Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Theory of economy.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
100.75 Кб
Скачать

32. Жұө және оны өлшеу әдістері

Жалпы ұлттық өнімді өлшеудің үш әдісі бар:

  1. Шығын әдісі (түпкі пайдалану) Табыс әдісі (бөлу) Қосылған құн әдісі (өндірістік)

ЖҰӨ-ді шығын әдісімен есептегенде үй шаруашылықтарының, фирмалардың, мемлекеттің, шет мемлекеттердің барлық экономикалық агенттерінің шығындары қосылады:

GNP = C + I + G + Xn;

мұндағы: C - тұтыну, яғни үй шаруашылықтарының тауарлар мен қызметтерге кететін шығындары (тұрғын үй сатып алу шығындары кірмейді);I – инвестициялар – ол негізгі өндірістік қорларға, запастарға, үй құрылысына инвестициялар;G - тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу. Мысалы: мектепті, жолдарды салу, армияны, мемлекеттік аппараттарды қамтамасыз ету. Бірақ бұған трансферттік төлемдер кірмейді;Xn - таза экспорт, бұл импорт пен экспорттың көлемдерінің айырмасы.

Бұл теңдікті негізгі макроэкономикалық теңдік деп атайды. ЖҰӨ-нің құраушы элементтері C, I, G, Xn – ол шығындар жасайтын сатып алушылардың типтерімен ерекшеленеді.

Мысалы: үй шаруашылығымен сатып алынған автомобиль тұтыну шығындарына қосылады, егер ол фирмамен сатып алынған болса, онда жалпы инвестиция құрамында негізгі қорға қосылады. ЖҰӨ-ге алдыңғы жылдары өндірілген заттарды сатып алуға жұмсалған шығындар кірмейді (мысалы 5 жыл бұрын салынған үй), сонымен бірге аралық өнімді сатып алуға кеткен шығындар кірмейді. ЖҰӨ-де ең көп үлесті тұтыну шығындары алады, ал ең өзгермелісі- инвестициялық шығындар.

ЖҰӨ-ді өндірістік әдіспен өлшегенде түпкі өнім өндірісінің әрбір сатысында қосылатын құн қосылады. Қосылған құн – ол фирмамен өндірілген құннан шикізаттар мен материалдарды сатып алуға жұмсалған соманың айырмасы. Бұл әдіс ЖҰӨ-гі әртүрлі фирмалар мен салалардың үлесін есепке алуға мүмкіндік береді. Экономика үшін қосылған құнның барлық сомасы түпкі өнімдер мен қызметтердің сомасына тең болуы керек.

ЖҰӨ-ді табыс әдісімен есептегенде барлық факторлық табыстар (жалақы, рента, процент және пайда) қосылады: Y = W + R + N + P;

мұндағы: W - жұмысшылар мен қызметкерлердің жалақысы;

R - жерді, тұрғын үйді және т.б. жалға беру арқылы алынған рента;N - пайыз (үй шаруашылығында жиналған ақша капиталынан түскен табыстар түріндегі);P – пайда (корпорациялардың пайдасы, акционерлерге төленетін дивиденттер, бөлінбейтін пайда, мемлекетке түсетін корпорацияның пайдасына салық).

Көп жағдайда ЖҰӨ-ді өлшеудің өндірістік және түпкі пайдалану әдісі қолданылады.

Ұлттық өндірістің макроэкономикалық көрсеткіштері нарықтық бағалар арқылы көрсетіледі. Олар ағымдағы бағалармен өлшенген жағдайда олардың мөлшері номиналды (атаулы) шама түрінде болады. Егер де тұрақты шамалар пайдаланылса, онда нақты шаманы көрсетеді. Осыған байланысты ЖҰӨ номиналды және нақты деп ажыратылады.

Номиналды ЖҰӨ - тауарлар мен қызметтер өндірісінің ағымдағы бағалармен көрсетілген көлемі. next

Нақты ЖҰӨ - тауарлар мен қызметтер өндірісінің тұрақты бағалармен көрсетілген көлемі. Баға деңгейі жылдар бойы тұрақты емес, олар өзгеріп тұруы мүмкін. Сондықтан баға индексі түрінде көрсетілетін баға деңгейі ЖҰӨ-мен салыстыру үшін әртүрлі жылдарға есептелінеді.

Ағымдық жылдағы ағымдағы жылдағы тауарлар бағасы

баға индексі = ------------------------------------------------------- 100%

базалық жылдағы сол тауарлар бағасы

Тек ғана тұтыну тауарларына есептелген баға индексі тұтыну тауарларының индексі деп аталады. Тұтыну ғана емес, сондай-ақ инвестициялық және басқа тауарлардың бағалар өзгерісін сипаттайтын баға индексі ЖҰӨ дефляторы деп аталады. Ол ағымдағы бағалардың базистік кезеңдегі баға деңгейіне қатынасын, яғни өндіріс көлемін емес, бағалардың салыстырмалы өзгеруін сипаттайды.

Номиналды ЖҰӨ

ЖҰӨ дефляторы = ---------------------------- 100 %

Нақты ЖҰӨ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]