Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Theory of economy.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
100.75 Кб
Скачать

14 Негізгі капитал

Негізгі капитал - ұзақ кезең бойы қызмет ететін материалдық-заттай құндылықтардың жиынтығы. Олар өндіріске қызмет ете отырып, өзінің табиғи-заттай формасын сақтайды және өз құнының бір бөлігін жаңадан жасалған өнімдер мен қызметтерге көшіреді және меншік иесіне ақшалай формада бөліктеп қайтарылады. Сонымен негізгі капитал – қызмет ету мерзімі ұзақ негізгі қорлардың ақшалай бағалануы. Олардың құрамына өндірістік және өндірістік емес объектілер кіреді. Өндірістік негізгі қорларға өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы, көлік, байланыс, сауда және басқа да материалдық өндіріс бағытындағы негізгі қорлар жатады. Өндірістік емес негізгі қорлар тұрғын үй, мәдениет, спорт мекемелері, балабақша, емдеу орындарына қызмет көрсету үшін бағытталған. Негізгі қорларға ғимараттар, құрылыстар, машина мен құралдар, есептеу техникасы, тасымалдау құралдары, өндірістік және шаруашылық құралдар жатады.

Негізгі қорлар бастапқы құн, қалпына келтіру құны және қалдық құн бойынша бағаланады.

Бастапқы құн – қорларды дайындауға, жинауға, әкелуге кеткен шығындардың жиынтығы.

Қалпына келтіру құны – негізгі қорларды қайта өндіруге кеткен шығындардың жиынтығы.

Қалдық құн – тозу құнын алып тастағандағы бастапқы немесе қалпына келтіру құны.

15 Жалпы және таза инвестициялардың мәні

Инвестицияның мәні.

Жалпы инвестициялар – ол ескі ќ±ралдарды ауыстыруѓа кететін шыѓындар (амортизация) мен µндірісті ±лѓайтуѓа жұмсалынатын инвестициялар µсімі. Егер жалпы инвестициялардан негізгі капиталѓа амортизация соммасын алып тастасаќ, таза инвестиция ќалады.

Таза инвестициялар бар капиталды ±лѓайтуѓа, сонымен ќатар экономикалыќ µсуге жаѓдай жасайтын шыѓындар. Егер таза инвестициялар оњтайлы мµлшерде болса, онда экономика дамиды. Егер таза инвестициялар нольдік мµлшерде болса (жалпы шыѓындар мен амортизация тењ болса) онда экономика статика жаѓдайында болады. Егер таза инвестициялар кері (теріс) мµлшерде болса (жалпы шыѓындар амортизациядан аз болса), іскерлік белсенділік тµмендейді. Инвестициялыќ с±ранысты аныќтайтын факторларѓа жататындар:

Инвестициялар ЖҰӨ-нің ең маңызды және ең өзгермелі компоненттерінің бірі болып табылады. Инвестициялық шығындардың үш типі ерекшеленеді. Кәсіпорынның негізгі қорларына инвестициялар болып кәсіпорындардың өздерінің өндірістік қызметтеріне пайдаланулары үшін алған ғимарат, құрылыс және құрал-жабдықтары саналады. Тұрғын үйлер құрылысы инвестициялары тұру үшін алынған үйлерге, сондай-ақ жалға беру үшін алынған үйлерге шыққан шығындарды қамтиды. Сақтық қор инвестициясы – фирмалардың сақтауға қалдырған тауарларын, оның ішінде шикізаттармен материалдарды, бітпеген өндіріс пен дайын өнімдерді қамтиды. next

Инвестициялар тікелей және портфельдік болып бөлінеді: Тікелей инвестиция – тікелей өндірістік кәсіпорындарға салынатын инвестициялар Портфельдік инвестициялар пайда табу үшін инвесторлардың кәсіпорындардан акция, облигация, басқа да құнды қағаздарды сатып алуын білдіреді.

16 Айналмалы капитал

Айналмалы капитал – бұл кәсіпорындардың, бірлестіктердің, ұйымдардың өндірістік қорларының бір өндірістік айналымда түгел тұтынылып, өзінің құнын дайындалатын өнімге толық көшіретін бөлігі. Өзінің табиғи формасын сақтамайды және өндіріс аяқталғаннан кейін ақшалай нысанда қайтарылады. Айналмалы қорлар екі бөліктен тұрады:

  1. өндірістік айналым қорлары айналыс қаражаттары

Өндірістік айналым қорларына өндіріс қалдықтары (запастар), аяқталмаған өндіріс, болашақ кезеңдердің шығындары жатады. Айналыс қаражаттарына дайын өнімдер, жөнелтілген, бірақ ақысы төленбеген тауарлар, банк шотындағы, кассадағы ақша қорлары жатады.

