Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Theory of economy.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
100.75 Кб
Скачать

33. Инвестиция

Инвестиция ЖҰӨ өндірісіне жұмсалатын табыстың маңызды бөлігін құрайды. Инвестициялардың маңызды бөлігі адамдардың жинақтауынан жєне кєсіпорындардың пайдасынан құрылады. Экономикалық теория көзқарасынан өндірісті ұлғайтуға, жаңартуға, жања технологиялар, материалдар т.б. еңбек құралдарына енгізуге кететін шығындарды инвестиция деп атайды. Инвестициялар ол мемлекеттік және жеке сектордың пайда табу мақсатымен ел ішінде және сыртында салынатын ұзақ мерзімдік салымдар.

Инвестициялардыњ бағыттары:

1. Жаңа өндірістік ғимараттарды салу; 2. Жаңа құралдар, техника жєне технологияны сатып алу;3. Материалдар мен шикізатты қосымша сатып алу;4. Әлеуметтік бағытталған объектілер мен үйлер салу;

Осы бағыттарға сєйкес инвестициялар бөлінеді:- негізгі капиталға инвестициялар;

- тауарлы-материал запастарына инвестициялар;- адам капиталына инвестициялар.

Жалпы инвестициялар – ол ескі құралдарды ауыстыруға кететін шыѓындар (амортизация) мен өндірісті ұлғайтуға жұмсалынатын инвестициялар өсімі. Егер жалпы инвестициялардан негізгі капиталѓа амортизация соммасын алып тастасақ, таза инвестиция қалады.

Таза инвестициялар бар капиталды ұлғайтуға, сонымен қатар экономикалық өсуге жағдай жасайтын шығындар. Егер таза инвестициялар оңтайлы мөлшерде болса, онда экономика дамиды. Егер таза инвестициялар нольдік мөлшерде болса (жалпы шығындар мен амортизация тең болса) онда экономика статика жағдайында болады. Егер таза инвестициялар кері (теріс) мөлшерде болса (жалпы шығындар амортизациядан аз болса), іскерлік белсенділік төмендейді. Инвестициялық сұранысты анықтайтын факторларға жататындар:

1. Пайда нормасын күту;

2. банк процентінің ставкасы.

34. Тұтыну мен қор жинау

Тұтыну адамдардың өмірінің негізін құрайды. Осы мақсатқа сәйкес олар материалдық игіліктер өндірісін ұйымдастырады. Өндіріс дәрежесінен тұтыну дәрежесі тәуелді болады. Тұтыну дєрежесімен анықталатын өмір сапасы єрбір жанұяда, әлеуметтік топтарда бірдей болмайды. Тұтыну дәрежесі табыстан тәуелді болады. Тұтыну халықтың тауарлар мен қызметтерге сұранысын анықтайды. Сондықтан экономикалық теорияда тұтыну ол халыќты тауарлар мен қызметтер сатып алуға жұмсайтын ақша шыѓындары ретінде қарастырылады. Әрбір жанұяның, әлеуметтік топтардыњ тұтыну дєрежесі олардыњ бюджетінен, кейбір игіліктердіњ қажеттілігінен, кейбір игіліктердің тµлемді немесе төлемсіздігінен, нарықта тауарлардың болуынан т.б. факторларға тәуелді болады. Бірақ жанұялардың табыстары бірдей болғанымен, шығындар құрылымы әртүрлі болады. Халықтың қор жинау дәрежесі табыс дәрежесінен тєуелді болады. Қор жинау дегеніміз ол тұтынылмайтын табыстыњ бір бөлігі. Сондықтан тұтыну мен қор жинаудың жиынтығы табысты құрайды. next

Табыс = тұтыну + қор жинау;

Тұтыну = табыс – қор жинау;

Қор жинау = табыс – тұтыну.

Жан±яныњ табысы қаншаға аз болса, олар соншаға аз сақтайды. Ұлттық қор жинау – ол т±тыну кµлемі мен мемлекеттік сатып алуларды алып тастағаннан кейінгі экономикалық жиынтық табысы. ұлттық қор жинау жеке және мемлекеттік жинақтардан тұрады.

Жеке қор жинау – салықтар мен тұтынуға шығындарды шегергеннен кейінгі қалатын үй шаруашылығының табысы. Мемлекеттік қор жинау – ол мемлекеттің жинаған салыќтары мен оныњ шығындарының айырмасымен (айырмашылық) қалған табыстар.

Тұтыну функциясы – тұтынудың негізін анықтайтын тєуелділік, мысалы, тұтыну кµлемініњ табыс көлеміне тәуелділігі, яғни С = С (І), мұндағы: С – тұтыну, У - табыс.

