
- •Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
- •«Тіршілік қауіпсіздігі негіздері»
- •Түркістан лекция тезистері
- •1.2 Қауіпсіздік түсінігі, курстың негізгі міндеттері.
- •1.3 «Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың пайда болуына әкелген апаттарды, ауыртпалықтар мен алапаттар себептерін тергеу ережелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы.
- •2.1 Азаматтық қорғаныс жүйесінің құрылымы мен рөлі.
- •2.2 Азаматтық қорғаныс курсының мақсаттары мен міндеттері.
- •2.3 Халықты психологиялық дайындыққа әзірлеу.
- •5.4 Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі Азаматтық қорғаныстың міндеттері.
- •3.1 Қауіпті өндірістік және тұрмыстық факторлар
- •4.1 Иондаушы сәуле шығару
- •4.2 Сыртқы және ішкі сәулелену
- •4.3 Радиациялық қауіпсіздіктің негізгі принциптері.
- •5.1 Өмір сүру ортасының антропогендік қауіп қатері.
- •5.2 Қышқыл жаңбырлар.
- •5.3 Парниктік эффект. Озон қабатының бұзылуы.
- •Опырмалар
- •Қар басу.
- •Табиғи өрттер.
- •7.4 Ядролық зақымдану ошақтарындағы құтқару жұмыстары.
5.1 Өмір сүру ортасының антропогендік қауіп қатері.
Бұл күндері адамның өзі жасаған жаңа өмір сүру ортасына және техносфераға байланысты өмір-тіршілікке қауіп төніп тұр. Себебі адам өмір сүру ортасының жағдайымен санаспай ойсыз іс-әрекет жасауының арқасында, техникалық жоғары деңгейге жетпегендігінің кесірінен өз өміріне қауіп-қатер туғыза бастады.
Сонымен адам қауіпсіздік жүйесінде үш түрлі рөл атқарады:
- қорғау объектісі ретінде;
- қауіпсіздікті қамтамасыз ету құралы ретінде;
- қауіп-қатердің көзі ретінде.
Антропогендік қауіп адамдардың шаруашылық іс-әрекетінің және өзі құрған объектілерінің жұмысының нәтижесінде пайда болады әрі адамдардың денсаулығына және өмір сүру ортасына кері әсерін тигізеді.
5.2 Қышқыл жаңбырлар.
Қазіргі күннің экологиялық проблемаларының бірі – қышқыл жаңбырлар. Жаңбыр суы ең таза сулардың бірі болу керек, бірақ олай емес. Атмосфера құрамына енген өндіріс қалдықтары – күкірт диоксиді және азот оксидтері атмосфераға еніп, ондағы ылғалмен әрекеттесіп, күкірт және азот қышқылдары түзіледі. Нәтижесінде жерге жауатын жаңбыр мен қар қышқылданады, әдетте рН мәні 5,6-дан төмен жауын шашынды қышқыл жаңбырлар деп атайды.
Қышқыл жаңбыр деген түсінікті алғаш рет 1872 жылы Британ зерттеушісі Роберт Смит ендіріпті.
Қышқыл жаңбырлар түзілуінде SO2 үлесі шамамен 70%-дай, қышқылдық әсердің 20-30%-ы басқа заттарға байланысты. Қышқыл жаңбырлардың болуына ауадағы СО2-де әсер етеді. Осы газдың ауада әр уақытта болуына байланысты жауын-шашын суларының сутектік көрсеткіші 5,6-ға тең (рН=5,6). Қышқыл жаңбырлар алғаш рет 1907-1908 жылдары Англияда байқалды. Қазір рН=2,2-2,3 жауын-шашындар жиі болып тұрады.
Қышқыл жаңбырлар Скандинавия елдерінде, Англияда, Германияда, Бельгияда, Данияда, Польшада, Канадада және Ақш-тың солтүстік аймақтарында жиі болып тұрады. Ресей территориясында бұндай жаңбырлар Норильск, Челябинск, Красноярск және басқа да өндірісті аймақтарда болып тұрады. Кейбір қалаларда жаңбыр қышқылдығының 70-90 %-ы автотранспорттық ластануға байланыс-ты. Мысалы, Санк-Петербургте жаңбыр суының қышқылдығы 4,08-ден 3,7-ні құрайды.
