
Биология
1. Фотосинтездеуші ұлпада орналасқан пластид A) Лейкопласт. B) Хлоропласт. C) Лизосома. D) Вакуоль. E) Хромопласт. |
2. Амебаның пішіні A) Сопақша B) Тұрақсыз C) Дөңгелек D) Таяқша E) Шар тәрізді |
3. Қаспақ тәрізді қынаның түсі: A) Сары – қызыл, сары, сұр, көгілдір, қоңыр B) Сары – қызыл, сары, көгілдір, қоңыр C) Сары – қызыл, сары, сұр, көгілдір, қара D) Сары – қызыл, сары, көк, көгілдір, қара E) Сары – қызыл, жасыл, сұр, көгілдір, қара |
4. Орамжапырақтың жемісі A) Дәнек B) Қауашақ C) Жеміс D) Бұршаққын E) Қабақ |
5. Ас қорыту жүйесі A) Көмей, өңеш, қуық B) Мұрын қуысы, аңқа, бауыр C) Ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, қарын, ішек D) Өңеш, өкпе, қуық E) Өңеш, ауыз қуысы, ішек, қуық |
6. Цитология ғылымы зерттейді A) Ұлпаларды B) Жануарларды C) Жасушаларды D) Вирустарды E) Өсімдіктерді |
7. Картоптың жерасты өркені A) Түбіртек B) Түйнек C) Жемтамыр D) Тамырсабақ E) Пиязшық |
8. Қамыс тұқымдарының таралу жолы: A) Су B) Жануарлар C) Өздігінен D) Жел E) Ауа |
9. Шұбалшаңның ас қорыту жүйесі: A) Ауыз, жұтқыншақ, ішек B) Ауыз, жұтқыншақ, өңеш, жемсау, қарын, ішек C) Ауыз, жемсау, қарын, ішек D) Ауыз, тіс, тіл, жұтқыншақ, қарын, ішек E) Тісшелі жағы, тісшелі қарны, ішек |
10. Зең саңырауқұлақ A) Көңқұлақ B) Қайыңқұлақ C) Терекқұлақ D) Мукор E) Ашытқы |
11. Жапырақтары мен сабақтары бір орыннан екінші орынға жылыстап өседі: A) Балдырлар B) Қыналар C) Плаундар D) Қырықбуындар E) Мүктер |
12. Денесінде бір ғана қуыс және екі қабаттан тұратын көпжасушалы жәндік A) Ішекқуыстылар B) Талшықтылар C) Кірпікшелілер D) Споралылар E) Қарапайымдар |
13. Сүтқоректілер терісіндегі қосалқы бөлімдер A) Мүйіз,тұяқ B) Хитин C) Мантия D) Бақалшақ E) Қабыршық |
14. Организм қызметінің гуморальдық реттелуінің жүруі A) О2 қандағы концентрациясы арқылы. B) СО2 қандағы концентрациясы арқылы. C) Орталық жүйке жүйесі арқылы. D) Биологиялық белсенді заттар - гормондар арқылы. E) Перифериялық жүйке жүйесі арқылы. |
15. Сүйектердің жуандап өсуі ... байланысты A) сүйектің кемік бөлігіне B) шеміршекті қабатқа C) сүйек қабығына D) буын қапшығына E) оссеин затына |
16. Қанда эротроциттердің азайып, гемоглобиннің кемуінен болатын ауру. A) Гипертония. B) Дальтонизм. C) Анемия. D) Диабет. E) Стенокардия. |
17. Өсімдік май мен көкөністе болатын дәрумен жетіспесе әйел бедеулікке ұшырайды A) - Е B) - D C) - С D) - Н E) - К |
18. Фотосинтез процесі жүреді: A) лейкопласта B) жасуша орталығында C) митохондрияда D) ядрода E) хлоропласта |
19. Шешесінің қан тобы 4-ші, әкесінікі гомозиготалы 2-ші топ. Ұрпақтарының қан тобын анықтау. A) 2-ші, 3-ші топ. B) 1-ші, 2-ші топ. C) 3-ші, 4-ші топ. D) 1-ші, 3-ші топ. E) 2-ші, 4-ші топ. |
20. Дамуының алғашқы сатысында тамырдың сабаққа қарағанда тез ұзару себебі: A) Тыныс алады B) Суды сабаққа өткізеді C) Суды терең қабатынан сорады D) Қоректік заттарды қорға жинайды E) Газ алмасуға қатысады |
21. Құлық бөлетін құлақ бөлімдерінің бездері ... орналасады. A) сыртқы дыбыс жолында. B) ортаңғы құлақта. C) сопақша тесікте. D) дабыл жарғағында. E) ішкі құлақта. |
22. Сүт тістері толық шығатын даму кезеңі A) Нәрестелік кезең B) Мектепке дейінгі естияр кезең C) Мектепке дейінгі сәбилік кезең D) Жасөспірімдік кезең E) Мектеп жасындағы ересек кезең |
23. Тіршіліктің өлі табиғаттан пайда болу теориясы A) Биогенез B) Витализм C) Абиогенез D) Генезис E) Протобионт |
24. Қазіргі адамдарға жақын келетін түрлер: A) Австралопитектер. B) Питекантроптар. C) Синантроптар. D) Неандертальдық. E) Кроманьондар. |
25. Антропогендік ластану A) Адамға тәуелсіз жүреді B) Судың мұнай өнімдерімен ластануы C) Қарапайымдылардың көбеюі D) Ауру тарататын бактериялардың кең таралуы E) Жапырақтардың түсуі
БИОЛОГИЯ ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ |