
- •1.Экономикалық теорияның зерттеу әдістері
- •3.Ақшаның мәні ,міндеттері.
- •4.Тауардың мән қасиеттері.
- •5.Қоғамдағы шаруашылық түрлері.
- •6.Сұраныс заңы және оның факторлары.
- •7. Ұсыныс заңы және оның факторлары.
- •8.Өндіріс және үдайы өндіріс.
- •9 Меншіктің мазмұнын
- •10 Тауарлық шаруашылықтың
- •11 Дәстүрлі Экономика
- •12 Жоспарлы Экономика
- •13 Аралас Экономика
- •14 Негізгі капитал
- •15 Жалпы және таза инвестициялардың мәні
- •16 Айналмалы капитал
- •17 Негізгі капитал
- •18 Экономикалық жүйелерге салыстырмалы
- •19 Нарықтың мәні мен концепциялары
- •20 Негізгі капиталды физикалық тозуы . Амортизацияның мәні
- •21.Қәсіпкәрліктің мәні,сипаттық белгілері.
- •22.Фирманың жалпы, орташа ,шекті табыстары.
- •24.Макроэкономикалық көрсеткиштер.
- •30. Макроэкономикалық көрсеткиштер.24 мен сұрақтары бір екен.
- •30. Макроэкономикалық көрсеткіштердің жалпы сипаттамасы
- •31. Жалпы және таза инвестициялар
- •32. Жұө және оны өлшеу әдістері
- •33. Инвестиция
- •1. Жаңа өндірістік ғимараттарды салу; 2. Жаңа құралдар, техника жєне технологияны сатып алу;3. Материалдар мен шикізатты қосымша сатып алу;4. Әлеуметтік бағытталған объектілер мен үйлер салу;
- •1. Пайда нормасын күту;
- •34. Тұтыну мен қор жинау
- •37. Дағдарыс және оның түрлері
- •38. Банк жүйесі және банктің атқаратын қызметтері.
- •39. Салық салудың түрлері мен принциптері. Салық мультипликаторы
- •40. Қаржы жүйесінің мәні мен құрылымы
- •42 Тікелей және жанама салықтарды
- •43 Банктік және коммерциялық несиеге
- •44 Номиналды және нақты жұө ге
- •45 Мемлекеттің ішкі және сыртқы қарыздарын
5.Қоғамдағы шаруашылық түрлері.
Өндірісті экономикалық ұйымдастырудың бірінші типі натуралды шаруашылық болып табылады. Натуралды шаруашылық адамдардың өнімді өз қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында өндіруі. Олар айырбастауға және нарыққа бет бұрмайды. Ол әмбебап қол еңбегіне негізделген алғашқы қауымдық кезеңде пайда болған. Өндірістік күштер жағдайы мен олардың ұйымдастырылуы едәуір қарапайым. Нені, қалай, кім үшін мәселелерін шаруашылық иелері өздері шешті. Натуралды шаруашылықта пайда болған әдістер мен көсемдердің шешімі ең маңызды рольді ойнады. "Өндіріс-тұтыну" принциптері арасындағы байланыс өте тұрақты болып келеді. Натуралды шаруашылықпен салыстырғанда едәуір күрделісі тауар шаруашылығы. Ол өндірілген өнімді сатуға бағытталған. Ал өндіруші мен тұтынушы арасындағы байланыс нарық арқылы жүзеге асырылады.
Тауар өндірісі алғашқы қауымдық құрылыс жойылып жеке меншік пайда болған кезде дүниеге келді. Тауар өндірісінің даму сатылары нарық пен айырбастың дамуына байланысты. Нарықтың келесі типтерін бөліп көрсетеді; дамымаған, еркін, тәртіптелген, деформацияланған. next
Нарықтың әрбір типіне тауар өндірісінің ерекше моделі сай келеді:
дамымаған нарықтың тауар өндірісі
2. еркін нарықтың тауар өндірісі
3. реттелінетін нарықтың тауар өндірісі
деформацияланған нарықтың тауар өндірісі
6.Сұраныс заңы және оның факторлары.
Сұраныс - бұл белгілі тауарға төлем қабілеті бар қажеттілік, яғни белгілі бір уақыт аралығында тиімді бағаға сатылып алынуы тиіс тауардың мөлшері. Сұранысқа көптеген факторлар әсер етеді, олардың ішіндегі негізгісі – баға болып табылады. Баға мен сұраныс арасында кері байланыс бар: тауардың бағасы өскен сайын сол тауарға деген сұраныс төмен болады және керісінше тауарға баға арзандаған сайын оған деген сұраныс жоғары болады. Осы кері байланыс сұраныс заңы деп аталады.
Сұранысқа әсер ететін бағалық емес факторлар мыналар:
1 Сатып алушылар саны; 2 Сатып алушылардың табысы; 3 Балама тауарлардың бағалары;
4 Қолайлы жағдайды күту; 5 Тұтынушылардың талғамы.
Тұтынушылардың талғамы әртүрлі, сондықтан олардың барлығын ескеру қиын, бірақ даму бағыттарын анықтауға болады. Егер бір тауарға тұтынушылардың ұнатуы жағымды өзгерсе ол сұранысты көбейтеді және қисықты оңға жылжытады. Сатып алушылар санының көбеюі сұранысты арттырады. Тұтынушылар табысы өскен сайын әсіресе, сапалы тауарларға сұраныс артады. Егер бір тауардың бағасы қымбаттаған уақытта екінші тауарға деген сұраныс көбейетін болса, онда мұндай тауарлар бірін-бірі ауыстыратын немесе субститут тауарлар деп аталады. Ал бірін-бірі толықтырушы тауарлар сублемент тауарлар деп аталады. Бірін-бірі өзара алмастырушы тауарларға қарағанда өзара толықтырушы тауарларға сұраныс бір уақытта ұсынылады
Сұраныс көлемі дегеніміз тұтынушылардың сатып алуға дайын тауарлар көлемі (саны). Сұраныс бағасы - тауарлардың белгілі көлемін төлеуге дайын максималды баға. Сұраныс функциясы - сұраныс көлемі және оған әсер ететін факторлар арасындағы тәуелділік. Сұраныс функциясының жалпы түрі келесідей болады: Qd = f (P, I, T); мұндағы: Qd - тауардың сұраныс көлемі; Т - тұтынушылардың талаптары мен ұнатулары; Р - тауардың бағасы; I – табыс.