Қышқыл жаңбырлардың әсері әр түрлі. Олар топыраққа, су экожүйесіне, өсімдіктерге, архитектуралық ескерткіштерге және тағы басқа объектілерге зиянды әсер етеді.
Қышқыл жаңбырлардың топыраққа әсері. Топыраққа түскен бұндай жауын катиондардың қозғалысы мен олардың шайылуын көбейтеді, редуценттердің, азотұстағыштардың және топырақтағы басқа организмдердің белсенділігін азайтады. Егер де рН=5 немесе одан да төмендеп кетсе, ол жағдайдағы топырақтағы минералдардың ерігіштігі күшейеді, олардан бос күйінде улылығы жоғары алюминий босап шығады. Қышқыл жаңбырлар ауыр металдардың да (кадмий, қорғасын, сынап) мөлшерін көбейтеді. Қышқыл жаңбырлар мен олардың әсерінен босап шыққан химиялық заттар (металдар, нитраттар, т.б.) жер асты суларына, су қоймаларына, су құбырларына қосылып ауыз судың сапасын нашарлатады.
Қышқыл жаңбырлардың су экожүйелеріне әсері. Су көздерімен қосылып қышқылдық жауындар судың қышқылдығы мен тұздылығын көбейтеді. Көптеген гидробионаттар осы көрсеткіштердің өзгерісіне өте сезімтал келеді. Судың рН<6 болған жағдайда ферменттердің, гармондардың және судағы басқа да организмдердің өсіп дамуы төмендейді.
Қазіргі уақытта Жер бетінде өзінің тіршілік ағзаларынан айрылған мыңдаған көлдер бар. Швецияның, Норвегияның және Канаданың көлдері мен өзендерінің 20 %-ында тіршілік иелері жоқ. Мысалы, тек Швецияның 14 мың көлінде аса сезімтал организмдер жойылған, ал 2200 көлінде бірде бір тіршілік иелері жоқ.
Қышқылдық жаңбырлардың және атмосфералық ластанудың орманға әсері. Бұл факторлар орман ағаштары мен басқа да өсімдіктерге орасан зор зиян келтіреді. Бұндай жауын-шашындар топырақ пен өсімдіктерден биогенді элементтердің (кальций, магний, калий), қанттардың, ақуыздардың, аминқышқылдарының азаюына әкеледі. Олар ағаштардың сыртқы қабықтарын бүлдіріп, олардың ішіне патогендік бактериялар мен саңырауқұлақтардың кіруіне, осылармен қоректенетін көптеген жәндіктердің пайда болуына жағдай жасайды. Осының нәтижесінде фитоценоздардың өнімділігі төмендейді, ал кейде олардың жалпылама өлімі болуы мүмкін. Осындай жаңбырлардың әсерінен алюминий мен басқа ауыр металл иондарының әсері күшейеді, ал олар ағаштардың түбірлерін бүлдіреді, инфекциялардың кіруіне жағдай жасайды, осының нәтижесінде ағаштардың тым ерте қартаюы болады (Альцгеймер ауруы). Қышқылды жауын әсеріне шыршалы ағаштар аса сезімтал келеді.
Атмосфера мен топырақтың ластануы кесірінен жойылған ормандар аймақтары Германия, Швеция, Финляндия, Австрия, Польша, Канада, АҚШ елдерінде көп кездеседі. Германияда 1980 жылдардың басында ормандардың жалпы түрде бүлінуі байқалды. Осы кезде шыршалы ағаштардың 80-90 %, ал жалпы басқа барлық ағашты өнімдердің 10 % бүлінді. Ресей территориясында 1,5-2,0 млн.га орман бүлінген. Негізгі бүліну аймақтары Норильск, Мончегорск, Братск аудандарында.