Қор жинау функциясы - ол жиынтыќ қор жинаудыњ (S) табыстан (І) тєуелділігі, яғни S = S (І), мұндағы: S-қор жинау, У - табыс.

Қор жинау функциясыныњ наќты ќасиеттері т±тыну функциясына кері (қарама-қарсы) болады.

І = С + S

Т±тыну ағымдағы қажеттіліктерді қамтамасыз етеді, ал қор жинау болашақтағы қажеттіліктерді қамтамасыз етеді. Тұтынуға (С) кететін жалпы табыстыњ (І) үлесі тұтынуға орташа бейімділік (АРС) деп аталады.

Т±тыну С

АРС = = ;

Табыс I

Қор жинауға (S) кететін жалпы табыстыњ (І) үлесі қор жинауға орташа бейімділік деп аталады.

Қор жинау С

АРS = = ;

Табыс І

Тұтынуға кететін табыстың (қысқарудың) үлесі тұтынуға шектеулі бейімділік деп аталады.

D С

МРС = ;

D ‡

Қор жинауға кететін табыстыњ өсуі (қысқаруы) қор жинауға шектеулі бейімділік деп аталады.

D С

МРS = ;

D ‡

МРS + МРС = 1

Тұтыну функциясы табыстың өсуі мен тұтынудың өсуін көрсетеді. Егер шығындар табысқа сәйкес болса, онда оны ОА қисығының қандай да нүктесі көрсетер еді. Негізінде табыстыњ бір бөлігі ғана тұтынуға кетеді, сондықтан ОА қисығы төменге қарай қисаяды. В нүктесі нольдік жинақтау дєрежесі. В нүктесінен солға қарай кері жинақтау, яғни тұтынуға кететін шығындар табыстан жоғары болады (қарыздар), оңға қарай жылжитын жинақтаулар жағымды (оң) болады. П. Самуэльсонның айтуы бойынша тұтыну мен жинақтау графиктері ол «Сиам егіздері» сияқты. Жинақтау графигі ОА сызығының көрсеткіштері, сәйкестік ОС көрсеткіштерін алумен шығады (айнадан кµрінетін көрініс сияќты). Яғни табыстыњ өсуі тұтынуға немесе жинақтауға жіберіледі. ұзақ жылдар бойы – табыс өскен сайын оның азайған үлесі тұтынылады, ал өсудің көбейген үлесі сақталады деп саналған. Бұл көзқарастыњ оппоненттері керісінше ойлаған, қазір көп экономистердің ойынша, экономика үшін МРС пен МРS салыстырмалы түрде тұрақты деп ойлаған. Осы уақытқа дейін тұтыну мен жинақтаудың табыстан тәуелділігі ғана қарастырылған. Бірақ оларға басқа факторлар да әсерін тигізеді:

  1. Байлық. Жанұяда қаншаға жиналған байлық (қозғалмайтын мүлік + құнды қағаздар) көп болса, соншаға тұтыну мөлшері көп, жинақтау мөлшері аз. next

  2. Баѓа дәрежесі. Баға дєрежесінің өсуі тұтынуды азайтады, баға дәрежесінің төмендеуі оны көбейтеді.

  3. Күтулер. Егер баға өседі деп күтілсе, онда тұтыну өседі, жинақтау азаяды. Болашақтағы жоғарғы бағадан сақтану үшін адам қажетті нәрсесін мол алады.

  4. Салық салу. Салықтың өсуі тұтыну мен жинақтауды азайтады. Салықтың төмендеуі оларды көбейтеді.

35. Жұмыссыздық формалары. Оукен заңы.

Жұмыссыздықтың негізгі типтері: фрикциондық, құрылымдық, циклдік.

Фрикциондық жұмыссыздық - жұмысты іздеу және күтумен байланысты. Бұл өзіндік Иваливинациясы мен жеке қалауына лайықты жұмыс орнын іздеу белгілі уақытты қажет ететін адамдар арасындағы жұмыссыздық. Жұмыс орнына талапкерлер және ваканциялар туралы ақпарат жетілменген және оның таралуы белгілі уақытты қажет етеді. Жұмыс күшінің территориялық армасуы да бір кезде болмауы. Жұмыссыздардың бір бөлігі мекен–жайы, мамандығы, қызығушылығы өзгеруіне байланысты жұмыстан өз еркімен босайды. Сондықтан, фрикционды жұмыссыздың қысқа мерзімді және көбінесе, еркін болады: бұл катигориядағы жұмыссыздар да еңбек нарығында сатуға болатын жұмысқа «дайын» дағдысы болады.

