолын бастайды. C) Абайдың өлең жинағы қолына түседі. D) Алғашқы өлеңі жарияланады. E) Әсет ақынмен танысады. |
24. Баубек Бұлқышевтің шығармасын белгілеңіз. A) «Соғыс туралы». B) «Өзім туралы». C) «Өмір мен өлім туралы». D) «Боранды түнде». E) «Батыр туралы». |
25. "Жеті жаста садақ тартты, Атқан оғы тасты уатты. Жай оғынан кейін емес, Темірден де өткізеді, Күндік жерге жеткізеді." Көркемдегіш сөздің түрін табыңыз. A) Гипербола. B) Эпитет. C) Аллегория. D) Теңеу. E) Метафора.
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ |