Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Theory of economy.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
100.75 Кб
Скачать

19 Нарықтың мәні мен концепциялары

Нарық - экономикалық ұйымдасқан қатынастар жүйесі. Ұдайы өндірістің барлық салаларында өндіру, тұтыну, бөлу, айырбастау, сату- сатып-алу арқылы жүзеге асырылатын жүйе. Нарық келесідей маңызды қызмет атқарады:

  • Біріншіден, қоғамдық өндірісті реттеу жүзеге асырылады, яғни "не, қалай, кім үшін өндіру керек?" мәселелері шешіледі;

  • Екіншіден, өндіруші мен тұтынушы арасында байланыс қалыптасады. Нарықтың әрбір қатысушысы бір мезгілде әрі сатушы, әрі сатып алушы болып табылады. Ол өміріне қажетті немесе өндірісіне қажетті тауарды сатып алады да, осы нарықта өзі өндірген өнімді, немесе мүлікті, не болмаса жұмыс күшін сатады;

  • Үшіншіден, нарық арқылы өндіріске кеткен шығындарды айқындауға болады. Нарық тек не өндіру ғана екенін анықтамайды, сонымен қатар қоғамға қажетті өнімді алу үшін қанша шығын жұмсайтынын айқындайды. Егер шығын деңгейі жоғары болса, онда өнімді сатып ала алмайды және өнім алдағы уақытта өндірілмейді. Дәлірек айтқанда, нарыққа шығындарын жаба алатын және бағалары қолайлы тағайындалған тауарлар шығады;

  • Төртіншіден, нарықтың маңызды қызметі - бағаны белгілеу. Баға сұраныс пен ұсынысқа қарай ауытқып отырады. Егер тауардың қандай да бір көлемі сұранысты жоғарылататын болса, онда баға төмендейді, оған сәйкес өндіріс пен ұсыныс та төмендейді. Керісінше, жоғары баға өндірісті кеңейтеді.Бұл өсулер тепе - тең баға қалыптасқанша жалғаса береді;

  • Бесіншіден, нарық өндірушілерді дифференциалдайды. Бәсеке кезінде шығыны нарықтық бағадан төмен фирма өмір сүре алады. Бұл кезде фирма пайда таба алады. Егер жұмсаған шығындар нарықтық бағадан асып кететін болса, ол бос шығындалуға алып келеді. Өндірушілердің дифференциясы тиімді фирмалардың дамуына, ал тиімсіздерінің жойылуына алып келеді.

20 Негізгі капиталды физикалық тозуы . Амортизацияның мәні

Негізгі капиталдың тозуы. Амортизация

Өндіріс процесінде негізгі қорлар қолданылуына байланысты тозады. Тозудың екі түрі бар: табиғи тозу және моральдық тозу.

Табиғи тозу дегеніміз – негізгі қорлардың тұтыну барысында және табиғаттың табиғи күштерінің әсерінен тұтыну құнын жоғалтуы.

Моральдық тозу – жабдықтардың техникалық погреске байланысты ескіріп құнсыздануы. next

Неғұрлым жетілдірілген және өнімді машиналардың пайда болуы нәтижесінде пайдаланылып жүрген машиналар табиғи қалпына және өндірісте пайдалану дәрежесіне қарамастан моральдық жағынан ескіріп, құнсызданады. Тозған негізгі қорларды жаңарту үшін амортизациялық аударымдар қолданылады.

Амортизация – негізгі қорлардың тозуы салдарынан оның құндылығының бірте - бірте төмендеуі, сондай-ақ оларды жаңарту үшін қаражатты қорландыру мақсатында осы қорлар құнының өндірілген өнімге бірте-бірте көшуі. Амортизацияның ақшалай сипаты амортизациялық аударым болып табылады. Оның көлемі амортизация нормасы арқылы анықталады. Амортизацияның жылдық жиынтығын негізгі қорлар бағасына бөлу арқылы амортизация нормасы анықталады. Ол пайыз арқылы беріледі:

Ф1-Фж

Н= -------------100

Ф1•Т

Мұндағы: Ф1 - негізгі қорлардың баланстық бастапқы құны

Фж - жойылған негізгі қорлардың құны

Т - амортизациялық кезең (негізгі қорлардың нормативті қызмет ету уақыты),жыл

Негізгі қорларды толық қайта құруға кеткен амортизациялық аударымдардың көлемі мына формуламен анықталады:

А= Н•Ф

Н - амортизация нормасы, 

Ф - негізгі қорлардың орташа жылдық құны, тенге

Амортизация нормасы негізгі қорларды өз уақытында қалпына келтіруге бағытталады және оны есептегенде мынадай факторларды қолдана отырып, негізгі қорлардың қызмет ету уақытын дұрыс анықтау керек:

- негізгі қорлардың ұзақ мерзімділігі;- моральдық тозу;- техникалық қайта құру жоспары;

- жабдықтардың балансы;- модернизациялау және күрделі жөндеу мүмкіншіліктері.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]