Құрылымдық жұмыссыздық. Жұмыс күшіне сұраныс құрылымын өзгертетін өндірістегі технологиялық алға жылжуымен байланысты. Бұл ГТП себебінен экономикаға қажеттілігі азайған менен «ескірген» мамандығы бар адамдар арасындағы жұмыссыздық. Құрылымдық жұмыссыздық көбінесе, амалсыздан және қзағырақ уақыт болады, өйткені бұл катигориядағы жұмыссыздардың сатуға «дайын» жұмысқа деген бейімі жоқ және жұмыс орнына ие болу мекен–жайын ауыстырумен қатар жүретін профессоиналды (мамандық) қайта маманданумен байланысты.

Фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздықтың үйлесімі (бірге болуы) потенциалды ЖҰӨ-ге сәйкес келетін жұмыссыздықтың табиғи деңгейін құрайды (немесе толық жұмысбастылық кеіндегі жұмыссыздықтың деңгейі). Бір қатар экономистер құрылымдық өзгерістер арқасында пайда болған жұмыссыздыққа қатысты «табиғи» деген терминді пайдалануды дұрыс емес деп есептейді.

Циклдік жұмыссыздық – бұл жұмыссыздықтың нақты деңгейінің табиғи деңгейінен ауытқуы. Циклдың құлдырау кезінде циклдың жұмыссыздық фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздықты толықтырады; циклдың көтерілу кезінде циклдық жұмыссыздығы болмайды.

Жұмыссыздықтың нақты (фактический) және табиғи деңгейілерін есептеу кейбір адамдар жұмысы бар және жұмыссыз катигориясына жатқызу критерилері жеткілікті өзгермелі болуына байланысты күрделенеді. Әдетте, жұмыссыздарға статистикалық зерттеу жүргізу кезінде жұмысы болмағандар, бірақ белсенді жұмыс іздеп тез арада жұмысқа кірісуге дайын адамдарды жатқызады. Жұмысы бар адамдар және толық емес жұмыс күні немесе апта бойынша жұмыс жасайтындар жұмысбастылықтың катигориялары.

Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі – елдегі алдыңғы 10 жыл (бұданұзақ кезең) және кейінгі 10 жылдағы күтілген инфляция деңгейінің ықтимал динамикасының есепке ала отырып болжамдалған бағалаулар пайдаланылады. Ішіндегі жұмыссыздықтың фактіге негізделген (фактический) деңгейінің орташа көрсеткіші нәтижесінде анықталады.

Ұзақ мерзім уақытында жұмыссыздықтың табиғи деңгейінің өсу тенденциясы келесімен байланысты:

1) жұмыс күші құрамында жастар үлесінің жоғарылауымен;

2) жұмыс күші арасында әйелдер үлесінің жоғарылауымен;

3) экономикада құрылымдық өзгерудің өте жиі болуымен.

Оукен заңы жұмыссыздың деңгейінің өзгеріп құбылуын ЖҰО – ның өзгеріп құбылуымен байланыстырады.

  1. У – У*

У* = - β (u - u*), бұл жерде

У - өндірістің шын мәніндегі көлемі. У* - потенциалды ЖҰО U – жұмыссыздықтың шын мәніндегі көлемі U* - жұмыссыздықтың табиғи деігейі

Β–ЖҰО–ның, циклдің жұмыссыздық динамикасына сезімталдылығының эмперизмдік коэффициенті.

Егер жұмыссыздықтың шын мәніндегі деңгейі табиғи деңгейден 1% жоғары болса, онда өндірістің шын мәніндегі көлемі потенциалдан β% төмен болады.

Β коэффиценті эмперизмдік жолмен орнатылады, бұл циклдің жұмыссыздық арқасында пайда болған ЖҰО маңызды шығындары туралы мәлімдейді.

2) У – У = 3 % - 2(u – u ), бұл жерде

У

У – ағымдағы жылдағы шын мәніндегі көлемі.

У - өткен (алдағы) жылдағы шын мәніндегі өндіріс көлемі.

U – ағымдағы жылдағы жұмыссыздықтың шын мәніндегі деңгейі

U - өткен жылдағы жұмыссыздықтың шын мәніндегі көлемі.

Егер жұмыссыздықтың шын мәніндегі деңгейі өтке жылдың көрсеткішіне қарағанда өзгермесе, нақты ЖҰО-ның өсу қарқынын (темп) жылда 3% құрайды. Бұл қарқын тұрғандардың өсімі, капиталдың қорлануы және ҒТП пен қамтамасыз етілді. әрбір жұмыссыздық деңгейінің 1%-ға өзгеруінде (өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда) нақты ЖҰО-ның өсу қарқыны 2% - ға төмендейді.