Айналыс қаражаттары меншікті және қарызға берілген айналым қаражаты болып бөлінеді. Меншікті айналыс қаражаты – кәсіпорындардың ең аз қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін бекітілген нормативтерге сәйкес өздеріне тиесілі қаражаттың бір бөлігі. Қарызға берілген айналым қаражаты – кәсіпорындардың айналым қаражатының қысқа мерзімді банк несиесі және айналымға тартылған қаржы есебінен құралған бөлігі. Айналым қаражаттары әрқашан да қозғалыста болады және ауыспалы айналым жасайды. Мұндай құбылысты айналым қорларының кезеңі деп атайды. Айналым қорларының айналымын жылдамдату кәсіпорынның негізгі мақсаты болып табылады және оның мынадай жолдары бар:

- ғылыми-техникалық прогрестің соңғы нәтижелерін қолдану;

- өнеркәсіптік өндірісті ұйымдастыру формаларын жетілдіру;

- шикізат, отын-энергетика ресурстарын үнемді қолдану.

Өндірістік қорлар өзінің қозғалысында кезекті түрде өндіріс және айналыс стадиясына өтеді. Демек, қорлардың айналым уақыты сәйкесінше өндіріс уақыты және айналыс уақытынан тұрады. Қорлардың өндіріс сферасында болу ұзақтығы өндіріс уақытын, ал айналыс сферасында болу ұзақтығы айналыс уақытын құрайды. Өндіріс уақыты өндіріс заттары және өндіріс құралдарының келіп түсуі мен дайын өнім болып шыққанша өндіріс сферасында болуының бүкіл кезеңін қамтиды. Ол үш бөлікке бөлінеді:

- жұмыс уақытын құрайтын тікелей еңбек процесінің уақыты;

- еңбек процесіндегі үзілістер уақыты;

- өндіріс құралдарының өндірістік запастарда болу процесі.

Айналыс уақыты кәсіпорынды жабдықтау процесі кезінде өндіріс құралдарын сатып алуға кететін уақыт пен өткізу уақыты - дайын тауарларды нарықта сату уақытынан тұрады.

Негізгі және айналмалы қорлардың қызмет етуін сипаттау үшін оларды пайдаланудың тиімділігін көрсететін көрсеткіштер қолданылады:

  1. Қор қайтарымы:

өндірілген өнім көлемі

Қ.қ =- -------------------------------------------------

негізгі өндірістік қорлар көлемі

Қор қайтарымы көрсеткіші негізгі капитал құнының бірлігіне шаққанда қанша өнім шығарылғандығын көрсетеді. Қор қайтарымы негізгі капиталды пайдалану деңгейінің тікелей шамасын көрсетеді. Оған кері көрсеткіш қор сыйымдылығы деп аталады. Қор сыйымдылығы - әрбір шығарылатын өнім құнына келетін негізгі қорлар құнының үлесін көрсетеді:

негізгі қорлардың көлемі

Қ.с.=----------------------------------------------

өндірілген өнім көлемі

Шикізат пен отынның пайдаланылуын жақсарту өнімнің материалсыйымдылығын төмендетуден көрінеді. Ол тұтынылған айналым капиталының өнім құнына қатынасымен анықталады: Тұтынылған айналмалы қорлардың көлемі

М.с.= --------------------------------------------------------------------- next

өндірілген өнім көлемі

Кәсіпкерлік капиталдың қызмет етуін сипаттау үшін келесі экономикалық көрсеткіштер қолданылады:

- капиталдың айналым жылдамдығы - 1 жылдағы айналым саны ретінде есептелінеді:

O

П=---------

Т

П-айналым саны О-капитал айналымының өлшем бірлігі Т-капиталдың айналым уақыты

- айналым капиталының айналымдылық коэффициенті:

айналым капиталының орташа қалдығы

К= ---------------------------------------------------------------

өткізілген өнім құны

- бір күндегі орташа айналым ұзақтығы:

О

От=------------

П

Айналымдылық көрсеткіштері кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау үшін үлкен мәнге ие. Өйткені айналым құралдарының ақшалай формаға ауысу жылдамдығы кәсіпорынның төлемқабілеттілігіне тікелей ықпал етеді. Бұдан басқа құралдардың айналым жылдамдығының ұлғаюы кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығының жоғарлағанын көрсетеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]