Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Theory of economy.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
100.75 Кб
Скачать

39. Салық салудың түрлері мен принциптері. Салық мультипликаторы

Салықтар – салық туралы заңға сәйкес заңды және жеке тұлғалардан мемлекет шоғырландыратын міндетті төлемдер. Салықтар реттеуші, ынталандырушы, бөлу, фискалдық қызметтерді атқарады. Салық жүйесі белгілі заңға негізделеді, ол салық салудың нақты әдістерін анықтайды.

Салықтың элементтеріне төмендегілер кіреді:

- салық субьектілері – заң бойынша салық төлеуге міндетті тұлға;

- салық обьектілері – салық салынатын табыс немесе мүлік;

- салық ставкасы – салық обьектісінің бірлігіне салық есептеулерінің мөлшері;

- салық көзі – жалақы, табыс, кіріс, дивиденттер;

- салық мөлшері- шекті, жеңілдікпен, орташа, нөлдік (салық мөлшері);

- салықтық жеңілдіктер- салық мөлшерінің азаюы немесе салықтан толық босату.

Салықтың атқаратын қызметтері:

- фискалдық- мемлекет табысын жасау;

- реттеу – экономиканың кейбір салаларын дамытуды ынталандыру немесе тежеу;

- қайта бөлу – жинақталған салықтық түсімдерді қаржыландыруды қажет ететін бағдарламалар пайдасына сәйкес қайта бөлу; next

- ынталандырушы – бұл қызмет негізінен салықтық жеңілдіктер жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

Қазіргі заманғы салық жүйесі бірнеше принципті қолданады:

- жалпылай, табыс табатын барлық тұлғаларды қамту;

- тұрақтылық, салық мөлшері мен салық түрінің тұрақтылығы;

- тең күштеу, салық салу барлық салық төлеуші үшін бірдеу болуы керек;

- міндеттеме, яғни салықтың мәжбүрлілігі, төлемнен құтқармау, салықты төлеуде және есептеуде тұлғаның дербестігі;

- әлеуметтік әділдік, яғни салық мөлшері мен салық жеңілдігін құру.

Қазақстанда салық республикалық және жергілікті болып бөлінеді. Республикалық салықтар – бұл міндетті салықтар, төлем сомасы республикалық бюджетке түседі. Жергілікті салықтың мөлшері жергілікті өкіметтің шешімімен анықталады.

Қазақстан Республикасында мынадай салықтың түрлері белгіленген:

1). корпоративті табыс салығы; 2). жеке табыс салығы; 3). қосымша құн салығы; 4). акциздер;

5). жер қойнауын пайдаланушылар салығы мен арнайы төлемдері; 6). әлеуметтік салық;

7). жер салығы; 8). көлік салығы; 9). мүлік салығы.

Бюджет-салық саясаты адамдарды толық жұмысбастылық және ЖҰӨ өндірісімен қамтамасыз етуге бағытталған салық салу мен мемлкеттік шығындарды реттеу бойынша үкіметтің шаралар жиынтығы. Экономикада мультипликациондық тиімділіктің бары белгілі. Нарықтық экономикада мультипликатор-көбейткіштің тиімділігінің мәні инвестиция немесе шығындардың ұлғаюы инвестиция мен шығындардың бастапқы өсіміне қарағанда ұлттық табыстың ұлғаюына алып келетіндігінен көрінеді. Жабық экономика үшін өндірістің тепе-теңдік көлемі тұтыну, инвестиция, жоспарланатын инвестиция, мемлекеттік шығындар, сондай-ақ салықтық аударымдардың көлеміне тәуелді болады.

40. Қаржы жүйесінің мәні мен құрылымы

Қаржы – бұл мемлекет, заңды және жеке тұлғалардың арасында ақша құралдары қорларының қалыптасуы, бөлу және пайдалану жөнінде болатын экономикалық қатынастар жүйесі. Қаржы ақша құралдары қорының қалыптасуы мен пайдалануының бақылау және ЖІӨ-нің бөлінуі мен қайта бөлінуінің экономикалық құралы. Қаржының мәні оның қызметтері арқылы анықталады: бөлу, бақылау, ынталандыру, фискалдық.

Қаржының бөлу қызметтері шаруашылық субъектілерін қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету, олар мақсатты бағытталған ақша қорлары формасында пайдаланылады. Салық арқылы мемлекеттік бюджетте қаржы құралдары шоғырландырылып, өндірістік, әлеуметтік, халық шаруашылық проблемаларын шешуге жұмсалынады. Салық арқылы мемлекет кәсіпорындардың, фирмалардың, азаматтардың табыстарының бөлігін қайта бөліп, оларды өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына, шығындарды белгілі мерзімде өтейтін қор және салаларға инвестиция түрінде жұмсайды. Ақша формасында қоғамдық өнімнің құнының қозғалысымен байланысты қаржылар ұдайы өндіріс процесін жалпы және фазалар бойынша сан жағынан бейнелейді. Сондықтан қоғамда қалыптасатын экономикалық пропорцияларды үнемі бақылап отыруға мүмкіндік береді.

Қаржының ынталандырушы қызметі: салық ставкаларын, жеңілдіктерді, салық салу жағдайларын өзгерту арқылы мемлекет белгілі салалар мен өндірістердің тез дамуына жағдайлар жасайды және қоғамның өзекті проблемаларын шешуге ықпал етеді. Салық жеңілдіктері арқылы мемлекет техникалық прогресті, жұмыс орындарының көбеюіне, өндірістің ұлғаюына күрделі қаржылардың салынуын ынталандырады.