36. Инфляция деңгейі. Инфляция түрлері.

Инфляция бағаның, орташа, жалпы деңгейі жоғарлауының тұрақты тенденциясы.

Инфляция жағдайында әр түрлі бағалар бір қалыпта өзгермейді: кейбір бағалар тез жоғарылайды, басқалары жәй өседі, қалғандары өзгеріссіз қалады.

Дифляция – бағаның орташа (жалпы) деңгейі төмендеуіне тұрақты тенденция.

Инфляцияның деңгейі (бағаның өсу қарқыны) – бағаның орташа жалпы деңгейінің салыстырмалы өзгеруі. Макроэкономикалық модульдерде инфляция келесі түрде көрсетілуі мүмкін:

Π = Р – Р

Р бұл жерде

Р – ағымдағы жылда бағаның орташа деңгейіР - өткен жылдағы бағаның орташа деңгейі

Бағаның орташа деңгейі баға индексімен есептеледі.

Дизинфляция – инфляция деңгейінің төмендеуі (бағаның өсу қарқыны)

Сұраныс инфляциясы – толық жұмысбастылыққа жақын жағдайларда артық жиынтық шығындар (жиынтық сұраныс) нәтижесінде пайда болады.

Шығындар инфляциясы - өнім бірлігіне орташа шығындардың көбеюі жиынтық ұсынысының төмендеуі нәтижесінде пайда болады. Инфляцияның бұл типі стафляцияға әкеледі, яғни өндірістің төмендеуі көрінісінде инфляция мен жұмыссыздықтың бір уақытта өсуі. Орташа шығындарды жоғарлату фирма табысын біршама төмендетеді, бұл жалпы жиынтық ұсыныстың төмендеуіне және фирма өндірісінің төмендеуіне әкеледі. Жиынтық ұсыныстың бұрынғы деңгейінде жиынтық ұсыныстың төмендеуі иннфляция қарқыны өсуіне және бағаның орташа деңгейініңөсуіне әкеледі.

Шығын инфляциясы белгілі дәрежеде өзін - өзі реттейді. Өндірістің құлдырауы өндіріс шығындарының қосымша өсуін тоқтатады, өйткені үдеуші жұмыссыздық деңгейінде номиналды жалақы бірте–бірте төмендейді.

Сұраныс инфляциясының шығындар инфляциясымен бірігуі инфляцияның шиыршықты жасайды, экономикалық агемиттердің жоғарлаған (өскен) инфляциялық күтімдері беріліс механизм рөлін атқарады. Жиынтық сұранысты қысқа мерзім уақытқа ынталандыруға бағытталған салықты бюджеттік немесе ақша–несиелік экспансия, экономикалық мүмкіншілігінше ресурстардың толық жұмысбастылық жағдайына жақындауына байланысты сұраныс инфляциясын пайда болдырады. Сұраныс инфляциясы жағдайында экономикалық агемиттер бірте–бірте өз мінез–құлқын өзгертеді. Инфляцияның нақты табыс деңгейіне әсері қарама–қайшылықта болады. Күтілген немесе күтілмеген болуына байланысты инфляция табысты қайта бөлуге әсері әр түрлі болады.

Күтілген инфляция жағдайында табыс алушы инфляцияның негативті зардаптарын азайту немесе болдырмауы үшін шаралар қолданылуы қажет, кері жағдайда олар оның нақты табысының мөлшеріне әсер береді. Номиналды тасбыстарды түзету Фишер теңдеуін есепке алып әске асыруға болады: I = r + п, i және r – номиналды және нақты % - тін ставка (сәйкесінше), ал п - күтілген инфляция деңгейі. Инфляцияың қарқыны 10% - тен жоғары болғанда, Фишер теңдеуі мынадай түрде болады: z = I – п

1+п Күтілмеген инфляция тұрақты табыстардың барлық түрлерінің төмендеуіне әкеледі және бағаның орташа деңгейінен гөрі номиналды табыстары тез өсетін экономикалық агенттерге «субсидия береді». next Күтілмеген инфляция жағдайында өсімге алушылар кридитрорлар есебінен пайда табады, өйткені қарызды олар құнсызданған ақшамен қайтарады.

Бірталай мемлекеттік қарыз жинақтаған үкіметтер, көбінесе қарыздың салыстырмалы құнсыздануына мүмкіндік туғызатын инфляцияны қысқы мерзімдік ынталандыру саясатын жүргізеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]