Қаржының фискалдық қызметі ол салық көмегімен кәсіпорындар мен азаматтардың табысының бір бөлігін орталықтандырып, мемлекеттік қызметті жетілдіру үшін, өндірістік емес сфераны дамытуға жұмсайды. next

Ұлттық экономика шеңберіндегі қаржы қатынастарының жиынтығы мемлекеттің қаржы жүйесін құрайды. Қаржы жүйесі орталықтандырылған, орталықтандырылмаған қаржылар мен үй шаруашылығының қаржыларынан қалыптасады.

Орталықтандырылған қаржылар – ол мемлекеттік бюджеттік жүйе, мемлекеттік несие, мүліктік және өзіндік сақтандыру қорлары, арнайы бюджеттік қорлар. Олар ұлттық экономиканы жалпы реттеудің, маңызды әлеуметтік, экономикалық мәселелерді шешудің құралдары ретінде пайдаланылады.

Орталықтандырылмаған қаржылар - әртүрлі меншік формасындағы кәсіпорындар мен фирмалардың қаржылары. Бұл заңды тұлғалар арасындағы, заңды тұлғалар мен мемлекет арасындағы және заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар арасындағы қаржы қатынастары.

Үй шаруашылықтарының қаржылары - өзіндік қаржылар, яғни ортақ шаруашылық жүргізетін жеке тұлғалар арасындағы қаржы қатынастары. Қаржы жүйесінің әрбір элементі өндіріске әсер ете алады және өзінің қызметтері бар. Орталықтандырылған қаржылар көмегімен мемлекеттің негізгі орталықтанған қорына ресурстар жинақталып, халық шаруашылық салалары арасында бөлінеді және қайта бөлінеді. Фирмалардың қаржылары өндірісті қамтамасыз етеді. Олардың қатысуымен ЖҰӨ өндіріледі. Үй шаруашылығының қаржылары олардың өмірінің материалдық негізі болады. Сондықтан жалпы қаржы жүйесі қаржы қатынастарының әртүрлі сфераларының жиынтығынан тұрады. Макроэкономикалық зерттеу көзқарасынан мемлекеттік қаржылар маңызды роль ойнайды.

41 Экономикалық өсудің ұғымы оның өлшемін

Экономикалық өсу – бұл ұлттық өнімнің сандық көбеюі, сапалық жағынан жетілуі. Өсудің үш типі бар:

  1. Экстенсивті өсу дегеніміз – қосымша өндіріс факторларын тарту арқылы ұлттық өнімнің көбеюі.

  2. Интенсивті өсу дегеніміз – техника мен технологияны толық жетілдіру арқылы ұлттық өнімнің көбеюі.

  3. Аралас өсу дегеніміз - өндіріс қуатының өсуі нәтижесінде өндіріс факторларын пайдалану санының өсуі және техника мен технологияның жетілуі.

Экономикалық өсуді есептеу проценттік жылдық өсу қарқынымен анықталады:

ЖҰӨ1

ЖҰӨ өсу қарқыны = ----------------- 100%

ЖҰӨ0

мұндағы: ЖҰӨ1 - есепті жылғы жалпы ұлттық өнім

ЖҰӨ0 - базистік жылғы жалпы ұлттық өнім

Экономикалық өсу көптеген факторлармен анықталады, соның ішінде маңыздысы: сұраныс, ұсыныс факторлары.

Ұсыныс факторына мыналар жатады:

- табиғи ресурстардың саны мен сапасы;- халықтың еңбекке жарамдылығының саны мен сапасы;- негізгі капиталдың болуы;- өндіріске қолданылатын технология деңгейі.

Осы факторлар өндіріс көлемінің өсуін физикалық мүмкін етеді. Тек ғана сапасы бойынша жақсы ресурстардың көп саны технологиялық потенциалды қоса нақты өнім өндірісін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Алайда өсуге ықпал ету мен өсудің өзін айыра білу керек. Біріншіден, өсу сұраныс факторларына тәуелді. Өспелі өндірістік потенциалды жүзеге асыру үшін экономика кеңеймелі ресурстар көлемінің толық қолданылуын қамтамасыз ету керек. Бұл үшін жиынтық шығындар деңгейінің артуы талап етіледі. Екіншіден, экономикалық өсуге бөлу факторлары да ықпал етеді. Өндірістік потенциалды мақсатқа сай пайдалану үшін тек ғана экономикалық айналымға ресурстардың толық тартылуы қамтамасыз етіліп қоймай, сондай-ақ олардың тиімді қолданылуы қажет. Өндірісті өсіруге қабілеттілік жалпы өнім шығару көлемін кеңейту үшін жеткіліксіз. Ресурстардың нақты көлемін қолдану мен оларды пайдалы өнімнің максимальды санын беретіндей бөлу қажет.

Салықтар мен мемлекеттік шығындардың басым бөлігі жұмыспен қамту мен экономикалық өсуді қамтамасыз етуде бюджеттің алдыңғы қатарлы роль ойнауына мүмкіндік береді. Бюджет қоғамдық ұдайы өндіріс пен экономикалық өсуді ынталандыруға ықпал етудің маңызды тетігі. Мемлекеттік шығындар мен салық салу деңгейін өзгерту жолымен үкімет жиынтық сұраныс көлемін next

реттей отырып, экономикалық коньюктураның қысқа мерзімді ауытқуларына ықпал ете алады. Сонымен бюджет – бұл мемлекеттің қаржы жоспары, мемлекеттің шығындары мен табыстарының балансы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]